135
6.3-кестенің жалғасы
5
Мектепке дейiнгi
балалар мекемелерiнде
балаларды асырауға
арналған төлемдердi
қайтару жəне ата-аналар
алдындағы берешекті
өтеу
1232 Төлемдердің
арнайы төлем
түрлері бойынша
қысқа мерзімді
дебиторлық
берешек
1010 Кассадағы ақша
қаражаты
1042 Ақылы қызметтер
ҚБШ
Қайтарылған сомаға
ақылы қызмет кірістерін
азайтуға бір уақытта
екінші жазу беріледі
6110 Тауарларды
(жұмыстарды,
көрсетілетін
қызметтерді)
өткізуден алынатын
кірістер
1232 Төлемдердің
арнайы төлем түрлері
бойынша қысқа мерзімді
дебиторлық берешек
Мемлекеттік мекеменің ақылы қызметтерінен түскен сома 1042 «Ақылы
қызметтер ҚБШ» қосалқы шотының дебеті жəне 1231 «Сатып алушылар мен
тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 2210 «Сатып
алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі»
шоттарының тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.
Мектеп-интернаттарда жəне мектеп жанындағы интернаттарда балаларды
ұстауға төлемді есептеу мынадай жазбамен көрсетіледі: 1232 «Төлемдердің
арнайы төлем түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек»
қосалқы шотының дебеті жəне 6110 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді) өткізуден алынатын кірістер» шотының кредиті.
Балаларды күтіп-ұстауға төлемнің түсуі: 1010 «Кассадағы ақша қаражаты»
шотының, 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотының дебеті жəне 1232
«Төлемдердің арнайы төлем түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық бе-
решек» қосалқы шотының кредиті.
Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде балаларды күтіп-ұстағаны үшін
төлемді қайтару жəне ата-аналар алдындағы берешекті өтеу: 1232 «Төлемдердің
арнайы төлем түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы
шотының дебеті жəне 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының, 1042
«Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотының кредиті; бір мезгілде қайтару со-
масына сатудан кірістің азаюы 6110 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді) өткізуден алынатын кірістер» шотының дебеті жəне 1232
«Төлемдердің арнайы төлем түрлері бойынша қысқамерзімді дебиторлық бе-
решек» қосалқы шотының кредиті бойынша жүзеге асырылады.