Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Бюджетке төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек



Pdf көрінісі
бет141/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

Бюджетке төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек



Операция 

мазмұны

Дт

Кт

1

Еңбекақыдан жеке 



табыс салығын 

ұстап қалу



3241 Еңбекақы 

төлеу бойынша 

қызметкерлерге қысқа 

мерзімді кредиторлық 

берешек

3121 Жеке табыс салығы 

бойынша қысқа мерзімді 

кредиторлық берешек

2

Əлеуметтік салықты 



есептеу

7040 Əлеуметтік салыққа 

арналған шығыстар



3122 Əлеуметтік салық 

бойынша қысқа мерзімді 

кредиторлық берешек

3

Қоршаған ортаны 



ластағаны үшін 

төлемді есептеу



7140 Өзге операциялық 

шығыстар


3123 Қоршаған ортаны 

ластағаны үшін төлем 

бойынша қысқа мерзімді 

кредиторлық берешек

4

Есептелген салықты 



аудару

3121 Жеке табыс салығы 

бойынша қысқа мерзімді 

кредиторлық берешек

3122 Əлеуметтік салық 

бойынша қысқа мерзімді 

кредиторлық берешек

1081 Жеке қаржыландыру 

жоспары бойынша 

міндеттемелер қабылдауға 

арналған жоспарлы 

тағайындаулары

Бюджетке əлеуметтік салық төлеген кезде 3122 «Əлеуметтік салық бойын-

ша  қысқа  мерзімді  кредиторлық  берешек» қосалқы шоты дебеттеледі жəне 

ақша қаражаты шотының тиісті қосалқы шоты кредиттеледі. 

Бюджетке қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем сомасын, мемлекеттік 

баж  бойынша  жəне  басқа  төлемдер  бойынша  төлем  сомасын  есептеу  мына-

дай  жазбамен  жүргізіледі: 7140 «Өзге  операциялық  шығыстар»  шотының 

дебеті  жəне 3123 «Қоршаған  ортаны  ластағаны  үшін  төлем  бойынша  қысқа  

мерзімді  кредиторлық берешек», 3124 «Бюджетке өзге салықтар жəне басқа 

да  міндеттемелер  бойынша  қысқа  мерзімді  кредиторлық  берешек»  қосалқы 

шотының кредиті.

Есептелген соманы аудару мынадай тізбекпен көрсетіледі: 3123 «Қоршаған 

ортаны  ластағаны  үшін  төлем  бойынша  қысқа  мерзімді  кредиторлық  бере-

шек», 3124 «Бюджетке өзге салықтар жəне басқа да міндеттемелер бойынша 

қысқа  мерзімді  кредиторлық  берешек»  қосалқы  шотының  дебеті  жəне  Шот-

тар  жоспарының  «Ақша  қаражаты  жəне  олардың  баламалары»  бөлімшесі 

шотының тиісті қосалқы шотының кредиті. 

Қызметкерлердің  əлеуметтік  сақтандыруға  аударымдары  міндетті 




152

əлеуметтік  сақтандыру  туралы  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында 

көзделген мөлшерде жүргізіледі.

Мемлекеттік  əлеуметтік  сақтандыру  қорына  міндетті  əлеуметтік  есеп-

теулер  сомасын  есептеу  мынадай  жазбалармен  жүзеге  асырылады: 3122 

«Əлеуметтік салық бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы 

шотының  дебеті  жəне 3141 «Мемлекеттік  əлеуметтік  сақтандыру  қорына 

міндетті əлеуметтік аударымдар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық бере-

шек»  қосалқы  шотының  кредиті; 3141 «Мемлекеттік  əлеуметтік  сақтандыру 

қорына міндетті əлеуметтік аударымдар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық 

берешек»  қосалқы  шотының  дебеті  жəне 1081 «Жеке  қаржыландыру  жоспа-

ры бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 

1091 «Жеке  қаржыландыру  жоспарына  бойынша  міндеттемелер  қабылдауға 

арналған жоспарлы тағайындаулары», 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы 

шотының кредиті. 

Мемлекеттік  мекеме  əлеуметтік  салықты  есептеуді  мынадай  жазбамен 

көрсетеді: 7040  «Əлеуметтік  салыққа  арналған шығыстар» шотының дебеті 

жəне 3122 «Əлеуметтік салық бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» 

қосалқы шотының кредиті. 

Қызметкерлерге уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жəрдемақы есеп-

теу  мынадай  жазбамен  көрсетіледі: 3244 «Уақытша  еңбекке  жарамсыздығы 

жөнінде  қызметкерлерге  əлеуметтік  жəрдемақы  бойынша  қысқа  мерзімді 

кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті жəне 3241 «Еңбекақы төлеу 

бойынша  қызметкерлерге  қысқа  мерзімді  кредиторлық  берешек»  қосалқы 

шотының  кредиті.  Уақытша  еңбекке  жарамсыздық  бойынша  есептелген 

жəрдемақы  сомасына  əлеуметтік  салық  бойынша  берешектің  азаюы  мына-

дай жазбамен көрсетіледі: 3122 «Əлеуметтік салық бойынша қысқа мерзімді 

кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті жəне 3244 «Уақытша еңбекке 

жарамсыздығы жөнінде қызметкерлерге əлеуметтік жəрдемақы бойынша қысқа 

мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті. Уақытша еңбекке 

жарамсыздық бойынша жəрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының еңбек 

заңнамасында белгіленген нормалар шегінде жүзеге асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет