1260 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі».
174
бухгалтерлiк қызметтiң қызметкерлерi өткен аванстар бойынша есеп беруге
жауапты тұлғаның берешегінің жоқ екендігі туралы белгi жасалады.
Есептілікке берiлген ақша оларды беру кезінде көзделген мақсаттарға ғана
жұмсала алады. Есептілікке жауапты тұлғалар жүргізілген шығыстарды рас-
тайтын құжаттарды қосу арқылы аванстық соманың жұмсалуы туралы есеп
ұсынады. Аванстық есепке қоса берілген құжаттарді оларды есепте жазу
тəртібімен есеп беретін тұлға нөмірлейді.
Қызметкер іссапардан оралғаннан кейін 5 жұмыс күн ішінде, аванстық
есеп беруге мiндеттi. Аванстың пайдаланылмаған қалдығын есеп беретін тұлға
аванстық есепті тапсырғаннан кейін, 3 жұмыс күннен кешіктірмей қайтаруы
тиіс. Есеп беретін тұлғаға жаңа аванстар беру бұрын берілген авансты қайтарған
кезде ғана жүргізіле алады.
Корпоративтік төлем карточкасы бойынша ағымдағы шоттан ақша
қаражатын пайдалану туралы есеп беретін тұлғалар корпоративтік төлем кар-
точкасын қолдана отырып жүргізілген төлемдердің растауы болып табылатын
құжаттарды қоса бере отырып аванстық есепті ұсынады. Бухгалтерлiк қызметте
аванстық есептер арифметикалық түрде тексеріледi, сондай-ақ құжаттарды
ресімдеудің дұрыстығы мен қаражаттыңмақсатқа сай жұмсалуы тексеріледі.
Тексерілген аванстық есептерді мемлекеттік мекеменің басшысымен бекітеді.
Есеп беретін тұлғаларға берiлген сомаға 1261 «Есеп беретін сомалар бо-
йынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы
шоты дебеттеледі жəне Шоттар жоспарының «Ақша қаражаты мен олардың
баламалары» кіші бөлімі шоттарының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі.
Аванстың жұмсалған сомасына жəне есепке берілген соманың қайтарылған
қалдықтарына 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа
мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының кредитіне жəне 1010
«Кассадағы ақша қаражаты», 7070 «Іссапарларға арналған шығыстар», 7140
«Өзге операциялық шығыстар», 1310 «Материалдар» шотының тиісті қосалқы
шотының дебетіне жазбалар жүргізіледі [8.1-кесте].
8.1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: