Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Республикалық жəне жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын
мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізудің тəртібі Бухгалтерлік
есеп ережесімен жəне «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шот-
тарын жүргізу жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы
министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығы (Қазақстан Респуб-
ликасы Əділет министрлігінде 2010 жылғы 29 маусымда №6314 болып
тіркелген), «Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есеп шоттарының жоспа-
рын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы
15 маусымдағы №281 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 11 шілдедегі №338
бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде 2012 жылғы 06
тамызда №7830 болып тіркелген), енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды
ескере отырып мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі шоттарының
жоспарын жүзеге асырады.
Бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері бюджетті атқару жөніндегі
28
орталық уəкілетті органмен келісім бойынша өз жүйесінің мемлекеттік
мекемелерінде олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып жəне
мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді жəне есеп саясатын
сақтай отырып, бухгалтерлік есеп жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тəртібі
туралы нұсқаулар беруі мүмкін.
Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есепті Бухгалтерлік есеп ережесіне
сəйкес бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлік нысаны бойынша жүзеге
асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |