312
15.3-кестенің жалғасы
4
Аванстың
қолданылмаған сомасын
қайтару
3410 Алынған қысқа
мерзiмдi аванстар
1000 Ақша қаражаты
жəне олардың
баламалары
5
Есепті кезеңнің
аяғында валюталар-
ды айырбастаудың
нарықтық бағамының
өзгеруі нəтижесінде
шетел валютасында
алынған аванстар
7430 Бағамдық
айырма бойынша
шығыстар
3410 Алынған қысқа
мерзiмдi аванстар
Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамының өзгеруі нəтижесінде
шетел валютасында алынған аванстар бойынша кредиторлық берешек
төмендегенде 3410 «Алынған қысқа мерзiмдi аванстар» шотының дебеті жəне
6340 «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер» шотының кредиті, керісінше
жоғарылағанда 7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар» шотының дебеті
жəне 3410 «Алынған қысқа мерзiмдi аванстар» шотының кредиті бойынша
корреспонденция жүргізіледі.
Талап арыздың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
мерзімі өтіп кеткеннен кейін алынған аванстар бойынша талап етілмейтін
кредиторлық берешекті есептен шығару 3410 «Алынған қысқа мерзiмдi аванс-
тар» шотының дебеті жəне 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті бойынша
көрсетіледі.
Есепті кезеңдердің арасындағы кірістердің ара жігін ажырату мемлекеттік
мекеменің қаржы қызметінің қорытындыларын нақты анықтау жəне объективті
қаржылық есептілікі жасау үшін қажет.
Ағымдағы кезеңге (ай, тоқсан) жататын төлемдердің сомасы 4310 «Алдағы
кезеңдердің кірістері» шотының дебетінен Шоттар жоспарының кірістерін
есепке алудың тиісті шотының кредитіне есептен шығарылады.
1410 «Берілген қысқа мерзімді аванстар» жəне 3410 «Алынған қысқа
мерзімді аванстар» (тамақ өнімдеріне аванстарды қоспағанда) шоттары бой-
ынша есеп айырысулардың талдама есебі əр өнім беруші үшін ай ішіндегі опе-
рацияларды көрсету үшін қажет жолдар саны берілетін Нысандар альбомының
408 нысанды жинақтау ведомосінде (7-мемориалды ордер) жүргізіледі.
Жинақтау ведомосінде жазбалар операциялар жасау шамасына қарай əрбір
құжат (шот) бойынша жүргізіледі.
Өнім беруші төлемді мемлекеттік мекеменің немесе орталықтандырылған
бухгалтерияның кодына қайтарған жағдайда, «Басты журнал» кітабына жаз-
313
балар осы соманы ескерусіз жүргізіледі. Болашақ кезеңнің кірістері мен
шығыстарының талдама есебі Нысандар альбомының 292-а нысанды кар-
точкаларында (Нысандар альбомының 292 нысанды кітабында) жəне Ны-
сандар альбомының 460 нысанды жəне 461 нысанды Шығыстардың əр түрі
(тобы) бойынша болашақ кезеңдердің шығыстары мен кірістерін есепке алу
ведомостерінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: