321
тер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар»,
1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы
тағайындаулар» қосалқы шоты дебеттеледі.
Субсидиялар бойынша кірістер ретінде жеке жəне заңды тұлғаларға, оның
ішінде шаруашылық қожалықтарға немесе фермерлік шаруашылықтарға суб-
сидиялар бойынша бюджетттік қаржыландырудың сомасы ескеріледі.
Субсидиялар бойынша бюджеттен жоспарлы тағайындаулар алу 1085
«Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы
тағайындаулар», 1094 «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға
арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті жəне 6040 «Суб-
сидиялар төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін кірістер» шотының
кредиті бойынша көрсетіледі.
Демеушілік жəне қайырымдылық көмектен түсетін кірістер ретінде ныса-
налы немесе сөзсіз сипаттағы ақшалай түрде түскен қайырымдық жəрдем ету
түсімдері ескеріледі.
Демеушілік жəне қайырымдылық көмек қаражатының түсімі мынадай
жазбамен көрсетіледі: Шоттар жоспарының активтері тиісті шотының 1041
«Демеушілік жəне қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шотының дебеті
жəне 6050 «Демеушiлік жəне қайырымдылық көмектен алынатын кірістер»
шотының кредиті.
Гранттар бойынша кірістер ретінде донорлардан алынған қайтарусыз
гранттар (қайтарусыз қаржылық көмектің) сомасы ескеріледі.
Ақша қаражаты түрінде гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық
жобаның арнайы шотына қаражаттың түсуі 1061 «Гранттар бойынша бюджеттік
инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шотының дебеті жəне 6060
«Гранттар бойынша кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі жəне
кіріс ретінде мойындалады.
Бюджеттік бағдарламалар əкімшісі міндеттемелерді қабылдаған кезде
гранттар бойынша кірісті тану 1087 «Сыртқы қарыздардың жəне байланысты
гранттардың есебінен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған
жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті жəне 6060 «Гранттар бо-
йынша кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Сыртқы қарыздар есебінен күрделі салымдарға қаржыландырудың түсуі
1087 «Сыртқы қарыздардың жəне байланысты гранттардың есебінен жоба-
лар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар»
қосалқы шотының дебеті жəне 5012 «Күрделі салымдарды сыртқы қарыздар
есебінен қаржыландыру» қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Ұзақ мерзімді активтің амортизациясын есептеу кезінде бір мезгілде
сыртқы қарыздар есебінен күрделі салымдарды қаржыландыруды тұтынудан
түсетін кірісті мойындауға жазба жүзеге асырылады: 5012 «Күрделі салым-
дарды сыртқы қарыздар есебінен қаржыландыру» қосалқы шотының дебеті
жəне 6070 «Сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырудан түскен кірістер»
шотының кредиті.
322
Айырбасталмайтын операциялардан түсетін өзге кірістер ретінде
мемлекеттік мекемелер бюджетке қайтарусыз түсімдерден алынған кіріс со-
масы ескеріледі жəне 6080 «Айырбас емес операциялардан алынатын өзге
кірістер» шотында танылады.
Сондай-ақ айырбасталмайтын операциялардың тобы бар, онда
мемлекеттік мекеме алынған ресурстардың нақты құнын сəйкестендірусіз
алынған ресурстарға айырбастауға өтемақы жүргізе алады. Мұндай
жағдайларда мемлекеттік мекеме айырбасталатын жəне айырбасталмай-
тын операциялардың үйлесімін анықтауы тиіс, олардың əр құрауышы
жеке танылады. Қаржыландырудың пайдаланылмаған сомасын қайтару
6090 «Қаржыландыруды бюджетке қайтару» шотының дебеті жəне Шот-
тар жоспарының 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспа-
рына сəйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»,
1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің
міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттемелер
қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» бөлімшесінің шоты тиісті
қосалқы шотының кредиті [16.3-кесте].
16.3-кесте
Достарыңызбен бөлісу: