363
Бағалау міндеттемесін өтеуге қажет кейбір немесе барлық шығындарды
басқа тараптың өтеуі күтілген жағдайда өтем субъект міндеттемені өтегенде,
өтемнің алынуы анық болған жағдайда ғана танылуы тиіс. Өтем жеке ак-
тив ретінде есептелуі тиіс. Өтемге байланысты танылған сома бағалау
міндеттемесінің сомасынан аспауы тиіс. Қызметтің қаржы нəтижелері туралы
есепте бағалау міндеттемесіне жатқызылған шығыс өтеуге қатысты танылған
соманы шегере отырып көрсетіледі. Бағалау міндеттемелері жыл соңында
қайта қаралуы жəне ағымдағы ең жоғары есеп бағасын көрсету үшін түзеліп
отыруы тиіс. Егер мiндеттеменiң өтеуiне экономикалық пайдалар немесе пай-
далы əлеуеті бар қорлардың шығуы талап етілуіне ықтималдық жоқ болса,
онда бағалау мiндеттемелері жойылуы тиіс [19.1-сызба].
Достарыңызбен бөлісу: