392
01 «Жалға алынған активтер» шотында – сырт мемлекеттік мекемелерден
жалға алу шарты бойынша қабылданған активтер жалдау шартында көрсетіл-
ген құнда есепке алынады;
02 «Жауаптылықпен сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған
жабдықтау бойынша төленген қорлар» – шарттар бойынша ғылыми-зерттеу
жəне конструкторлық жұмыстарды орындау үшін сатып алынған арнайы
жабдықты, сондай-ақ шарттарда көзделген баға бойынша қайта өңдеуге
қабылданған шикізат пен материалдарды қоса алғанда мемлекеттік мекеме жа-
уапты сақтауға қабылдаған тауар-материалдық құндылықтар ескеріледі;
03 «Қатаң есептегі бланктер» – сақтаудағы жəне есеппен берілетін қатаң
есептілік бланкілері – министрлік, мемлекеттік комитеттер бекіткен тізбелерге
сəйкес – ақша, чек жəне есеп айырысу чек кітапшалары, түбіртек кітапшалары,
аттестаттар, дипломдар, куəлік бланкілері жəне басқа да қатаң есептілік
бланкілері, сондай-ақ баспа басылымдарына ведомстволық жазылу бойынша
абонементтер ескеріледі.
Абонемент сомасын азайту іс жүзінде алынған мерзімді баспалардың со-
масына жүргізіледі;
04 «Төлеуге қабілетсіз дебиторлардың есептен шығарылған берешегі» –
төлем қабілетсіз дебиторлардың берешегі есептен шығарылған сəттен бастап
3 жыл бойы борышкерлердің мүліктік жағдайы өзгерген жағдайда оны өндіріп
алу мүмкіндігін бақылау үшін ескеріледі;
05 «Қайтарылмаған материалдық құндылықтар үшін оқушылар мен
студенттердің берешегі» – оқушылар мен студенттердің қайтармаған киім-
кешек, төсек-орын, құралдар жəне басқа құндылықтар бойынша берешегі
ескеріледі. Оқу орнының балансынан оқудан шығып қалған оқушылар мен
студенттердің материалдық құндылықтарын есептен шығару олардың шығуы
туралы бұйрықтардың негізінде жүргізіледі. Оқушылар мен студенттер
қайтармаған материалдық құндылықтар баланстан тыс есепке алынады жəне
оларға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген
тəртіппен талап қойылады;
06 «Ауыспалы спорт жүлделері мен кубоктары» түрлі мемлекеттік мекеме-
лер бекіткен жəне олардан жеңімпаз командаларды марапаттау үшін алынған
ауыспалы сыйлықтар, тулар, кубоктар ескеріледі (осы мемлекеттік мекемеде
болған барлық кезеңі ішінде);
07 «Жолдамалар» – қоғамдық, кəсіподақтық жəне басқа ұйымдардан
қайтарымсыз алынған жолдамалар ескеріледі;
08 «Əскери техниканың оқулық құралдары» тирлерде, спорттық ату
алаңдарында, əскери пəндер кабинеттерінде орналасқан барлық жабдықтар
мен құралдар ескеріледі;
09 «Мəдени мұра активтері» – мəдени мұралық активтер (мысалы, тари-
хи ғимараттар мен ескерткіштер, археологиялық қазбалар орны, қорықтар мен
табиғи қорғалатын аумақтар, сондай-ақ өнер туындылары) ескеріледі.