23-ТАҚЫРЫП
ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ҚАҒИДАТТАРЫ
Жоспар
23.1 Есепті күннен кейінгі оқиғалар
23.2 Əділ құн
23.3 Активтердің құнсыздануы
23.4 Дисконттау қағидаттары
Осы тақырыпта мынадай ұғымдар қолданылады:
Əділ құн, активтердің құнсыздануы, дисконттау қағидаттары, түсіндірме
жазба.
23.1 Есепті күннен кейінгі оқиғалар
Қаржылық есептілік жататын есептік кезеңнің соңғы күні есепті күн деп
саналады.
Есептік кезеңнен кейінгі оқиғалар қаржылық есептілікке түсіндірме жазба-
да тиісті ақпаратты ашу жолымен көрсетіледі.
Ескертулерде ашылатын ақпарат есепті күннен кейінгі əрбір елеулі
оқиғалардың қысқа, бірақ толық сипаттамасын жəне олардың салдарын құндық
мағынамен бағалауды қамтиды [23.1-сызба].
23.1-сызба
Достарыңызбен бөлісу: |