413
«Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»
шотында ескереді. Өнім берушінің шотын төлеу кезінде тапсырыс беруші
3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек» шотын дебеттейді жəне 1080 «Республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке
қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жос-
парлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспа-
рына сəйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»
шотын кредиттейді.
Жүкті алушыға жіберілген құндылықтарға өнім берушіден алынған,
ақталу құжаттары (шоттар, жүкқұжаттар жəне басқа құжаттар) негізінде
тапсырыс беруші осы құндылықтардың сомасына 7140 «Өзге операциялық
шығыстар» шотының дебетіне жəне 3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге
қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредитіне жазба
жүргізеді. Бір мезгілде 02 «Жауаптылықпен сақтауға қабылданған немесе
орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар» баланстан тыс
шоты бойынша жүк алушы мемлекеттік мекемелер бойынша бойынша Нысан-
дар альбомының 322 нысанды журналында жазба жүргізіледі. Бұл ретте тап-
сырыс беруші жүкті алушының бухгалтерлік қызметіне тиісті республикалық
бюджеттік бағдарламалар əкімшісі белгіленген нысан бойынша хабарлама хат
жібереді. Хабарлама хатқа жіберілген құндылықтарға өнім беруші шотының
көшірмесі қоса беріледі.
Жүкті алушының бухгалтерлік қызметі өнім берушінің жіберілген матери-
алды құндылықтарына хабарлама хат пен шоттар көшірмесін алғаннан кейін
жүкті алушының мекен-жайына мынадай жазбаларды жүргізеді:
– ұзақ мерзімді активтердің құрамына кіретін, түскен жабдықтаудың неме-
се басқа заттардың сомасына Шоттар жоспарының ұзақ мерзімді активтерінің
тиісті қосалқы шотын/шотын дебеттейді жəне 5011 «Күрделі салымдарды
бюджет есебінен қаржыландыру» қосалқы шотын кредиттейді;
– түскен материалдар немесе қайтарылатын ыдыстар, іш киім, төсек орын,
киім мен аяқ-киім сомасына 1310 «Материалдар» шотының тиісті қосалқы шо-
тын дебеттейді жəне 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын
кірістер» шотын кредиттейді;
– өнім беруші жүк алушының мекен-жайына жіберген, бірақ хабарлама
хат алған сəтке дейін түспеген құндылықтардың сомасына 1350 «Жолдағы
қорлар» шотын дебеттейді жəне 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан
алынатын кірістер» шотын кредиттейді.
Бұл құндылықтарды алғаннан кейін түскен материалдардың немесе
қайтарылатын ыдыстың сомасына 1310 «Материалдар» шотының тиісті
қосалқы шоттары дебеттеледі жəне 1350 «Жолдағы қорлар» шоты кредиттеледі.
Жүкті алушының бухгалтерлік қызметі активтерді қабылданған соң тап-
414
сырыс берушіге жедел жабдықтаудың орталықтандырылған тəртібінде келіп
түскен құндылықтарды есепке алу туралы жауап хабарлама хат жіберуге
міндетті.
Тапсырыс беруші жүкті алушының бухгалтерлік қызметінен жауап ха-
барлама хатты, сондай-ақ құндылықтарды қабылдаған кезде анықталған
жетіспеушілікке жəне құндылықтардың бүлінуіне немесе заттардың жетпеген
жиынтығына актілер алған соң мынадай жазбаларды жүргізеді:
– қабылданған
материалдық
құндылықтардың
сомасына 02
«Жауаптылықпен сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған
жабдықтау бойынша төленген қорлар» баланстан тыс шотынан есептен
шығаруды жүргізеді;
– құндылықтарды қабылдаған кезде анықталған жетіспеушілік пен
құндылықтарды бүліну немесе заттардың жетпеген жиынтығы сомасына 3210
«Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»
шотын дебеттейді (өнім берушінің немесе көліктік мемлекеттік мекеменің)
жəне 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотын кредиттейді. Бір мезгілде
02 «Жауаптылықпен сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған
жабдықтау бойынша төленген қорлар» баланстан тыс шотынан есептен
шығаруды жүргізеді.
Өнім берушіге қайтарылатын ыдысты жөнелткен кезде жүк алушының
бухгалтерлік қызметі тапсырыс берушіге өнім берушілермен есеп айырысу
үшін оның санын, бағасын жəне құнын көрсете отырып ыдыстың жіберілуін
растайтын барлық құжаттарды салып жібереді жəне бұл операциялар бойынша
6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының
дебетіне жəне 1319 «Өзге материалдар» қосалқы шотының кредитіне жазба
жүргізеді.
Тапсырыс беруші есепке алуда бұл операциялар бойынша мынадай жазба
жүргізеді:
– жүк алушының бухгалтерлік қызметінен жіберілген қайтарылатын
ыдысқа құжаттарды алғанда жəне ол үшін өнім берушіге шоттар көрсеткенде
3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық бе-
решек» шотын дебеттейді жəне 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотын
кредиттейді;
– өнім берушіден бос ыдыс үшін ақша алған кезде 1080 «Республикалық
бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бо-
йынша жеке қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттемелерін қабылдауға
арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке
қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жо-
спарлы тағайындаулары» шотын дебеттейді жəне 3210 «Жеткізушілерге жəне
мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотын кредиттейді.
Қайтарылатын ыдыс былтыр сатылып алынған жағдайда, тапсырыс беруші
бұл соманы ол қаржыландырылатын бюджет кірісіне енгізеді.