II бөлім. Материалдық қорлар
Бұрын материалдық қорлар деп танылған барлық баптар көшу кезінде
қорлар ретінде тану критерийлерін ескере отырып көзделеді.
030 «Өндірістік (оқу) шеберханалар бұйымдары» қосалқы шотының саль-
досы 1330 «Дайын өнім» шотына көшіріледі.
031 «Қосалқы (оқу) ауылдық шаруашылықтардың өнімдері» қосалқы
шотының сальдосы 1330 «Дайын өнім» шотына көшіріледі.
040 «Орнатуға жабдық» қосалқы шотының сальдосы 2383 «Өзге негізгі
құралдар» қосалқы шотына көшіріледі. Активті негізгі құралдар ретінде тану
критерийлерін сақтау кезінде құрылыс үшін қажетті материалдық құндылықтар
бойынша 040 «Орнатуға жабдық» қосалқы шотының сальдосы 2383 «Өзге
негізгі құралдар» қосалқы шотына көшіріледі, активті негізгі құрал ретінде
тану критерийлерін сақтау кезінде 1310 «Материалдар» шотына көшіріледі.
041 «Күрделі құрылыс үшін құрылыс материалдары» қосалқы шотының
сальдосы 1311 «Оқу, ғылыми зерттеулер жəне өзге де мақсаттар үшін матери-
алдар» қосалқы шотына көшіріледі.
043 «Ғылыми зерттеулер үшін жəне зертханалық сынақта ұзақ пайдалану
материалдары» қосалқы шотының, 060 «Оқу, ғылыми жəне өзге де мақсаттар
үшін материалдар» қосалқы шотының сальдосы 1312 «Оқу, ғылыми зерттеу-
лер жəне өзге де мақсаттар үшін материалдар» қосалқы шотына көшіріледі.
Семірту үшін арналған жануарлар, құстар, қояндар, мамық жүнді аңдар
бойынша, аралардың ұрықтары бойынша 050 «Жануарлардың төлдері жəне
семіртудегі жануарлар» қосалқы шотының сальдосы 1319 «Өзге де мате-
риалдар» қосалқы шотына көшірілді, биологиялық активтер ретінде тану
критерийлерін сақтау кезінде 2610 «Жануарлар» шотына көшіріледі.
Өнімді жəне асыл тұқымды малдың төлі бойынша 050 «Жануарлардың
төлдері жəне семіртудегі жануарлар» қосалқы шотының сальдосы 2610 «Жа-
нуарлар» шотына көшіріледі.
061 «Тамақ өнімдері» қосалқы шотының сальдосы 1314 «Тамақ өнімдері»
қосалқы шотына көшіріледі.
062 «Дəрі-дəрмектер жəне байлайтын құралдар» қосалқы шотының саль-
досы 1313 «Дəрі-дəрмектер жəне байлайтын құралдар» қосалқы шотына
көшіріледі.
43
063 «Шаруашылық материалдар жəне кеңсе заттары» қосалқы шотының
сальдосы 1316 «Шаруашылық материалдар жəне кеңсе заттары» қосалқы шо-
тына көшіріледі.
064 «Отын, жанар жəне жағар май материалдары» қосалқы шотының саль-
досы 1315 «Отын, ЖЖМ» қосалқы шотына көшіріледі.
065 «Жем жəне жемшөп», 066 «Ыдыс», 067 «Өзге материалдар» қосалқы
шоттарының сальдосы 1319 «Өзге материалдар» қосалқы шотына көшіріледі.
068 «Жолдағы материалдар» қосалқы шотының сальдосы 1350 «Жолдағы
қорлар» шотына көшіріледі, 069 «Машиналар мен жабдықтарға қосалқы
бөлшектер» қосалқы шотының сальдосы 1318 «Қосалқы бөлшектер» қосалқы
шотына көшіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |