ГЛОССАРИЙ
Есептеу əдісі – операциялар мен оқиғалар орын алған есепті кезеңдегі
(ақшалай қаражаты мен олардың баламаларының нақты түсімі мен төлеміне
байланысты емес) оларды жасау фактісі бойынша танылатын бухгалтерлік
есеп əдісі;
Активтер – болашақта экономикалық пайда немесе сервистік əлеуетті
қамтамасыз ете алатын, өткен оқиғалар нəтижесінде мемлекеттік мекеме
бақылайтын ресурстар;
Сервистік əлеует – мемлекеттік мекеменің функцияларына сəйкес ақылы
қызметтер көрсету, сондай-ақ тауарларды өндіру үшін пайдаланылатын, бірақ
ақша қаражатының таза түсімін тікелей қамтамасыз етпейтін активтер.
Қаржылық есептер – субъектінің қаржылық жағдайын, қызметінің
қаржылық нəтижелерін жəне ақша қаражатының қозғалысын құрылымдап
ұсыну;
Қаржылық есептердің мақсаты – пайдаланушылардың ақпараттық та-
лаптарын ескере отырып, жасалған есептілік беруді талап етудің мүмкіндігі
болмайтын экономикалық шешімдер қабылдау кезінде пайдаланушылардың
кең ауқымды ортасы үшін пайдалы қаржылық жағдайы, қызметінің нəтижелері
жəне ақша қаражатының қозғалысы туралы ақпарат ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: |