Активтің құнсыздануы – ішкі немесе сыртқы факторлардың əсерінен
туындаған активтің елеулі арзандауы;
Əділ құн – актив айырбастала алатын сома, ол бойынша жақсы хабардар,
мұндай операция жасауға ниетті, тəуелсіз тараптар арасында операциялар
жасағанда міндеттеме өтеле алатын сома;
Баланстық құн – ол бойынша актив немесе міндеттеме бухгалтерлік ба-
ланста танылатын сома.
Мəдени мұра активтері – мəдени, экологиялық немесе тарихи
маңыздылығы салдарынан мəдени мұра активтері болып табылатын активтер.
Оларға тарихи ғимараттар мен монументтер, археологиялық қазбалар орны,
қорлар мен табиғи қорғалатын аумақтар, сондай-ақ өнер туындылары жатады.
Аннуитет – белгілі жылдар саны ішінде жүйелі төлемдер арасындағы тең
аралықтағы, бір бағыттағы төлемдердің ағымы;
Достарыңызбен бөлісу: |