Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Мемлекеттік мекемені бухгалтерлік есепті жүргізу жəне



Pdf көрінісі
бет63/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

3.2 Мемлекеттік мекемені бухгалтерлік есепті жүргізу жəне 

қаржылық есептілікті жасауды құжаттық рəсімдеу

Мемлекеттік  мекемені  бухгалтерлік  есепті  жүргізу  жəне  қаржылық 

есептілікті жасау үшін нұсқаулық құжаттармен қамтамасыз етуді бюджеттік 

бағдарламалардың əкімшілері жүзеге асырады.

Мемлекеттік  мекеме  бухгалтерлік  есептің  мемориалды-ордерлік  нысаны 

бойынша бухгалтерлік есепті жүзеге асырады.

Операция мен оқиғаларды жасау фактісін белгілейтін, дұрыс рəсімделген 

алғашқы құжаттар бухгалтерлік есептің тіркелімдерінде жазбаларды көрсетуге 

негіз болып табылады. 

Алғашқы  құжаттар  операцияны  немесе  оқиғаларды  жасау  кезінде  жаса-

луы тиіс, егер бұл мүмкін болмаса операция мен оқиғалар аяқталғаннан кейін 

тікелей жасалуы тиіс.

Алғашқы құжаттардағы жазбалар ұзақ уақыт бойы жазбалардың сақталуын 

қамтамасыз ететін құралдар арқылы ғана жүргізіледі.

Алғашқы құжаттарда мынадай міндетті деректемелер қамтылуы тиіс:

 

– құжаттың атауы (нысандар);



 

– жасау күні;

 

– ұйым атауы немесе құжат кімнің атынан жасалса, соның тегі мен аты-



жөні;

 

– операция немесе оқиға мазмұны;



 

– операция мен оқиғаның өлшем бірлігі (сандық жəне құндық шамада);

 

– операцияның  жасалуына  (оқиғаны  растауға)  жəне  оның  дұрыс 



рəсімделуіне  жауапты  тұлғалардың  лауазымдарының  атауы,  тектері,  

аты-жөндері жəне қолдары;

 

– салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан əрі – СТН).



Алғашқы  құжаттың  электрондық  нысаны  қағаз  жүзінде  ресімделген 

алғашқы  құжаттың  күшінде  болады.  Электрондық  қолдарды  қолданушы 




62

электрондық қолтаңбаларды пайдалану жəне қол жеткізу құқығына қатысты 

тиісті сақтану шараларын жəне бақылауды белгілеуі тиіс.

Мемлекеттік  мекемелер  электрондық  тасымалдағыштарда  алғашқы 

құжаттарды  жəне  бухгалтерлік  есептілік  тіркелімдерін  жасау  кезінде 

операцияның  басқа  қатысушылары  үшін  осындай  құжаттардың  көшірмесін 

қағаз тасығыштарда дайындауы тиіс.

Алғашқы  құжатта  мынадай  қосымша  деректемелер  көрсетілуі  мүмкін: 

құжат  нөмірі,  мемлекеттік  мекеменің  мекен-жайы,  құжатпен  тіркелген  опе-

рация  жасау  үшін  негіздеме,  құжатталатын  операциялардың  сипатымен 

анықталатын басқа қосымша деректемелер. 

Материалдық  құндылықтарды  сатып  алуға  арналған  құжаттарда  осы 

құндылықтарды  алғаны  жөніндегі  материалдық  жауапты  тұлғаның  қолхаты, 

ал орындалған жұмыстар үшін құжаттарда – тиісті тұлғалардың жұмыстарды 

қабылдау растамасы болуы тиіс.

Алғашқы  құжаттарда  мəтіндік  бөлімде  де,  сандық  мəліметтерде  де 

келісілмеген  түзетулер мен тазартуларға жол берілмейді.

Алғашқы  құжаттарда  қателер  дұрыс  емес  мəтінді  немесе  соманы  сызып 

тастау  жолымен  түзетіледі  жəне  сызып  тасталғанның  үстінен  дұрыс  мəтінді 

немесе соманы жазу арқылы түзетіледі. Сызып тастау бұрынғы жазылғанды 

оқитындай етіп, жіңішке сызықпен жүргізіледі. Алғашқы құжатта қатені түзеу 

«Түзетілді» деген жазумен ескертілуі жəне құжатқа қол қойған тұлғалардың 

қолымен, түзету енгізу мерзімін көрсету арқылы расталуы тиіс. 

Кассалық  жəне  банктік  алғашқы  құжаттарға  түзетулер  енгізуге  жол 

берілмейді.

Есепке  алу  тіркелімдерінде  жазбалар  үшін  негіз  болып  қызмет  ететін 

құжаттар  бас  бухгалтер  белгілеген  жəне  мемлекеттік  мекеменің  басшысы 

бекіткен мерзімде бухгалтерлік қызметке беріледі.

Материалдық жауапты тұлғалар алғашқы құжаттарды екі данада жасалатын 

Қазақстан  Республикасы  Қаржы  министрлігі  Қазынашылық  департаментінің 

1998  жылғы 1 желтоқсандағы  №548  бұйрығымен  (Нормативтік  құқықты 

қактілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  №677  болып  тіркелген)  бекітілген 

Мемлекеттік  мекемелер  үшін  бухгалтерлік  құжаттама  нысандары  альбомы-

ның (бұдан əрі – Нысандар альбомы) 442-нысанына сəйкес құжаттарды беруді 

тізілімге алу кезінде (кіріс жəне шығыс құжаттары бойынша жеке толтырыла-

ды) екі данада тауар-материалдық құндылықтардың кірісі жəне шығысы бо-

йынша алғашқы құжаттарды ұсынады.

Материалдық  жауапты  тұлғаның  қатысуында  ұсынылған  алғашқы 

құжаттардың рəсімделуінің дұрыстығы өткізілгеннен кейін тізілімнің бір да-

насы бас бухгалтердің қолымен материалдық жауапты тұлғаға қайтарылады, 

екінші дана бухгалтерлік қызмет істерінде қалады. 

Ақша  қаражатының  жəне    материалдық  құндылықтардың  сақталуына 

жауапты  тұлғалармен  Нысандар  альбомының 321-нысаны  бойынша  толық 

материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасалады.




63

Бухгалтерлік  қызметке  түскен  алғашқы  құжаттар  нысан  бойынша  да 

(алғашқы құжаттарды рəсімдеудің толықтығы мен дұрыстығы, деректемелер-

дің  толтырылуы),  мазмұны  бойынша  да  (құжатталатын  операциялардың 

заңдылығы, жекелеген көрсеткіштердің қисынды үйлесімі) тексеруге жатады. 

Тексерілген жəне есепке алынған құжаттар операцияларды жасау күні бо-

йынша  жүйеленеді  жəне  мемориалды  ордерлермен – нысандар  альбомының 

нысандары бойынша жинақтау ведомостерімен ресімделеді, оларға мынадай 

тұрақты нөмірлер беріледі:

1-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 381 нысанды кассалық опе-

рациялар бойынша жинақтау ведомосі;

2-мемориалды  ордер – Нысандар  альбомының 381 нысанды  мемлекеттік 

мекемелердің  кодтарындағы  қаражаттың  қозғалысы  жөнінде  жинақтау 

ведомосі;

3-мемориалды  ордер – Нысандар  альбомының 381 нысанды  ақылы 

қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан əрі – ҚБШ), демеушілік, 

қайырымдылық көмектің ҚБШ, ақша қаражатын уақытша орналастыру ҚБШ, 

шетел валютасындағы шоттағы жəне сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша 

бюджеттік  инвестициялық  жобаның  арнайы  шоттарындағы  ақша  қаражатын 

есепке алу жөніндегі жинақтау ведомосі;

5-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 405 нысанды еңбекақы мен 

стипендиялар бойынша есептеу ведомостерінің жиынтығы;

6-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 408 нысанды ұйымдармен 

есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосі;

7-мемориалды  ордер – Нысандар  альбомының 408 нысанды  аванстық 

төлемдер тəртібіндегі есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосі;

8-мемориалды  ордер – Нысандар  альбомының 386 нысанды  есеп  беруге 

жауапты тұлғалармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосі;

9-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 438 нысанды ұзақ мерзімді 

активтердің шығып қалуы мен орын ауысуы бойынша жинақтау ведомосі;

10-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 438 нысанды арнайы киім-

кешекті жəне жеке пайдаланудағы басқа да заттардың шығып қалуы мен орын 

ауысуы бойынша жинақтау ведомосі;

11-мемориалды  ордер – Нысандар  альбомының 398 нысанды  тамақ 

өнімдерінің кірісі бойынша жинақтау ведомостерінің жиынтығы; 

12-мемориалды  ордер – Нысандар  альбомының 411 нысанды  тамақ 

өнімдерінің шығысы бойынша жинақтау ведомостерінің жиынтығы; 

13-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 396 нысанды материалдар-

дың шығысы бойынша жинақтау ведомосі;

14-мемориалды  ордер – Нысандар  альбомының 406 нысанды  балалар-

ды  қамсыздандыру  үшін  ата-аналармен  есеп  айырысу  бойынша  жинақтау 

ведомостерінің жиынтығы; 

15-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 409 нысанды айырбастал-

майтын операциялардан кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі;  




64

16-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 409-а нысанды тауарлар-

ды  (жұмыстарды,  көрсетілетін  қызметтерді)  сатудан  кірістерді  есептеудің  

жинақтау ведомосі; 

17-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 409-б нысанды активтерді 

басқарудан түсетін кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі;  

18-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 409-в нысанды өзге опера-

циялар бойынша кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі;

19-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458 нысанды операциялық 

шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;

20-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458-а нысанды бюджеттік 

төлемдер бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;

21-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458-б нысанды активтерді 

басқару бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;

22-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458-в нысанды өзге опера-

циялар бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі.

Қалған  операциялар  жəне  «Сторно»  операциялары  бойынша  Нысандар 

альбомының 274 нысанды жеке мемориалды ордерлер жасалады, олар əр ай 

үшін 23-тен бастап жеке нөмірленеді.

Жеке мемориалды ордерлер операцияны жасау шамасына қарай, бірақ келесі 

күннен  кешіктірмей  (алғашқы  құжатты  алғаннан  кейін),  жеке  құжаттардың 

негізінде  де,біртекті  құжаттар  тобының  негізінде  де  жасалады.  Мемориал-

ды ордерде қосалқы шоттарды корреспонденттеу бір қосалқы шоттың дебеті 

бойынша  жəне  басқа  қосалқы  шоттың  кредиті  бойынша  немесе  бір  қосалқы 

шоттың  дебеті  бойынша  жəне  бірнеше  қосалқы  шоттардың  кредиті  бойын-

ша  немесе  керісінше  бір  қосалқы  шоттың  кредиті  бойынша  немесе  бірнеше 

қосалқы шоттардың дебеті бойынша операция сипатына қарай жазылады.

Мемориалды ордерлерге бас бухгалтер мен оның орынбасары жəне орын-

даушы қол қояды.

Барлық мемориалды ордерлер Нысандар альбомының 308 нысанды «Бас-

ты-журнал»  кітабында  тіркеледі. «Басты-журнал»  кітабындағы  есеп  əдетте 

қосалқы шоттар бойынша жүргізіледі.

«Басты-журнал»  кітабы  өткен  жылдың  қорытынды  балансына  сəйкес 

жыл  басындағы  сома  қалдықтарының  жазбаларымен  ашылады.  Онда  жазба-

лар мемориалды ордерлерді жасау шамасына қарай жүргізіледі, ал жинақтау 

ведомостерінің мемориалды ордерлерін жасау кезінде айына біррет жүргізіледі.

Мемориалды ордердің сомасы алдымен «Ордер бойынша сома» бағанына, 

содан кейін тиісті қосалқы шоттардың дебеті мен кредитіне жазылады.

Бір  айда  айналымдардың  сомасы  дебет  бойынша  да,  кредит  бойынша 

да,  барлық  қосалқы  шоттар  бойынша  «Ордер  бойынша  сома»  бағанының 

қорытындысына тең болу керек. Бір айдағы айналымнан кейін екінші жолда 

əрбір қосалқы шот бойынша келесі айдың басындағы қалдық шығарылады. 

Талдамалы  есеп  есепке  алу  тіркелімдерінде  (кітаптарда,  карточкаларда, 



65

жинақтау ведомостерінде жəне басқа есепке алу тіркелімдерінде) жүргізіледі.

Бухгалтерлік кітаптарда жазбаға дейін барлық беттер (парақтар) нөмірле-

неді. Беттің соңғы парағында бас бухгалтердің қолымен: «Осы кітапта барлығы 

___ бет (парақ) нөмірленді» деген жазу жазылады. Нысандар альбомының КО-4 

нысанды жəне 440 нысанды кассалық кітап, Нысандар альбомының 449 нысан-

ды еңбек кітапшаларының бланкілерін есепке алудың кіріс-шығыс кітабы да 

бау өткізілуі жəне сүргіш немесе мастикалық мөрмен басылуы тиіс, КО-4 жəне 

Нысандар альбомының 440 нысандарындағы беттердің саны мемлекеттік ме-

кеме басшысының жəне бас бухгалтердің қолдарымен расталуы жəне Нысан-

дар альбомының 449 нысанына мемлекеттік мекеме басшысы қол қоюы тиіс.

Əр  кітапта  мемлекеттік  мекеме,  орталықтандырылған  бухгалтерияның 

атауы  жəне  кітап  ашылған  жыл  жазылады.  Кітапта  онда  ашылған  қосалқы 

шоттардың мазмұны болуы тиіс. Жазбаларды кітаптың басқа бетіне көшіргенде, 

осы қосалқы шот бойынша мазмұнда жаңа беттерді көрсете отырып жазулар-

ды көшіру туралы белгі жасалады.

Бухгалтерлік  есеп  кітаптары  жыл  өткенен  кейін  бос  беттер  болған  кез-

де  келесі  жылдың  операцияларын  жазу  үшін  пайдаланылуы  мүмкін.  Бұл 

жағдайларда кітаптар екі жылда бір рет мұрағатқа тапсырылады.

Карточкалар  (активтер  бойынша  карточкалардан  басқа)  əр  шот  бойынша 

жеке жүргізілетін Нысандар альбомының 279 нысанды каточкалар тіркелімінде 

тіркеледі.  Активтерді  есепке  алу  карточкалары  Нысандар  альбомының  ОС-

10  нысанды  активтерді  есепке  алу  бойынша  түгендеу  карточкаларының 

тізімдемесінде тіркеледі.

Карточкалар картотекада сақталады, олар онда қосалқы шоттар бойынша 

іштей материалды жауапты тұлғалар бойынша бөліну арқылы орналасады, ал 

орталықтандырылған бухгалтерияларда қызмет көрсететін мемлекеттік меке-

мелер бойынша да орналасады.

Материалдарды  есепке  алу  карточкалары  тігілген  түрде  карточкалар 

тізілімімен, тіркелімдерімен жəне басқа бухгалтерлік құжаттармен бірге жыл 

сайын немесе екі жылда бір рет мұрағатқа тапсырылады. Жыл бойы шығып 

қалған  активтерді  есепке  алу  карточкалары  осындай  мерзімдерде  мұрағатқа 

тапсырылады.

Нысандар  альбомының  ОС-10  нысанды  активтерді  есепке  алу  бойынша 

түгендеу карточкаларының тізімдемесі Нысандар альбомының ОС-6, 8, 9 ны-

санды  соңғы  түгендеу  карточкасы  бойынша  затты  есептен  шығару  туралы 

белгі болғанда мұрағатқа тапсырылады.

Тізімдемесіз түгендеу карточкаларын мұрағатқа тапсыру кезінде олар жеке 

ведомосте жазылады, онда карточка нөмірі жəне есептен шығарылған заттың 

атауы  көрсетіледі,  ал  орталықтандырылған  бухгалтерияларда  одан  басқа 

қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекеменің атауы да көрсетіледі. 

Бухгалтерлік  есеп  тіркелімдеріндегі  жазбалар  алғашқы  құжаттардан, олар-

ды алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей жүргізіледі. Əр ай аяқталғаннан 



66

кейін  талдамалы  есеп  тіркелімдерінде  айналымдар  қорытындысы  саналады 

жəне қосалқы шоттар бойынша қалдықтар шығарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет