Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Ақша қаражаты жəне олардың баламалары есебінің қаржылық



Pdf көрінісі
бет84/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   481
4.5 Ақша қаражаты жəне олардың баламалары есебінің қаржылық 

есептілікте ашылуы

Мемлекеттік  мекеме  тікелей  əдісті  қолдана  отырып,  қаржыландыру 

көздері  бойынша  мемлекеттік  мекеменің  ақшалай  қозғалысы  туралы  есеп-

те  операциялық  қызметтен  ақшалай  қаражаттарының  қозғалысы  тура-

лы  деректерді  ұсынады.  Жанама  əдісті  қолдану  мемлекеттік  мекемелер-

ге  орынсыз,  себебі  олардың  басты  мақсаты  пайда  табу  емес.  Жанама  əдісті 

пайдаланған  кезде  операциялық  қызметтен  түсетін  ақша  қаражатының  таза 

қозғалысы мыналарды ескере отырып, пайданы немесе залалды түзету жолы-



мен айқындалады:

1)  кезең  ішіндегі  қорлардағы  жəне  дебиторлық  жəне  кредиторлық 

берешектегі өзгерістер;

2)  амортизация,  бағалау  міндеттемелері,  мерзімі  ұзартылған  салықтар, 

шетелдік валютадағы операциялардан түскен іске асырылмаған пайда мен за-

лал, қауымдастырылған ұйымдар мен азшылық үлесінің таратылмаған пайда-

сы сияқты монетарлық емес баптар;

3)  нəтижесі  инвестициялық  немесе  қаржылық  қызметтен  түсетін  ақша 

қаражатының қозғалысы болып табылатын барлық өзге де баптар.

Балама  ретінде  операциялық  қызметтен  түсетін  ақша  қаражатының  таза 

қозғалысы  туралы  деректер  пайда  мен  залал  туралы  есептерде  ашылатын 

кірістер  мен  шығыстарды  жəне  қорлардағы  өзгерістер  мен  кезең  ішіндегі 

операциялық  дебиторлық  жəне  кредиторлық  берешекті  көрсету  жолымен 

берілуі мүмкін. 

«Бухгалтерлік баланс» (1-нысан) актив пен пассивтің екі бөлігінен тұрады.  

Активтер – бухгалтерлік  баланстың  бірінші  бөлігі,  екі  бөлімнен  тұрады: 

Қысқа мерзімді жəне Ұзақ мерзімді активтер.

«Қысқа  мерзімді  активтер»  бөлімінде  мемлекеттік  мекемеге  тиесілі  ақша 

қаражаты жəне олардың баламалары, қаржы инвестициялары, қысқа мерзімді 

дебиторлық берешек, қорлар жəне бұдан алдыңғы қысқа мерзімді активтердің 

кіші бөлімдерінде көрсетілмеген өзге активтер көрініс табады.



93

Бухгалтерлік  баланс  активінің 010 «Ақша  қаражаты  жəне  олардың  бала-

малары» жолы (1010, 1020, 1030, 1040, 1050, 1060, 1070, 1080, 1090) бойынша 

түсімдерді есепке алу мен есеп айырысу үшін ҚБШ-дағы, сыртқы қарыздар мен 

гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның шетел валютасындағы 

жəне арнайы шоттарындағы, кассадағы, мемлекеттік мекеменің ағымдағы жəне 

есеп айырысу шоттарындағы ақша қаражатының қалдықтары, міндеттемелерді 

қабылдауға  арналған  жоспарлы  тағайындаулар,  өзге  ақша  қаражаты 

көрсетіледі. Демеушілік жəне қайырымдылық көмекке арналған ҚБШ, ақшаны 

уақытша орналастыру ҚБШ, шетелдік валютадағы ақша қаражаты шоттарын-

да жəне сыртқы қарыздардың жəне байланысты гранттар бойынша бюджеттік 

инвестициялық  жобалар  бойынша  шоттарында,  кассадағы  ақша  қаражаты 

жəне өзге ақшалай құжаттарында ақшаның қалдығы көрсетіледі. Бухгалтерлік 

баланста 1 шілдеге, 1 қазанға осы жолда міндеттемелер қабылдауға арналған 

жоспарлы тағайындаулар шоттарында бюджеттік қаржыландыру қалдықтары 

көрсетіледі.

Бюджет  қаражатының  жұмсалуын  бақылауды  қамтамасыз  ету  үшін  

мемлекеттік  мекеме,  аумақтық  қазынашылық  бөлімшесі 4-09 нысанды 

«Мерзімді міндеттемелердің бөлшектері» есебін, 4-12 нысанды «Орындалмаған 

міндеттемелердің бөлшектері» есебін жəне 4-20 нысанды «Шығыстар бойын-

ша жиынтық есеп» есебін қалыптастырады. 

Мемлекеттік  мекеме 1080 «Республикалық  бюджеттен  қаржыландырыла-

тын  мемлекеттік  мекеменің  міндеттемелері    бойынша    жеке  қаржыландыру 

жоспарына  сəйкес  міндеттемелерін  қабылдауға  арналған  жоспарлы 

тағайындаулары» шоты бойынша бухгалтерлік жазбаларды тексеруі үшін 4-20 

«Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны бойынша ай аяқталғаннан кейін 

екі жұмыс күнінің ішінде тоқсан сайын аумақтық қазынашылық бөлімшесімен 

айдың бірі күніне салыстыруды жүргізеді.  

Осы шоттың қосалқы шоттарының дебетінде міндеттемелерді қабылдауға 

арналған  жоспарлы  тағайындаулардың  сомасы,  сондай-ақ  ағымдағы  жылғы 

қаржыландырудың кассалық шығыстарын қалпына келтіруге енгізілген сома, 

ал  кредитте  мақсатына  сай  бюджеттік  сыныптаманың  кодтарына  сəйкес 

жұмсалған қаражат көрсетіледі. 

Жергілікті бюджеттен қаржыландыру түскен кезде мемлекеттік мекеме мы-

надай жазбаларды жүргізеді: 

1091 «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға 

арналған  жоспарлы  тағайындаулары»  қосалқы  шотының  дебеті  жəне 6010 

«Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының кредиті; 

1092 «Күрделі  салымдар  бойынша  міндетттемелер  қабылдауға  арналған 

жоспарлы  тағайындаулар»  қосалқы  шотының  дебеті  жəне 5011 «Күрделі  са-

лымдарды бюджет есебінен қаржыландыру» қосалқы шотының кредиті;

1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспар-

лы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті жəне 6030 «Трансферттер бойын-

ша кірістер» шотының кредиті;




94

1094 «Субсидиялар  бойынша  міндеттемелер  қабылдауға  арналған  жос-

парлы  тағайындаулар»  қосалқы  шотының  дебеті  жəне 6040 «Субсидиялар 

төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін кірістер» шотының кредиті;

1095 «Жергілікті  бюджетке  тауарлардың  (жұмыстардың,  қызметтердің) 

құны  түрінде  түсетін  түсімдерге  жəне  олардың  жұмсалуына  байланыс-

ты  операциялар  бойынша  міндеттемелер  қабылдауға  арналған  жоспарлы 

тағайындаулар»  қосалқы  шотының  дебеті  жəне 6010 «Ағымдағы  қызметті 

қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының кредиті. 

Активтер  мен  көрсетілетін  қызметтерді  сатып  алуға  арналған  шарттарға 

сəйкес төлемдерді жүзеге асыру кезінде мынадай тізбектер жүзеге асырылады: 

3210 «Жеткізушілерге  жəне  мердігерлерге  қысқа  мерзімді  кредиторлық 

берешек», 1410 «Берілген қысқа мерзімді аванстар» қосалқы шотының дебеті 

жəне 1080 «Республикалық  бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекеттік 

мекеменің    міндеттемелері    бойынша    жеке    қаржыландыру    жоспарына  

сəйкес  міндеттемелерін  қабылдауға  арналған  жоспарлы  тағайындаулары»  

шотының, 1090 «Жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекеттік 

мекеменің  міндеттемелері  бойынша  жеке  қаржыландыру  жоспарына  сəйкес 

міндеттемелер  қабылдауға  арналған  жоспарлы  тағайындаулары»  шотының  

тиісті  қосалқы шоттарының кредиті.  

Ағымдағы жылдың кассалық шығыстарын қалпына келтіруге бюджет шо-

тына қаражат түскен кезде 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 

мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспа-

рына сəйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» 

шотының  тиісті  қосалқы  шотының  дебетіне  жəне 1010 «Кассадағы  ақша 

қаражаты», 1280 «Өзге  қысқа  мерзімді  дебиторлық  берешектер»  шотының, 

1260 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты қосалқы 

шотының жəне басқа шоттар кредитіне жазба жүргізіледі. 

Бюджет  қаражатының  жұмсалуын  бақылауды  қамтамасыз  ету  үшін 

мемлекеттік  мекеме,  аумақтық  қазынашылық  бөлімшесі 4-09 нысанды 

«Мерзімді міндеттемелердің бөлшектері» есебін, 4-12 нысанды «Орындалма-

ған міндеттемелердің бөлшектері» есебін жəне 4-20 нысанды «Шығыстар бо-

йынша жиынтық есеп» есебінқалыптастырады.

1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің 

міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттемелер 

қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоты бойынша бухгалтерлік 

жазбаларды  тексеру  үшін  мемлекеттік  мекеме 4-20 «Шығыстар  бойынша 

жиынтық  есеп»  нысаны  бойынша  ай  аяқталғаннан  кейін  екі  жұмыс  күнінің 

ішінде тоқсан сайын аумақтық қазынашылық бөлімшесімен айдың бірі күніне 

салыстыруды жүргізеді. 

Банктен алынған қолма-қол ақша сол күні Нысандар альбомының №КО-1 

нысаны бойынша кіріс кассалық ордері бойынша мемлекеттік мекеменің кас-

сасына кіріс ретінде тіркеледі. Кіріс жəне шығыс кассалық ордерлерін кассаға 



95

жіберілгенге дейін Нысандар альбомының №КО-3а нысаны бойынша бухгал-

терия кіріс жəне шығыс кассалық ордерлерін тіркеу журналында тіркейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет