Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-ТАҚЫРЫП  ҚАРЖЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ МЕН ҚАРЖЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН



Pdf көрінісі
бет97/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

5-ТАҚЫРЫП 

ҚАРЖЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ МЕН ҚАРЖЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН 

ЕСЕПКЕ АЛУ ТƏРТІБІ

Жоспар:

5.1 Мемлекеттік мекемелердің қаржы инвестициялар есебі

5.2  Қаржы  инвестициялары  мен  қаржы  міндеттемелерінің  талдамалы 

есебін ұйымдастыру жəне ақпаратты қаржылық есепте ашу

Осы тақырыпта қолданатын негізгі ұгымдар:

Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржы инвестициялары, активтің 

құнсыздануы, əділ құн, қаржы міндеттемелері, қаржылық құрал, қаржы активі, 

қаржы міндеттемесі, үлестік құрал. 



5.1 Мемлекеттік мекемелердің қаржы инвестициялар есебі

Мемлекеттік  мекемелердің  қаржы  инвестициялары  деп  мемлекеттік 

мекемелердің банктік депозиттерге бағалы қағаздарға мемлекеттік пайыздық 

облигацияларға  жəне  жергілілікті  қарыздарға  квазимемлекеттік  сектор 

субъектілерінің  жарғылық капиталын толтыруға бюджет қаражатын салу.

Квазимемлекеттік  сектор  субъектілеріне  қаржы  инвестициялары – 

мемлекеттік  кəсіпорындарға,  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктерге, 

акционерлік қоғамдарға, оның ішінде қатысушысы немесе акционері мемле-

кет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, 

ұлттық  компанияларға,  сондай-ақ  мемлекеттік  мүлікті  басқару  саласындағы 

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сəйкес олармен аффили-

ирленген болып табылатын еншілес, тəуелсіз жəне өзге де заңды тұлғаларға 

бюджет қаражатын салу.

Квазимемлекеттік  сектор  субъектілеріне  салынған  инвестициялардың  со-

маларын қалпына келтіру мынадай екі тəсілді: негізгі жəне баламалы тəсілдерін 

қолдана отырып жүргізіледі. Қолданылатын тəсіл 2013 жыл үшін қаржылық 

есептіліктің түсіндірме жазбасында негізделуге жатады.

Негізгі тəсіл

Бюджеттік  бағдарламалардың  əкімшілері  бастапқыда  квазимемлекеттік 

сектор  субъектілеріне  салынған  инвестицияларды  есептеу  əдісі  бойынша 

дайындалған 2013 жылғы  қаржылық  есептілікте  квазимемлекеттік  сектор 

субъектісінің құрылған сəтінен бастап жарғылық капиталдарын қалыптастыру 



105

жəне  толықтыруға  Қазақстан  Республикасы  Үкiметiнiң  шешімдеріне  сəйкес 

жүргізілген мөлшерде таниды.

Квазимемлекеттік 

сектор 

субъектілерінің 

жарғылық 

капиталда-

рын  қалыптастыру  жəне  толықтыруға  салынған  инвестициялар  Есеп                                         

саясатына  сəйкес  өзіндік  (нақты  жүргізілген  шығын)  құнымен  бюджеттік 

бағдарламалардың əкімшілері теңгерімінде активтер құрамында танылуға жа-

тады.


Инвестициялардың  сомасы  квазимемлекеттік  сектор  субъектісінің  теңге-

рім  деректермен  салыстырылады.  Квазимемлекеттік  сектор  субъектілеріне 

салынған  инвестициялардың  сомасын  растау  үшін  Қазақстан  Республикасы-

ның  заңнамасына  сəйкес  міндетті  түрде  аудиттеуге  жататын  қаржылық 

есептілік деректері аудиттелген қаржылық есептілік деректерімен салыстыры-

лады.


Бюджеттік  бағдарламалардың  əкімшілері  квазимемлекеттік  сектор 

субъектілеріне салынған инвестициялардың қалпына келтірілген сомасын 2013 

жылғы  қаржылық  есептілікте  көрсету  үшін 2013 жылы 2120 «Ұзақ  мерзімді 

қаржы инвестициялары» шоты бойынша мынадай корреспонденциямен: 2120 

«Ұзақ  мерзімді  қаржы  инвестициялары»  шотының  дебеті  мен 5220 «Өткен 

жылдардың қаржылық нəтижесі» шотының кредитін таниды.

2014  жылдың 1 қаңтарындағы  бухгалтерлік  теңгерімде  квазимемлекеттік 

сектор  субъектілеріне  салынған  инвестициялардың  сомасы 2120 «Ұзақ 

мерзімді  қаржы  инвестициялары»  шоты  бойынша  квазимемлекеттік  сектор 

субъектілеріне салынған инвестициялардың жəне Бухгалтерлік есепті жүргізу 

қағидаларына,  Есеп  саясатына  жəне  Шоттар  жоспарына  сəйкес 2013 жылғы 

инвестициялардың  қозғалысы  бойынша  барлық  операциялардың  қалпына 

келтірілген сомасын ескере отырып көрсетіледі.

Бюджеттік 

бағдарламалардың 

əкімшісі 

квазимемлекеттік 

сектор 


субъектілеріне  салынған  инвестициялардың  сомасын  қалпына  келтіруді 

Қазақстан  Республикасы  Үкiметiнiң  қаулыларының,  мемлекеттік  мүлікке 

билік ету жөніндегі уəкілетті органның бұйрықтарының, жергілікті атқарушы 

органдардың  шешімдерінің  негізінде  жүргізеді  жəне  тиісті  бастапқы 

құжаттармен  (активтерді  беру,  жарғылық  капиталды  қалыптастыру  жəне 

толықтыруға ақшалай қаражат аудару жөніндегі жəне басқа құжаттармен) рас-

тайды. 

Баламалы тəсіл

Квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылған сəтінен бастап бастапқы 

құжаттар  бойынша  деректерді  қалпына  келтіруді  жүзеге  асыру  іс  жүзінде 

мүмкін  болған  кезде  инвестициялардың  бастапқы  сомасы  квазимемлекеттік 

сектор субъектілерінің 2012 жылғы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 

басшысы мен бас бухгалтері қол қойған, мөрімен расталған қаржылық есептілік 

деректері  негізінде  қалпына  келтірілуі  мүмкін.  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасына сəйкес қаржылық есептіліктері міндетті түрде аудиттеуге жата-




106

тын Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне салынған инвестициялардың со-

масын растау үшін олар аудиттелген қаржылық есептілік деректерімен салыс-

тырылады.

«Мемлекеттік  мүлік  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына 

сəйкес  республикалық  заңды  тұлғалардың  қаржылық  есептілігін  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасына  сəйкес  тиісті  саланың  уəкілетті  органы 

бекіткен болуы тиіс. 

Бюджеттік бағдарламалардың əкімшісі 2013 жылғы қаржылық есептілікте 

көрсету үшін квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталында-

ғы инвестиция көлемін  былайша анықтайды: 

- 2013 жылы  квазимемлекеттік  сектор  субъектілеріне  салынған 

инвестициялардың  қалпына  келтірілген  сомасы  квазимемлекеттік  сектор 

субъектісінің 2013 жылғы 1 қаңтардағы  бухгалтерлік  теңгерім  деректері  бо-

йынша оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне тең сомада анықталады 

жəне мынадай жазба жүргізіледі: 2120 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестицияла-

ры»  шотының дебеті 5220 «Өткен жылдардың қаржылық нəтижесі» шотының 

кредиті;


- 2014 жылдың 1 қаңтарындағы бухгалтерлік теңгерімдегі инвестиция со-

масы  квазимемлекеттік  сектор  субъектілеріне  салынған  инвестициялардың 

жəне Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларына, Есеп саясатына жəне Шоттар 

жоспарына сəйкес 2013 жылғы инвестициялардың қозғалысы бойынша барлық 

операциялардың қалпына келтірілген сомасын ескере отырып көрсетіледі.

Қаржы  инвестициялары  бойынша  операцияларды  есепке  алу  үшін  мына-

дай шоттар арналған:

Қаржы  инвестициялары  мен  қаржы  міндеттемелері  келесі  бухгалтерлік 

шоттарда көрніс табады:

1110 «Қысқа мерзімді берілген қарыздар»;

1120 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»;

1130 «Қысқа мерзімді қаржы инвестицияларының құнсыздануына арнал-

ған резерв»;

2110 «Ұзақ мерзімді берілген қарыздар»;

2120 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары»;

2130 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған 

резерв»;

Қаржы міндеттемелерімен жасалатын операцияларды есепке

алу үшін мынадай шоттар арналған:

3010 «Қысқа мерзімді алынған қарыздар»;

3020 «Өзге қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер»;

4010 «Ұзақ мерзімді алынған қарыздар»;

4020 «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер»;



107

5.1-сызба



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет