41
немесе тəрбиемен аса өзгерістерге ұшырай қоймайды. Алайда
В. Штерннің ойынша тəрбиенің болмауы қабілеттер дамуының
нышандармен анықталған жоғарғы шегіне жету мүмкін болмай,
дамудың ырғағы біршама тежелуі мүмкін.
Төртінші тұрғы даму кезеңдерінің реті мен мазмұнының
тұқымқуалаушылықпен анықталуына негізделеді.
Л. С. Выготскийдің ойынша, эволюциялық нативизмнің
өкілі болып табылатын А. Геззел даму тұқымқуалаушылықтың
Х-бірліктерімен жəне ортаның Ү-бірліктерімен анықталатын
қарапайым қызмет емес деп жазған. А. Геззелдің ойынша дамудың
себептерін сол үдерістің өзінен іздестіру қажет, өйткені дамудың
өзі үздіксіз, өзін-өзі шарттандыратын үдеріс болып табылады.
«Тұқымқуалаушылық» ұғымының өзін нақтылау қажет.
Екі факторлар теориясында тұқымқуалаушылық биологиялық,
органикалық фактор ретінде түсіндіріледі. Алайда, адамның
тұқым қуалауы əлеуметтік себептеліп, тарихи дамудың өнімі
екендігі ескерілмейді. Тұқымқуалаушылықты, генетикалықты
əлеуметтікпен салыстыруға болмайды. Тұқымқуалаушылық
ықпалының өзі ортаның жағдайларымен жəне ересекпен қарым-
қатынаспен жанамаланады.
Осылайша дамудың заңдылықтарын орта мен тұқым
қуалаушылықтың өзара əрекеттестігі арқылы түсіндірудің өз
мақсатына жетпегендігін қорытындылауға болады. Баланың ере-
секпен қарым-қатынасының жəне белсенділігінің мəнін анықтау
мəселесі туындауда. Ол мəселенің шешімі Л. С. Выготскийдің,
А. Н. Леонтьевтің, Д. Б. Элькониннің, А. В. Запорожецтың
еңбектерінде өрбітілген.
Достарыңызбен бөлісу: