106
басшылығымен орындалған көптеген зерттеулердің нəтижелерін
жалпылай келе мектепке дейінгі шақ – тұлғаның бастапқы
қалыптасу кезеңі, мінез-құлықтың тұлғалық «механизмдерінің»
даму кезеңі деген қорытындыға келеді. Бала дамуының мектеп жа-
сына дейінгі кезеңде тұлғасының алғашқы түйіндері қалыптасып,
іс-əрекеттің, субъектінің жоғары бірлігі – тұлға тұтастығын
құрайтын алғашқы байланыстары мен қатынастары орнай-
ды. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалық шақ тұлғаның
психологиялық механизмдерінің қалыптасу кезеңі болғандықтан,
оның маңызды зор.
А. Н. Леонтьев тұлғаның қалыптасуын мектеп жасына
дейінгі жас шамасында пайда болып, оның барысында дамитын
құбылыс – мотивтердің бағыныштылығымен байланыстырады.
Осы мəселеге қатысты жəне мектеп жасына дейінгі баланың іс-
əрекетін сипаттайтын деректерді талдаудың негізінде А. Н. Леон-
тьев мектеп жасына дейінгі кезеңде орын алатын іс-əрекеттің
бір-бірін бекітетін немесе өзара шиеленісетін өзара бағынышты
мотивтердің жүйесімен ерекшеленетінін қорытындылайды.
А. Н. Леонтьевтің теориялық тұғырлары біздің мектеп жа-
сына дейінгі шақтағы бала тұлғасының қалыптасуы жайлы
түсініктеріміздің дамуына ықпал етті. Оның баса көрсеткен
орталық үзбелі – іс-əрекеттегі мотивтердің өзара бағыныштылығы
шын мəнінде орталық қызметті атқарып, тұлға қалыптасуына
тікелей байланысты болады.
Бала тұлғасының қалыптасуында қатынастардың үш түрі:
– өз-өзіне,
– басқа адамдарға
– заттық əлемге қатынасы ажыратылады.
Тұлғаның негізін құрайтын қатынастардың нұсқалған түрлері
оны толық түсіндермесе де, маңыздылығын жоғалтпайды.
Достарыңызбен бөлісу: