125
6. 17-ден 21 жасқа дейін – (ер балалар) жасөспірімдік шақ.
16-дан 20 жасқа дейін – (қыз балалар) жасөспірімдік шақ.
7. 22-ден 35 жасқа дейін –(ерлер) кəмелеттік жастың бірінші
кезеңі.
21-ден 35 жасқа дейін – (əйелдер кəмелеттік жастың бірінші
кезеңі.
36-дан 60 жасқа дейін – (ерлер) кəмелеттік жастың
екінші
кезеңі.
36-дан 50 жасқа дейін – (əйелдер) кəмелеттік жастың екінші
кезеңі.
8. 61 мен 74 жас аралығы – (ерлер) кексе жас. 56 мен 74 жас
аралығы (əйелдер) кексе жас.
9. 75-90 жас аралығы – қарттық жас.
10. 90-нан жоғары жас – ұзақ жасау.
Қазіргі кезде студенттерге дəріс беруде біздің қолданып жүрген
жас шақтарының атаулары төмендегідей:
1. Туғаннан 60 күнге дейін – нəрестелер.
2. 2 айдан 12 айға дейін – бөбектер.
3. 1-ден 3 жасқа дейін – сəбилер.
4. 3-тен 6-7 жасқа дейін – кішкентай балалар немесе ілік
мектепшілер.
5. 6-7-ден 10-11 жасқа дейін
кіші мектепшілер немесе
жеткіншектер; ұландар; ересек балалар.
6. 10-11-ден 15-16 жасқа дейінгілер – ортаншы мектепшілер
немесе жасөспірімдер.
7. 15-16-дан 17-18 жасқа дейінгілер – а) жоғары мектепшілер
немесе
ержеткен ұлдар, бозбалалар, ə) бойжетіп қалған қыздар.
Бұл кезең – жастық шақтың алғашкы кезеңі немесе балаң жастық
шақ деп аталады.
8. 18 бен 22-23 арасындағы шақ – жастық шақтың 2-кезеңі –
есейген жастар, студенттік шақ.
9. 23-тен 30-35-ке дейін –толысқан (кемелденген) жастық шақ.
Жоғарыда
айтылғандай, адамның жас шақтарын жіктеп-
жүйелеу жəне олардың əр кезеңіне лайықты қазақша атаулары əлі
күнге дейін бір ізге түсіп қалыптаспаған.
Осындай кемшіліктер
салдарынан болашақ педагог-психолог мамандарды даярлау ісінде
үлкен олқылық орын алып отырғанын айтады.