Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


ҚҰЛҚЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ДИАГНОСТИКАЛАУ



Pdf көрінісі
бет141/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

ҚҰЛҚЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ДИАГНОСТИКАЛАУ 
ƏДІСТЕМЕСІ
Адамның қарым-қатынастағы мінез-құлық ерекшеліктерін 
диагностикалау əдістемесі психологиялық əдебиетте
Q-сұраптау деген атауға ие. Бастапқыда бұл əдістемеде 1953 
жылы субъектінің өзі жəне ортасы туралы түсініктерін зерттеу-
ге арналған В. Стефенсонмен ұсынылған топтастырудың белгілі 
қағидасы қолданылған. Q-сұраптауда міндет сыналушының 
қайсібір күйінің сəйкес келу дəрежесіне қарай топтардың нақты 
санына тұлғаның ерекшеліктерінің немесе күйлерінің атаулары 
жазылған үлестірмелерді зерттелушінің топтастыруынмен орын-
далады.
Кейінірек аталмыш əдістемелік тəсіл диагностикалық 
əдістемелердің кең шеңберін құрастыру үшін қолданыла бастады. 
Атап айтқанда, америкалық психологтар Д. Сток жəне Х. Телен 
адамның əлеуметтік топтағы, топтық тұлғааралық қатынастар 
жүйесіндегі мінез-құлық ерекшеліктерін баяндауға мүмкіндік 
беретін сөйлемдердің тізімін құрастырады.
Əдістеме адамның шынайы топтағы мінез-құлқының 
негізгі алты бетбұрысын анықтауға мүмкіндік береді. Олар 
жиынтығында адамның əлеуметтік топтағы тұлғааралық 
қатынастарды қалыптастыру жəне сақтау ерекшеліктерін, оның 
топ мүшелерімен тəуелділік, көпшілдік, тəуелсіздік, тұйықтық, 
«күресті» жəне «күрестен бас тартуды» қабылдау өзара 
əрекеттестігін ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттайды.
Сұрақнама нұсқауы
«Адамның басқа адамдармен қарым-қатынасында кездесетін 
əрқилы, кеңінен таралған мінез-құлқының ерекшеліктерін оқып 
шығыыз». Егер Сіз қайсыбір пікірді сізді өзіңіз жайлы ойыңызға 
сəйкес келгендігін байқасаңыз ол сипаттаманы жанына «+» 
белгісін қойыңыз. Егер де сипаттама Сізді көзқарастарыңыз бен 
түсініктерңізге қайшы келсе оның тұсына «–» белгісін қойыңыз. 
Егер қайсыбір пікірге қатысты нақты ойыңызды білдіру қиынға 


390
соқса, онда оны «0» белгісімен белгілеңіз, бірақ ондай белгісіз 
жауаптардың аз болғаны дұрыс.
Сипаттамалардың тізімі.
1. Достарына сыншыл.
2. Топта дау-дамай туындап келе жатса мазасызданады.
3. Əрдайым көшбасшының (жетекшінің) кеңестері мен 
нұсқауларына бағынады.
4. Топ мүшелерімен жақын қатынастарды орнатуға бейімі жоқ.
5. Қатынастардағы достықты жоғары бағалайды.
6. Көшбасшыға қарсыласуға бейім.
7. Топтың бір-екі мүшелерін ғана ұнатады
8. Топтық кездесулерден жəне іс-шаралардан қашады.
9. Көшбасшының немесе жетекшінің мақтауын жоғары 
бағалайды.
10. Көзқарастары мен мінез-құлық мəнерінде тəуелсіз.
11. Дауласқанда міндетті түрде біреуіне жақтасады.
12. Қайсібір топтық істерді орындауда басқаларды басқаруды 
өз мойнына жүктеуге бейім.
13. Адамдардың шектеулі шеңберімен араласуға бейім.
14. Айналадағылар тарапынан өшпенділік байқалғанда, сырт-
тай өзін байсалды ұстайды.
15. Өз тобының көңіл-күйін қамтамасыз етуге бейім.
16. Топ мүшелерінің жеке-дара қасиеттеріне жəне 
қатынастарына аса мəн бермейді.
17. Өз қызығушылықтарында топты мақсаттарынан алаңдатуға 
бейім.
18. Кейде көшбасшыға қарсыласқаннан рахат алады.
19. Достарымен қарым-қатынаста эмоциялы, шынайы, 
қайырымды.
20. Дауласқанда бейтарап қалуға тырысады.
21. Көшбасшының белсенді болып, мойнына барлық 
жауапкершілікті толықтай жүктегенін қалайды.
22. 
Топтағы 
проблемаларды, 
келіспеушіліктерді 
салқынқандылықпен, эмоциясыз талқылауға бейім.
23. Сезімдерін көрсетуде аса ұстамды емес.
24. Айналасында жақтастарын шоғарландыруға бейім.
25. Топтағы қатынастардың тым ресми болғандығын 
ұнатпайды.


391
26. Өзін əлденеге кінəлағанда жиі есі шығып, үндемей қалады.
27. Топтың ортақ пікіріне əрдайым келіседі.
28. Топтың жеке мүшелеріне қарағанда топтың өзіне үйірсек.
29. Дауды міндетті түрде шешуіне жеткізу үшін оны созып
ұшықтыруға бейім.
30. Топта назардың ортасында болғанды қалайды.
31. Топтың ішіндегі шағын топшаның мүшесі болуға тырыса-
ды.
32. Ымыраласуға бейім.
33. Көшбасшы оның ойына сəйкес əрекет етпесе, мазасызда-
нады.
34. Өзіне қатысты айтылған ескертулерді ауыр қабылдайды.
35. Кейде зұлым да кекшіл болуы мүмкін.
36. Топтағы көшбасшылықты өз мойнына алуға бейім.
37. Топ мүшелерімен қарым-қатынаста ашық.
38. Топтық келіспеушіліктерде өзін мазасыз ұстайды.
39. Көшбасшының мапсырмаларды өзі үлестіріп, жоспар-
лағанын қалайды.
40. Топ мүшелерінің тарапынан достық пен жанашырлық 
көрінісіне жауап беруге бейім емес.
41. Кейде агрессия танытуы мүмкін.
42. Кейде басқаларды көшбасшыға қарсы қоюға тырысады.
43. Топтан тыс жаңа таныстарды тез табады.
44. Дауға кірісуден қашады.
45. Топ мүшелерінің көзқарасына тез келіседі.
46. Топтың ішінде ұсақ топшалардың қалыптасуына қарсылық 
білдіреді.
47. Ашуланғанда жиі күлкілі де кекесінді болып көрінеді.
48. Ерекшеленуге тырысқандарды ұнатпайды.
49. Топтық қарым-қатынаста кішігірім, бірақ жақын топшаны 
қалайды
50. Топта өзінің шынайы сезімдерін білдірмеуге тырысады.
51. Топтық келіспеушіліктерде əдетте көшбасшыға жақтасады.
52. Қатынастарды орнатуда бастамашыл.
53. Өзгелерді сынаудан қашады.
54. Өзгелерге қарағанда көшбасшыдан сұрағанды қалайды.
55. Топтағы қатынастардың қалыпты дəрежеде жылы да 
достық болуы тиіс деп есептейді, əйтпегенде ол жөнсіздікке 
əкелуі мүмкін


392
56. Дауларға өзі себепші болуы мүмкін.
57. Топта едəуір жоғары мəртебеге ие болғысы келеді.
58. Кейде топтың басқа мүшелерінің қатынастарына арала-
сып, бұзуы мүмкін.
59. Топта оны «өжет», «ақиқатқа күрескер» деп есептейді.
60. Кейде көшбасшымен келіспегендігін ашық көрсете алады.
«Кілті».
1. «Тəуелділік» - № 3, 9, 15, 21, 27, 33, 39, 45, 51, 54
2. «Тəуелсіздік» - № 6, 12, 18, 24, 30, 36, 42, 48, 57, 60
3. «Көпшілдік» - № 5, 7, 13, 19, 25, 31, 37, 43, 49, 52
4. «Тұйықтық» - № 4,10, 16, 22, 28, 34, 40, 46, 55, 58
5. «Күрес» - № 1,11,17, 23, 29, 35, 41, 47, 56, 59
6. «Күрестен қашу» - № 2, 8, 14, 20, 26, 32, 38, 44, 50, 53


393


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет