137
Нəрестелердің қарым-қатынасын дəлелдейтін көптеген
белгілер бар:
1) ересектің көз жанарына қарау;
2) ересектің əрекетіне күлімсіреу;
3) өз бетінше күлімсіреу жəне қозғалыс арқылы жандану;
4) ересектің қатынасына жауап беру.
Баланың ересекпен осы кезеңдегі қарым-қатынасы əлі де
болса заттармен жəне мазмұнды іс-əрекетпен жанамаланбай-
ды. Нəрестенің ересекпен жағдаяттық-жеке қарым-қатынасы
оның ересектің көңілін қажет етеді. Бұл қатынас экспрессивті-
мимикалық құралдармен, яғни жандану кешенінің құралдарымен
анықталады.
Қарым-қатынастың бұл формасы еш мазмұнсыз болғанымен,
баланың дамуында үлкен рөл атқарады. Бұл кезеңде тұлғаның
едəуір терең негізі, яғни баланың өзін-өзі ажыратуы жəне сана-
сезімінің алғашқы формасы қалыптасады.
Сонымен бірге алғашқы жарты жылдықтың соңына қарай
баланың жақын ересектермен аффективті-жеке байланыстары
қалыптасады. 2-3 айдан бастап бала қолпаштау мен ескертулерге
əсер ете бастайды. 3 айға қарай ересектермен таңдаулы араласа
бастайды.
Жағдаяттық-жеке қарым-қатынас нəрестенің қоршаған
заттарға қатысты танымдық белсенділігінің қалыптасуына, затты
ұстауға бағытталған əрекеттердің пайда болуына ықпал етеді.
Баланың заттық іс-əрекеті бағдарланушы-зерттеуші жəне
практикалық əрекеттерінен байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: