339
М. В. Ермолаеваның пікірінше, бұл ұғымдардың мəнін жеке
ғылым тұрғысынан қарастыруға болады, өйткені жас ерекшелік
психологияның өзара байланысты əдіснамалық міндеттерінің
қатарын, бірінші кезекте онтогенездің айрықша бітістерін
нақтылау арқылы қазіргі заманғы нақты сипатын құрастыру,
даму тетіктерін зерттеудің ерекше тұстарын белгілеу, сондай-
ақ, теориялық жəне эмпирикалық білімдер жүйесіндегі түйінді
сəттерді анықтау міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Сол үшін
М. В. Ермолаеваның пікірінше, қарттықтың даму жасы ретінде
оның аталмыш маңызды психологиялық бітістер тұрғысынан
жүйелі талдау қажет.
2. Қарттық жас шамасындағы жетекші іс-əрекет жайлы
қазіргі заманғы түсініктер
Бұл мəселе əлі күнге дейін пікірталастардың түйініне ай-
налуда. М. В. Ермолаева бойынша қарттық жас шамасындағы
өмірлік тəжірибені құрылымдау жəне беру жөніндегі ішкі
қызметті жетекші іс-əрекет ретінде есептеуге болады. А. Г. Ли-
дерс адамның өзінің өмірлік жолын қабылдауға бағытталған
қызметті қарастырады Н. С. Пряжниковтың қарттықтағы дамудың
əлеуметтік жағдайы жəне жетекші іс-əрекет проблемасын атал-
мыш жас шамасын кезеңдерге бөлу мəселесіне орай қарастыру
əрекеті теориялық тұрғыда маңызды əрі тəжірибе жүзінде өнімді
болып табылады Оның қарттықты кезеңдерге бөлуде баса на-
зар хронологиялық дамудан гөрі, əрбір кезеңдердің əлеуметтік-
психологиялық ерекшелігіне аударылған болатын.
17-кесте
Достарыңызбен бөлісу: