2.2. Психикалық дамудың қозғаушы күштері туралы жал-
пы сипаттама
Баланың онтогенезде психикалық дамуының заңдылықтарын
қарастырудағы теориялық тұрғылардың негізгі екі белгісін
атап өтуге болады. Бірінші белгі жануарлармен салыстырғанда
адамның онтогенезде дамуының заңдылықтарын анықтайтын
ерекшеліктерінің жоққа шығарылуын немесе мойындалуын бол-
жайды. Егер адамның онтогенезде дамуындағы заңдылықтарын
28
анықтайтын
ерекшеліктері
жоққа
шығарылса,
дамудың
табиғилығын (биологиялануын), яғни дамудың адам əрі жа-
нуарлар үшіне тең дəрежеде əділ əмбебап заңдылықтарының
мойындалғандығын сөз етуге болады. Мəдени-тарихи
тұғырда адамның психикалық дамуының ерекшеліктерін
əлеуметтік-мəдени тəжірибені (адамның органикалық тұқым
қуалауымен қатар тектік тұқым қуалауының ерекше түрі ретінде
қарастырылады) меңгеруімен байланыстырады.
Екінші белгі дамып отыратын субъекті белсенділігінің мойын-
далуын болжайды. Адамның дамудағы белсенділігінің мəнін жоққа
шығаратын немесе есепке алмайтын теориялар факторлы тұрғы
деген атауға ие болған. Даму екі фактордың – тұқымқуалаушылық
пен орта ықпалының нəтижесі ретінде қарастырылады.
Факторлық тұрғы психологияда нативизмнің жəне эмпиризмнің
ұстанымдарын анықтайтын екі философиялық мектептің қарама-
қарсылығына негізделген. Бұл Р. Декарттың дуализмі жəне
Дж. Локк пен Д. Гартлидің эмпиризмі. Нативизм ұстанымы бой-
ынша адамның тұтастай дамуы оның тұқымқуалаушылығымен
анықталады. Бұл тұрғыны өзінің тума идеалар туралы теориясын
ұсынған Р. Декартпен философиялық негізделген. Психология та-
рихында нативизм преформизм, рекапитуляция жəне жетілу тео-
рияларымен ұсынылған.
Эмпиризм екі ғылыми мектеп – ассоцианизммен жəне бихеви-
ризммен анықталады.
Нативизм мен эмпиризм бір факторлы теориялар. Екі фак-
торлы теориялар екі факторды – тұқымқуалаушылық пен ортаны
қарастырады. Оларға екі фактор конвергенциясының (В. Штерн)
теориясы жəне факторлардың қатынасын конфронтация жəне ан-
тогонизм (З. Фрейд, Ж. Пиаженің ерте балалық шақ жайлы тео-
риясы) ретінде анықтайтын теориялар жатады. Конвергенция
– тұқымқуалаушылық пен ортаның өзара бірін-бірі толықтыруы
мен өзара əрекеттесуін болжайтын ортақтастық. Факторлардың
конфронтациясы тұқым қуалаушылықтың ортаның əлеуметтік
факторымен ығыстырылуы ретінде қарастырылады.
|