184
ды. Екіншіден, олардың əлеуметтік-танымдық қызығушылық,
құмарлықтарын мектеп қалыптастырады, дамытады. Үшіншіден,
ата-ана мектепке арқа сүйей отырып, сыртқы жағымсыз
нəрселерден бастауыш сынып оқушыларын қорғай алады.
Кешегі мектеп жасына дейінгі бала бүгін мектепке келген-
нен кейін бұрынғы еркіндіктен айырылады. Оларды мектеп
тəртібіне шақырады. Сондықтан бостандықта болып, қалған
бала тəртіпке бірден көндіге алмайды. Осыдан барып ересектер-
мен түсініспеушілік пайда болады. Бастауыш мектеп жасындағы
бала өз іс-əрекетін психологиялық тұрғыдан қайта құра бастай-
ды. Бастауыш мектеп жасындағы бала бұрын ойынмен айналыс-
са, енді оқумен айналысуына тура келеді. Оқу – ойынға қарағанда
өте күрделі үдеріс. Оқуда танымдық, адами қасиеттер күрделене
түседі. Сондықтан да іс-əрекетті психологиялық тұрғыдан қайта
құру мына төмендегідей кезеңдерден өтеді:
1. мектеп өміріне кіру;
2. мектеп, сынып ұжымдары арқылы қарым-қатынастарды
реттеу, ересектермен (ұстаздармен) қарым-қатынасты орнату;
3. мектептің ішкі тəртіп ережесіне бағыну, оны қабылдау,
орындау.
Осы үш кезеңнен сүрінбей өту, ішкі тəртіпті дұрыс қабылдау
бастауыш мектеп оқушыларының ұжымға мүше болып кіріп
кетуіне мүмкіндік береді.
Дегенмен, мектеп өміріне үйренудің өзіндік қиындықтары да
бар.
Бірінші қиындық – баланың уақытында ұйқыдан ояна алма-
уы, мектепке керекті оқу құралдарын мезгілінде жинай алмауы,
сабақта тəртіп сақтап тыныш отыру, мұғалімнің айтқандарын
бұлжытпай орындау, үй тапсырмасын, қоғамдық тапсырмаларды
орындау тағы басқалар бастауыш сынып оқушыларына қиынға
соғады. Бастауыш сынып оқушылары алғашқы кездері осыған
көндіге алмайды. Себебі, бала оған психологиялық тұрғыдан
дайын емес. Күн тəртібін реттеп, оған біртіндеп бейімделгенше,
баланың оқу іс-əрекетіне деген мотивациясы туралы айтудың өзі
ертерек.
Достарыңызбен бөлісу: