262
мен өз-өзіне жағымсыз қарым-қатынасын қалыптастырады.
Оқудағы сəттіліктер, мұғалімнің бағалауы өзін-өзі бағалауға
əсерін тигізеді. Зерттеулер, сонымен бірге жасөспірімдерге
ата-аналарының жылы қарым-қатынасы баланы жақсы бо-
лып өсуіне зор көмек болады. Ата-анасының жылы алақанында
тəрбиеленген бала өзіне сенімді жəне жақсы болып өседі. Ал ата-
анасының ұрысуымен өскен балалар кейін жасық, тəуекелге
бара бермейтін болып өседі. Осыларға қарап ата-ана ықпалын
симметриялық, антиссиметриялық сипатқа бөлуге болады.
Симметриялық сипатта тəрбиеленген жасөспірім алғыр, жақсы
болып өседі. Антисимметриялық сипаттағылар жасық, жолы бола
бермейтін болып өседі. Міне, осыларға қарап ата-ана тəрбиесінің
дұрыстығы жеткіншектің қалыптасуына үлкен ықпал ететіндігін
білеміз. Осылардың ішінде ата-аналармен сыныптастарының
ықпалы көп əсер етеді. Жасөспірімдерді зерттеудегі көпжылдық
еңбектерді қарап отырып, ата-ананың бала тəрбиесінде үлкен
ықпал бар екенін көреміз. Мысалы: Розенбергтің жəне Куперс-
мита, Бахмандардың жасөспірімдердің өмірін зерттеулеріне
қарап, ата-ананың жасөспірімдерге тəрбие бере отырып, оларды
өздерін бағалай білуге үйрету керек. Олардың істеген еңбектерін
мейлі ол аз еңбек болса да, жасөспірімге ілтипат немесе қошемет
көрсету олардың еңбектерін бағалау болып табылады. Сөйтіп,
оларда басқалардың еңбегін бағалауды үйренеді. Жасөспірімдерге
сыныптастарының ықпалы да үлкен рөл атқарады. Сыныптас-
тарымен қарым-қатынаста бола отырып, олардың жағымды
жəне жағымсыз қылықтарын көре отырып, соның ішінен өзіне
керектілеріне еліктей бастайды. Осындай сыныптастарымен
қарым-қатынас жасауда ата-ана ықпалы да керек болады. Үйінде
антисимметриялық түрде тəрбиеленген балалар сыныптастары-
мен тез араласа алмай көбіне тұйық жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: