286
бағыттылығы қалыптасып өркендейді, мамандыққа қажетті
қабілеттілігі жетіледі;
– өзіндік даму мүмкіндігі пайда болады, психикалық та-
ным үдерістерінің жүйесі нығаяды, кəсіпке сай эмоциялық
қалыптар жетіледі, жалпы кəсіби тəжірибенің алғышарттары
қалыптасады;
– кəсіби жауапкершіліктің бастамалары пайда болады,
əрекеттің нəтижелігіне сай жауапкершілік туындайды, студенттің
индивидуалдылық жүйесі тұлға өрісінде белгіленеді;
– студенттің болашақ мамандыққа сай талаптану деңгейі
тұлғалық сипат ретінде өсе бастайды;
– əлеуметтік-мəдени жəне кəсіби мамандық тəжірибені өсіру
мен қажетті сапаны қалыптастыру негізінде студенттің тұлғалық
жақтары мен оның тұрақтылығы өркендейді;
– студенттің болашақ маман ретінде қажетті қасиеттер мен
кəсіби тəжірибенің қалыптасуында өзіндік тəрбиелеудің рөлі ар-
тады;
– болашақ практикалық еңбекке сай кəсіби дербестілігі мен
арнайы дайындығы нығаяды.
Жоғары мектептегі оқу үдерісі – мақсат мотивтерден
ақпаратты қабылдаудан басталып, күрделі шығармашылық
үдерістерді іске асырумен аяқталатыны мəлім. Таным үдерістері
əртүрлі эмоциялық көріністерді жəне т.б. сипаттарды сана-
лы түрде жүзеге асыратын ақыл-ой əрекеті болып табылады.
Студенттердің оқу іс-əрекеті – белгілі білім көлемін меңгерумен
ғана шектелмей, олар оқу үдерісінде өз бетімен еңбектеніп
білім қорын дамытуға, сөйтіп еңбекке деген шығармашылық
көзқарастарын қалыптастыруда да ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: