Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Денсаулық пен сырқаттануға қатысты интерналдылық



Pdf көрінісі
бет151/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

6. Денсаулық пен сырқаттануға қатысты интерналдылық 
бағанасы. Аталмыш бағана бойынша жоғары көрсеткіштер 
сыналушының өз денсаулығына өзінің жауапты екендігін 
сезінетінін білдіреді. Егер ол ауырған болса, оған өзін кінəлайды 
əрі сауығуы өз əрекеттеріне байланысты деп есептейді. Денсаулық 
пен сырқаттануға қатысты интерналдылық бағанасы бойынша 
төмен көрсеткіштер адамның сырқаттануы жағдайға байланысты 
деп, өзгелердің көмегімен сауығамын деп есептейді.


420
 16-ҚОСЫМША
Студенттердің өздік жұмыстары бойынша талдауға 
ұсынылатын тапсырмалар
ШАЛ ҚҰЛЕКЕҰЛЫ
(1748-1819)
Он бесте тартып міндім аттың жалын, 
Сол кезде айтқан сөзім от пен жалын. 
Бүркіттей тасқа түскен талап етіп, 
Сонымен біраз жүрдім ұзын сарын.
Құрдым мен он сегізде жігіт салтын, 
Байқамай еш нəрсенің алды-артын. 
Басым бұлбұл, аяғым дүлдүл болды,
Жиырмаға келген соң, 
Жын қуалап ақтадым. 
Жиырма беске келген соң, 
Жақсыларды жақтадым. 
Отыз жасқа келген соң, 
Əр ісін сүйіп мақтадым. 
Қырық жастан асқан соң, 
Артық айтқан сөздерім, 
Сенен де пайда таппадым. 
Елу жасқа келген сон, 
Пірдің сөзін сақтадым. 
Алпысқа жақын келген соң, 
Өлімнен хабар жетер деп, 
Тəуба қылып тоқтадым.
Алпыс жас – бұл бір өткен өмір сəні, 
Алпыста бойда қуат тұрмас бəрі. 
Қызығың жігіттікте көрген бір түс, 
Қайта атпас жігіттіктің алтын таңы.


421
Жиырма бес енді келмес албырт жасың, 
Қайратың қиратқандай таудың тасын. 
Алпыс алып, бар күштен тамтық калмай,
Кəрілік бəрін жеңіп, болар басым.
Бұл алпыс əуел келіп бастан алар, 
Ағартып, басындағы шаштан алар. 
Жұлын, жота, сегізкөз, жамбас, тізе, 
Онан қалды төмен жақ – астан алар.
Қартайсаң, нұрлы жүзден шырай кетер, 
Бойдағы жастық қуат бəрі бітер. 
Оқтай түзу мүшеңіз бүкшисе егер, 
Басың бола жаздайды жерге жетер.
Алпыс жас аяғыңа тұсау салар, 
Мезгілсіз жүру-тұру бəрі қалар. 
Болады андығаның оттың басы, 
Болмаса үйден аттап жерің барар.
Кəрілік жарасады сəніменен, 
Оның сəні келеді малыменен. 
Жолдасы арқа жылытар, аяқ сипар, 
Жұмсақ төсек, тəтті ас барыменен.
Жақсы екен кəрілік шіркін жүр демесе, 
Ішіп-же де, жата бер, тұр демесе. 
Тағы да келіспеген бір жері бар, 
Жастардың жиынына кір демесе.
Кəрілік елден бұрын түсіңді алар, 
Арпа шайнап, ас ішер тісіңді алар. 
Өлмеймін деп дүние үшін өнер қылған 
Ойыңнан түк қалдырмай, есінді алар.
Онан кейін кəрілік көзіңді алар, 
Құлақ кетіп, аузыңнан сөзіңді алар. 
Белден медет, тізеден қуат кетіп, 
Ең соңыңда аңқайтып өзіңді алар.


422
***
Үш-төрттен талап еттім асық жинап, 
Жүгірдім жалаң аяқ жанды қинап. 
Боқтасып, көрінгенді боқпен атып, 
Араға кіре алмадым кісі сыйлап.
Сегізде бала болып ойнап едім, 
Тоғызда тайлы суға бойлап едім. 
Он бес пен он алтының арасында 
Желкемнен аларын да ойлап едім.
Жиырмада құрып өттім жігіт салтын, 
Ойламай еш нəрсенің алды-артын. 
Бар болса елде сұлу – менікі деп, 
Болмапты еш нəрседен сонда парқым.
Отызда ор қояндай арыстадым, 
Болса да қайдан дүбір қалыспадым. 
Бүркіттей тасқа қонған талап етіп, 
Алдында хан, қараның қарыштадым.
Қырық та бір жас екен – қырдан астым, 
Көңілді тасып жүрген əрең бастым. 
Жанасып жақсылармен, əзіл айтып, 
Арада сол секілді орындастым.
Елу де бір жас екен есептеулі, 
Есептеп, елдің жөнін білсек дейді.
Кешегі жиырма бес жас қайтып келіп, 
Көңілім бұрынғыдай жүрсек дейді.
Алпыста аш бөрідей заман болар, 
Қартайсаң, ақылың да шабан болар. 
Жетпісте жер таянбай тұра алмайсың, 
Дауасыз бұл кəрілікке не амал болар.
Сексенде тұяғыңды серіппейсің, 


423
Селт етіп еш нəрсеге елікпейсің. 
Тоқсанда тотықсыған сен қорғансың, 
Май құйып корытқанмен бірікпейсің.
Келеді тоқсан тоғыз, 
Тағы да жүз... 
Ер бар ма жүзге келген, 
Біз байғұстан күдеріңді үз.
***
Қасыр-құсыр шайнайтын қайран тісім, 
Tic кеткен соң, кетті ғой менің күшім.
Кесек-кесек ет турап, өзі жейді 
Жаны ашиды деп сенген жақын кісім.
Кəрілік шіркін келеді-ау кезіменен, 
Келін жаман қарайды көзіменен. 
Тұрып келіп қолымен ұрмаса да, 
Ұрғандай боп кетеді сөзіменен.
***
Кəрілік – күлге аунаған қотыр бура, 
Кешегі жақсы қайда сөзге тура. 
Кəріні сыйлаймын деп ниет қылсаң, 
Көрпені қалың сал да, майды тура. 
Шайдың көркі қант пен май, бауырсақта, 
Шай ішпей тұра алмаймыз ауырсақ та. 
Кəріні сыйлаймын деп ниет кылсаң, 
Майлы етті ұсақ турап сарымсақта. 
Бұрынғы өткен дəурен қайтып келмес, 
Зарығып күндіз-түні сағынсақ та. 
Жастардың біреуіндей білгендейміз, 
Қартайып, əбден естен жаңылсақ та.
***
Он бестегі жасым-ай 
Жарға ойнаған лақтай. 
Жиырмадағы жасым-ай 


424
Көлге біткен құрақтай. 
Отыздағы жасым-ай 
Таудан аққан бұлақтай. 
Қырықтағы жасым-ай 
Қырымдағыға көз салған 
Ерттеулі тұрған құр аттай. 
Елу деген жасыңыз 
Ел көшкендей бел екен. 
Алпыс деген жасыңыз 
Күзгі салқын жел екен. 
Жетпіс деген жасыңыз 
Қараңғы тұман түн екен. 
Сексен деген жасыңыз 
Қазулы тұрған ор екен. 
Тоқсан тұрған көр екен, 
Өлімнен басқа жоқ екен!
***
Бір жаста, екі жаста бесіктемін, 
Бес жаста Тəңірі берген несіптемін, 
Алты жаста қайыңның тозындаймын 
Жеті жаста ойпаң жер бозындаймын, 
Он жасымда сүт емген қозыдаймын, 
Он бесте жарға ойнаған лақтаймын, 
Бой түзеп жиырмада сылақтаймын, 
Отызда ағып жатқан бұлақтаймын, 
Қырқымда қынаптағы қылыштаймын, 
Елуде əр жұмысты жұмыстаймын, 
Алпыс жаста тай жеген бөрідеймін, 
Жетпіс жаста илеген терідеймін, 
Жетпістен сексен жасқа келген шақта 
Артымнан кейін кеттім кері деймін, 
Тоқсан жасқа келгенде қор болғаным 
Отқа салған мұңайып, бор болғаным. 
Тоқтыға асылғанда əлім келмей, 
Баланың баласына қор болғаным.


425
Елу – ердің жасы екен,
Алпыс – бір сұмдықтың басы екен.
Жетпіс келді төтелеп,
Кəрілікті жетелеп.
Сексен келді бүйірден,
Қалдырып кетті үйірден.
Тоқсан, сен тамам жастың зоры екенсің,
Сүйегің қартайған соң бор екенсің.
Тоқтының баласына əлің келмей,
Баланың баласына қор екенсің.
***
Жиырма бес –кəмелетке келген жасым, 
Қырықта қынсыз қылыш болған басым. 
Елуде екі көзің елең етер, 
Алпыста ақ сақалды шал боласың.
Жетпісте жер таянбай тұра алмайсың, 
Мойнынды жан-жағыңа бұра алмайсың. 
Бəрі де көрінгеннің келін болып, 
Шақырмаған үйлерге кіре алмайсың.
Сексенде селкілдеген шал боласың, 
Қайда, деп, кайран он бес, дал боласың. 
Тоқсанда өлі де емес, тірі де емес, 
Бəріне көрінгеннің таң боласың.
МƏДЕЛІ ЖҮСІПҚОЖАҰЛЫ
(1816-1888)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет