39
арқылы дəлелдеді. АҚШ-та зорлық пен агрессияға толы фильмдер
көрсетіле бастағанда, ондай өнімнің балаларға ықпалымен байла-
нысты қоғамның мазасыздығын тудырды. Балалардың екі тобына
басты кейіпкері агрессивтілік танытатын фильмдер көрсетіледі.
Бір топ – соңында агрессор жазаланатынын, екінші топ – агрес-
сор жеңіп шығатын фильмдерді көреді. Көрсетілімнің алдында
балалар ойынының ерекшеліктерін, атап айтқанда агрессияның
көрініс беру деңгейін тіркейді. Фильмнен кейін ойын бөлмесіндегі
балалардың мінез-құлқын бақылауға алады. Агрессордың жеңіп
шығатынын көрген балалар ойыншықтарға қатысты агрессивті
мінез-құлық танытса, керісінше агрессиялық мінез-құлықтың
жазаланатынын көрген балалар агрессия көрсеткен жоқ.
А. Бандураның зерттеулері жаңа мінез-құлыққа үйрену үшін
əлеуметтік модельдің рөлін айқын көрсетті. Ғалым жаңа мінез-
құлыққа үйренудің төмендегідей кезеңдерін көрсетті: мінез-құлқы
моделінің көрсетілуі, егжей-тегжейлі түсіндіру; баланың модельді
қайталауы, жаңғыртуы; кері байланыс пен бекітудің дұрыстығын
бағалау; жаттығулар.
Достарыңызбен бөлісу: