104
бір-біріне қызықты əрі тең құқылы серіктес болуы мүмкін. Кей-
де, ересек кішкентай серіктесінің бастамасына қысым көрсетіп,
қарым-қатынаста бұйрықшылдық байқатуы немесе бала қарым-
қатынас қалпы мен мазмұнын ұйғарып, педагогқа бағынышты
рөлді жүктеуі əбден мүмкін. Барлық аталған жағдайда бір ғана
ақпарат əртүрлі меңгеріліп, оның тəрбиелік мəні əрқилы болады.
Қарым-қатынасты жүзеге асыру құралдары, коммуникативті
іс-əрекеттің эмоциялы жəне интеллектілі компоненттерінің ди-
намикасы, коммуникативті қатынастардың тереңдігі мен кеңдігі
тұрғысында оның сипаттауға болатын басқа да маңыздылығы
еш кем түспейтін күрделі қырлары да бар. Сондықтан, қарым-
қатынасты реттеу қажеттігі туындағанда, оның барлық
аспектілерін тұтастыққа сəйкестендіру, үйлестіру, біріктіру жəне
баланың қалыптасу барысындағы тұлғасының алдында туындаған
өмірлік міндеттерді шешу қызметіне лйықты болу талабын шешуі
тиіс.
Мектеп жасына дейінгі зерттеулерге сəйкес балалардың ере-
сектермен (педагогтармен жəне ата-аналармен) қарым-қатынасы
Достарыңызбен бөлісу: