Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жаттығу əсерінің кері қайтымдылығы



Pdf көрінісі
бет128/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   258
Жаттығу əсерінің кері қайтымдылығы
Жаттығу əсерінің бұл қасиеті табалдырықтық деңгейден төмен 
болатын жаттығу жүктемелері кеміген кезде біртіндеп азаюымен 


248
немесе жаттығуды толық тоқтатқанда мүлдем жойылып кетуімен 
көрінеді. Жаттығу жүктемелерін жоғарылатқаннан соң немесе 
жаттықтыруды қайта бастағанда қайтадан жаттығудың оң əсерлері 
көріне бастайды. Дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылданатын 
адамдарда жұмыс қабілеттіліктің айтарлықтай төмендеуі жаттығу 
əсері тоқтағаннан соң 2 аптадан кейін-ақ байқалса, ал 3-8 ай-
дан соң дене дайындығының деңгейі жаттыққанға дейінге мəнге 
жетіп жығылады. Əсіресе, жаттығу əсері (тиімділігі) жаттығуды 
тоқтатқан соң немесе жаттығу жүктемелерін шұғыл төмендеткеннен 
кейін алғашқы кезеңдерде тез азаяды. Жаттықтыру нəтижесінде 
қол жеткізілген оттегі тасымалдау жүйесі қызметі функциялық 
көрсеткіштерінің өсімі алғашқы 1-3 айда екі есеге дейін төмендейді. 
Дене шынықтырумен өте ұзақ уақыт бойы шұғылданбаған тұлғалар-
да жаттықтырудың оң əсерінің көбі жаттығуды тоқтатқаннан кейінгі 
1-2 айда жоғала бастайды. Тіптен, жоғары дəрежеде жаттыққан 
спортшылардың өзінде зақым алуға, т.б. байланысты жаттығу ба-
рысында орын алған қысқа үзілістер дене жұмыс қабілеттілігінің 
елеулі төмендеуін тудырады. 
Жаттығуды тоқтатудың теріс əсерлерінің көрінуінде оның 
ұзақтығы ғана емес жəне гипокинезия дəрежесі де айтарлықтай рөл 
атқарады, яғни неғұрлым жаттығуды тоқтатқаннан кейінгі кезеңде 
адамның жалпы қозғалыс белсенділігі жоғары болған сайын, 
соғұрлым жаттығу əсері баяуырақ жəне азырақ төмендейді. 
Ұзақ мерзімдік гипокинезия аз белсенділіктің бастапқы 
кезеңдерінде жылдамырақ жүретін ОМП төмендеуін тудырады. Ги-
покинезия ең алдымен, оттегі тасымалдау жүйесінің, бірінші кезекте 
жүрек-тамыр жүйесінің максималды мүмкіндіктерінің төмендеуіне 
əкеледі. 
Жаттығуды 
тоқтату 
бұрын 
жаттыққан 
бұлшық 
еттердегі қылтамырлар санының (тығыздығының) азаюына 
(декапилляризацияға), бұлшық ет талшықтарының жіңішкеруіне 
(гипотрофиясына), олардың тотығу потенциалының, əсіресе, баяу 
бұлшық ет талшықтарындағы төмендеуіне əкеледі. 
Жаттығу əсерінің қайтымдылығы қасиеті жүктеме қарқынды-
лығы жеткілікті (табалдырықтық немесе табалдырықтан жоғары)
болатын жаттығу сабақтарының уақтылы өтуін талап етеді. Бұл 
қасиет жаттығудың қайталамалық жəне жүйелілік педагогикалық 
принципі негізінде жатқан маңызды биологиялық фактор. Атал-


249
мыш принципті жүзеге асыру (жаттығу режимін анықтау) кезінде 
жаттығудың мақсатын ескеру қажет, өйткені жаттықтыру əсерін 
сақтау үшін жаттығу əсерін жоғарылатуға қарағанда азырақ жəне 
неғұрлым сирегірек жаттықтыру жүктемелері жеткілікті. 
Мəселен, дене шынықтырумен шұғылданушыларда аптасына 2 
ретке дейін жаттығу жиілігін төмендету ОМП мөлшері мен басқа да 
(бірақ барлығын емес) жаттығу əсерінің функциялық көрсеткіштерін 
салыстырмалы тұрақты деңгейде ұстап тұруға (бірақ жоғарылатуға 
əкелуге емес) мүмкіндік берді. Жаттығу жиілігін аптасына 1 рет-
ке дейін азайту жаттығудың оң əсерінің жоғалуын тек кешеуілдетті, 
бірақ оның жойылмауына жол бермеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет