Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жылуға бейімделу (акклиматизация)



Pdf көрінісі
бет147/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   258
Жылуға бейімделу (акклиматизация)
Адамда кəдімгі маусымдық климаттық өзгерістер физиологиялық 
өзгерістерді тудырады. Акклиматизация – жаңа, үйреншікті емес 
климаттық-географиялық орта жағдайларына бейімделу. Түрлі 
факторлардың ықпал етуінде байқалатын адаптивті өзгерістерді 
спортшыларды жарысқа дайындау кезінде білу қажет. Жасушалық, 
мүшелік, жүйелік жəне организмдік деңгейдегі үдерістердің барлық 
туа жəне жүре пайда болған бейімделу əрекетін адаптация деп атай-
ды (бейімделу туралы 2-тарауда толық баяндалған).
Барлық адамдар (спортшылар) сол орта жағдайларына бəрі бір-
дей жылдам жəне толығымен бейімделе алмайды. Ол адамның жасы-
на, жынысына, жүйке жүйесі типіне, денсаулық күйіне, функциялық 
күйіне (спортшының жаттықтырылу дəрежесіне), пихикалық-
эмоциялық тұрақтылыққа жəне т.б. байланысты. 


294
Спортшыларға түрлі климаттық-географиялық жағдайларда 
жаттығуға немесе жарысуға тура келеді. Жəне осыған орай рецеп-
торлар адаптациясы шапшаңдығының маңызы бар. Барлық рецеп-
торлар жылдам жəне баяу бейімделетін (кезеңдік жəне тонустық) 
болып бөлінеді.
Жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында 
үзіліссіз жəне қайталап болу сыртқы ортаның осы арнайы 
жағдайларына организмнің біртіндеп бейімделуін тудырады. 
Нəтижесінде жылылық стреске қарсы организмнің тұрақтылығы 
дамиды. Адамның ыстыққа бейімделуіне өзіндік арнайы сипат тəн. 
Ол ыстықты барынша жеңілірек қабылдайды, жұмысты орындау 
объективті сияқты (жылу əсеріне физиологиялық өзгерістер азаяды) 
субъективті де аса қиын болмайды. Жылуға бейімделу күйі – аккли-
матизация жүреді. 
Ыстық əсіресе, ылғалдылығы жоғары ауа суыққа қарағанда 
спортшы үшін көп күш түсіреді. Орта температурасы дене темпе-
ратурасынан жоғары болғанда жылу қоршаған ортадан организмге 
өтеді. Мұндай жағдайларда жылуды бұрып жіберудің жалғыз тəсілі 
булану (тер бөліну) болады. 
Ыстықтың (жоғары температура) əсерінің бас кезіндеректалды 
температура, оттегі пайдалану, ЖЖЖ жəне минуттық қан көлемі 
тез өседі. Тер бөліну көп емес жəне тұрақты дене температурасын 
сақтау үшін жеткіліксіз болады. Ыстық климатта 12 күн болған соң 
бейімделудің айқын белгілері басталады. Тер бөліну 2 есе артады, 
ал ЖЖЖ жəне оттегі пайдалану шамамен, 40%-ға түседі. Буланудың 
күшеюі жəне зат алмасудың төмендеуі ішкі температураның 
жоғарылауын азайтады. Периферияға (шеткі мүшелерге) жылу 
шығарудың жоғарылауына жəне тер бөлінудің күшеюіне əкелетін 
тамырлардың күшті кеңеюі барынша тиімді реттелумен байланысты 
(Р.D.Sturkie, 1981). Спортшыларда егер ыстық жəне ылғалды кли-
мат зоналарында алғашқы 5-7 күндері монша (сауна) жəне салқын 
(суық) душ (ұйқы алдында салқын душ жəне көмірсулы сусындар, 
ал таңертең суық душ жəне адаптогендер жень-шень, пантокрин, 
пантогематоген, аралия тұнбасы, т.б.) қабылдаса, бейімделу тезірек 
жүреді. Бұдан басқа сусындарды жеткілікті мөлшерде қабылдау 
(шай, минералды су, шырын) бейімделуді жылдамдатудың маңызды 
моменттерінің бірі болып табылады. Бейімделу принциптерін 
сақтамаған кезде түрлі асқынулар – жылылық, күннің соққысы жəне 
т.б. болуы мүмкін. 


295


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет