Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет101/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   364
ǚȄǶȄǸǻǩǶǻȄǺǯçǵȄǺ

ǷǪȃǮdzǻȎǬǮÝǺǮǹǮǻǼ

ÝǹǮdzǮǻǪǩßȄǻȄ

ǪǷDzȄǶȁǩ

ǯǮdzǮ

áçǴȄáǻȄá

ǻǷǸǻȄá

ǪȎǴȎǵǭȎǴȎdz

ǵǩǺǺǩǴȄá

ǪȎǹȎdzǻȎǹǼȁȎ

ǽDZǰDZdzǩǴȄá

ǵǩǺǺǩǴȄá

ȆdzǷǶǷǵDZdzǩǴȄá

ǽǹǷǶǻǩǴȅǭȎ

çǯȄǵǭȄá

ȆdzǷǴǷǬDZȈǴȄá

ȆǺǻǮǻDZdzǩǴȄá

8.1-сурет. Сыныптан тыс жұмыстың топтамасы

Жеке  жұмыс – жеке  оқушылармен  жұмыс  түрі,  өзін-өзі 

тəрбиелеуге  бағытталған,  оқу  бағдарламасынан  тыс  мұғалімнің 

берген тапсырмалары мен ұжымның талаптарын орындайды. Жеке 

жұмыстың маңыздылығы баланың əлеуметтенуімен, өзін-өзі бекіту 

қажеттілігімен, өзін-өзі тəрбиелеумен ерекшеленеді. Жеке жұмыстың 

тиімділігі мақсатқа сай форманың нақты таңдалғанынан ғана емес, 

оқушыны  қандай  да  бір  іс-əрекет  түріне  қосумен  ерекшеленеді. 

Жеке сыныптан тыс жұмыс кезінде жалпы мақсат – нақты тұлғаның 

толыққанды  дамуын  педагогикалық  шарттармен  қамтамасыз  ету – 

бұл  мақсат  жағымды  МЕН-тұжырымдамасын  құру  жəне  тұлғаның 

жеке қабілеттерін, түрлі қырларын дамытумен жүзеге асырылады.

Жеке іс-əрекет оқушылардың жəне жеткіншектердің араласудағы 

қажеттіліктерін  шектемейді,  бірақ  жалпы  жұмыста  өз  ісін  табуға 

мүмкіндік береді. Ол үйірмелердің қажетті құрамдас бөлігіне жата-



232

ды. Мақсатты бағытталған оқушылардың жеке жұмысы əрқайсысы 

өз  мүмкіндігінше  жеке  қабілеттерін  ашуға,  өздерінің  даралығын 

көрсетуге  бағытталған.  Бұл  əрекет  тəрбиешілерден  оқушылардың 

жеке  қабілеттерін,  олардың  қызығушылықтарын,  құрдастарының 

ұжымдағы орнын  көре білу қабілетін талап етеді.

Жеке  сыныптан  тыс  жұмыс  кезінде  жоспарланған  компонент-

пен  бірге  педагогикалық  шеберлік  деңгейінің  индикаторы  болып 

табылатын,  педагогикалық  жағдаят  деп  аталатын  компоненттен  де 

құралады.

Сыныптан тыс жұмыстың түрі – оның жаппай формалары. Олар-

ды екі үлкен топқа бөлуге болады, олар оқушы əрекетінің сипатымен 

ерекшеленеді.

Бірінші топ – фронтальді формалар. Оқушылар əрекеті «жаным-

да» қағидасына негізделген: олар бір-бірімен байланыспайды, бірақ 

əрқайсысы бірдей əрекетті өз бетінше орындайды. Педагог əр балаға 

бір уақытта əсер етеді. Кері байланыс бала санының шектеулілігімен 

жүзеге  асады.  Бұл  қағида  бойында  жалпы  сыныптық  сабақтар 

ұйымдастырылған.



Екінші топ – ұжымдық формалар. Сыныптан тыс жұмыстың бұл 

формасын ұйымдастыру «бірге» қағидасына негізделген. Əрбірінің 

əрекетінен  жалпы  жеңіс  тəуелді.  Мұндай  ұйымдастырылу  кезінде 

оқушылар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мұғалім мұнда əр 

балаға емес, олардың бір-бірімен байланысына назар аударады, бұл 

мұғалім мен оқушылардың арасындағы байланыстың бекуіне əкеліп 

соғады. «Бірге» қағидасы бойынша əрекеттер жұппен, кіші топтар-

да, сыныпта ұйымдастырылады.

Бірінші  топ  қарапайымдылығымен  ерекшеленеді,  бірақ  мұнда 

ұжымдық əрекет төмен. Екінші топ серіктес болуда таптырмас фор-

ма,  мұнда  оқушылар  бір-біріне  көмектеседі  жəне  жауапкершілікті 

мойнына алуды үйренеді. 

Сыныптан тыс жұмыстарының кейбір түрлерінің ерекшеліктері, 

олардың  кейбір  формаларының  теледидарларда  өткізілуінде:  КТК, 

«Не? Қайда? Қашан?», «Əуенді тап», «Ғажайыптар алаңы» жəне т.б.

Сыныптан тыс жұмыс түрінің формаларын таңдау кезінде оның 

мақсат, міндет, қызметіне негізделген оқу-тəрбиелік маңыздылығын 

жоғары бағалау керек.

Сыныптан тыс жұмыстың жаппай формасы ұжым арқылы əрбір 

оқушыға жанама əсер етуге мүмкіндік береді. Олар бірін-бірі түсіну, 




233

ұжымда  əсер  ету,  үлкендермен,  құрдастарымен  бірге  еңбек  етуіне 

ықпал етеді.

Сыныптан  тыс  жұмыстың  жеке  жұмыс  формасынан  басқа 

үйірмелік, біріктіруші, жаппай формалары да бар.

Үйірмелік  (топтық)  сыныптан  тыс  жұмыс  формасы 

оқушылардың  ғылым,  техника,  өнер,  спорт,  тереңдетілген  білім, 

бағдарламалық  материал  облысында  қызығушылықтары  мен 

қабілеттеттерінің дамуына ықпал етеді.

Үйірме – информатикадан  оқудан  тыс  əрекеттің  негізгі 

формаларының  бірі.  Оның  жұмысының  мазмұны  басқа  програм-

малар  болса  да,  оқушылардың  қызығушылықтары  мен  дайындары 

негізінен анықталады. Информатикадан үйірме жұмыстары əртүрлі 

болуы  мүмкін:  мысалы,  компьютерлік  графика,  программалау, 

компьютерлік модельдеу. Үйірмеде сабақтардың əр түрі өткізіледі. 

Олар  баяндама,  жобамен  жұмыс,  саяхаттар,  көрнекіліктер  даяр-

лау,  кабинет  жабдықтарын  жасау,  зертханалық  сабақтар,  қызықты 

адамдармен танысу, виртуальды саяхаттар жəне т.б. болуы мүмкін. 

Үйірме жұмысының есепке алу күнделікте жазылады. Есеп тапсыру 

кеш, конференция, көрме түрінде өткілуі мүмкін. Кейбір мектептер-

де қорытындылар мектептік кештерде, мысалы, жалпы мектептік ин-

форматика апталығының өтілуі жайындағы кеште айтылуы мүмкін. 

Жұмыстың біріккен формасына клуб, мектеп мұражайы, қоғам, 

уақытша ұжымдар жатқызылады. 

Бұрындары,  саяси,  пионерлік,  комсомолдық,  халықаралық 

достық, қызықты кештер сияқты үйірмелер кеңінен танымал бола-

тын.

Клуб жұмысы жаңа ақпараттық технологиялар негізінде жаңара 



алады. Қазіргі уақытта мектептерде шетелдік мектептермен байла-

ныстар қолдау тапқан. Осының негізінде халықаралық достық клу-

бы жаңара алады, оның құрамында мектеп орналасқан жер тарихын, 

географиясын,  ел  мəдениетін,  аудармашылар  секциясы  жұмыс  жа-

сайды. Клуб жұмысында ақпарат іздеуде, жалпы жобаларды орын-

дауда,  электрондық  хаттармен  алмасуда  интернеттің  мүмкіндіктері 

кеңінен қолданылады.

Бірқатар  мектеп  оқушылары  виртуалдық  (интернет  желісінде 

ұсынылған электрондық) мұражай, көрме, галерея құра алады. Бұл 

жұмыс түрі əрекеттің өз бетіндік формасына да жатқызылуы мүмкін.



Жаппай  жұмыс  формалары  мектепте  кеңінен  танымал.  Олар 


234

əр  түрлі  болып  келеді  жəне  сыныптан  тыс  жəне  мектептен  тыс 

жұмыстардың басқа формаларымен салыстырғандағы ерекшелігі – 

бір уақытта бірнеше оқушыны қамти алуы. Оларға конкурс, олим-

пиада, жарыстар, яғни оқушы белсенділігін қажет ететін жұмыстар 

жатқызылады. Əңгімелер, кештер өткізу кезінде оқушылар тек қана 

ұйымдастырушы  жəне  орындаушы  ретінде  қатысады.  Мұндай  ме-

рекелерге  есептеуіш  орталықтарын  аралау,  кинофильмдер  қарау, 

қызықты  адамдармен  танысу,  дəрістер  жатады,  қатысушылар 

тыңдаушылар мен қараушылар болып табылады.

Соңғы  уақытта  информатикаға  жоғары  қызығушылық  таныта-

тын оқушылар санының артуына байланысты сыныптан тыс жұмыс 

түрлеріне  жататын  информатиканың  жастар  мектебі,  сырттай  фи-

зика-математика  мектебі,  информатикадан  тереңдетілген  мектеп 

пен сыныптар, жаздық компьютерлік лагерьлер сияқты формалары        

туындай бастады.

Мұғалім – сынып жетекші жүзеге асыратын оқушылармен жап-

пай  жұмыс  формасы – сынып  сағаты  болып  табылады.  Бұл  сабақ 

кестесіне  қойылған  уақыт  бойынша  өткізіліп,  сыныптық  ұжымда 

жүйелі тəрбиелеу əрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады. 

Отандық мектептер сыныптан тыс жұмыс түрлерінің барлық фор-

масын қолдануда үлкен тəжірибе жинақтаған. Алайда, форма істің 

сəтті  не  сəтсіз  болатынын  өз  бетінше  шеше  алмайды.  Маңыздысы 

оның  мазмұнының  құндылығында.  Шешуші  пəндер  мұғалімнің 

педагогикалық шеберлігіне де байланысты. 

Сыныптан  тыс  жұмыстар  құралы  оқу  құралдарын,  тəрбие  мен 

дамыту  құралдарын  анықтайды,  таңдау  сыныптан  тыс  жұмыстың 

мазмұны мен формасымен анықталады. 

Сыныптан    тыс  жұмыс  құралы  ретінде:  сыныпты  əсемдеу, 

музыкалық  əрлеу,  ойын  атрибуттары,  бейнематериалдар,  кітаптар, 

программалық құралдар жатқызылады. 

Сыныптан тыс жұмыстардың маңыздылығын оның мүмкіндігін, 

мақсатын,  міндетін,  формасы  мен  құралдарын  қарастыра  отырып 

анықтауға болады:

 

– сыныптан тыс жұмыс оқушылардың түрлі əрекеттер жиыны-



нан құралған;

 

– уақыт шектеусіздігі. Негізінде шектеулі, бірақ көбіне мұғалім 



оны ескере бермейді;

 

– қатал  талаптардың  жоқтығы.  Мұғалім  сыныптан  тыс 




235

жұмыстың мазмұнын, формасы мен құралдарын өзі таңдайды.  Бір 

жағынан бұл өз көзқарастары мен сенімдері бойынша жұмыс істеуге 

мүкіндік  береді.  Екінші  жағынан  мұғалімнің  жасалынған  таңдауға 

деген жеке жауапкершілі артады;

 

– сыныптан тыс жұмыстың нəтижесін бақыламау. Егер сабақтың 



міндетті элементі – оқу материалын бақылау болса, сыныптан тыс 

жұмыста  бақылау  жоқ.  Нəтижелер  мұнда  жылдам  шығарыла  сал-

майды. Тəрбие жұмысының нəтижелері оқушыларды түрлі жағдайда 

бақылау нəтижесінде алынады. Берілген жұмыстың нəтижесін пси-

холог  арнайы  құралдар  көмегімен  нақты  анықтай  алады.  Ереже 

бойынша,  мұнда  қорытынды  нəтиже  мен  жеке  сапаларының  даму 

деңгейі бағаланады. Нақты форманың тиімділігін анықтау өте қиын. 

Сыныптан  тыс  жұмыс  қоңырауда,  сабақтан  кейін,  мерекелік, 

демалыс күндері, яғни оқудан тыс уақытта болады. Сыныптан тыс 

жұмыстың  ата-аналардың  əлеуметтік  тəжірибесін  қызықтыруына 

көп  мүмкіндіктері  бар.  Сыныптан  тыс  жұмыстың  сəті  болуының 

шарты əрекеттің психикалық жағдайы болып табылады. 

Д.  Н.  Унадзе  жəне  басқалар  жасаған  экспериментальді  зерттеу 

əрекетті баптаудың оның тиімділігін арттыратындығын дəлелдеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет