Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Орта кəсіптік оқу орындарында мамандарды кəсіптік даярлауға



Pdf көрінісі
бет115/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   364
Орта кəсіптік оқу орындарында мамандарды кəсіптік даярлауға 

бағытталған информатика курсының оқу бағдарламасы

1-бөлім. Дербес компьютер. 

Кіріспе.  Ақпарат  ұғымы  жəне  оның  берілу  түрлері.  Ақпаратты 

сақтау  жəне  өңдеу.  Ақпараттық  үдерістердің  негізгі  мысалдары. 

ЭЕМ  пайдананудың  қажеттілігі.  ЭЕМ  қызметінің  түрлерін  демон-

страциялау.

ЭЕМ негізгі компоненттерінің қызметімен танысу.

ЭЕМ жалпы түрі, компьютердің негізгі құрылғылары, машина-

ның жұмыс істеу үдерісінде олардың атқаратын қызметі. Есептеуіш 

техника кабинеті жəне онда жұмыс істеу ережелері. 

Тышқан. Пернетақта. Меңзер. Бас жəне кіші əріптерді теру. Орыс 



266

жəне латын əріптерін теру. Пернетақтада символдардың орналасуы 

жайлы Қазақстан стандарты. Қазақ алфавитін теру. Арнайы перне-

лер.  Пернетақталық  жаттықтырушымен  жұмыс  істеу.  Мəтіндік  ре-

дакторды сөздерді теру.

Графикалық редакторлар.

Графикалық  редактор  ұғымы.  Оның  қызметі.  Графикалық 

редакторлардың  түрлері.  Экран  бетімен  меңзерді  қозғалту.  Сай-

манды  таңдап  алу.  Қарапайым  суреттерді  салу.  Түсті  жəне  пали-

траны  таңдау.  Боялған  аумақтарды  салу.  Графикалық  редакторда 

мəтіндермен жұмыс істеу. Қаріптер жəне стильдерді өшіру. Құжатты 

сақтау.  Суретті  өшіру  жəне  көшіру.  Бөліктерден  бүтін  суреттер 

құрастыру.  Айналдыру.  Үлкейткішпен  жұмыс  істеу.  Компьютерлік 

суреттер альбомын жасау.

Қолданбалы программалар.

ЭЕМ-ның көмегімен шешілетін негізгі есептер. Программалық 

жабдықтау ұғымы. Жиі қолданылатын программалар.

Калькулятормен, сағатпен, қойын кітапшасымен, картотекамен, 

анықтамалықпен,  аудармашымен,  əлем  жəне  аспан  карталарымен 

жұмыс істеу. Қазақ тіліндегі программалық құралдар жəне олардың 

ерекшеліктері.

Мəтіндік редакторлар.

Мəтіндік  редактордың  сипаттамалары  мен  қызметі.  Мəтінді 

өңдеуді автоматтандырудың жетістіктері. Редактормен жұмыс істеу 

ережелері.  Мəтінді  дискіде  сақтау  жəне  дискіден  жүктеу.  Мəтінді 

баспаға шығару. Мəтінді теру жəне өңдеу тəсілдері. Мəтіндік жол-

дарды  өңдеу:  қателерін  жөндеу,  қою,  өшіру,  қиып  алу,  жапсыру. 

Символдарды,  сөздерді,  жолдарды,  блоктарды  көшіру.  Тасымал-

дау.  Өшіру.  Қаріптер  жəне  олардың  түрлері.  Қаріптерді  ауыстыру. 

Латын, орыс жəне қазақ тілдерінің қаріптері. Қаріптерді ауыстыру. 

Индекстер.  Туралау  жəне  тасымалдау.  Ортаға  туралау.  Мəтіндерді, 

абзацтарды,  блоктарды  форматтау  тəсілдері.  Жоларалық  интер-

вал  жəне  мəтіннің  шекаралары.  Символдың  жəне  фонның  түсі. 

Кестені  өңдеу.  Құжаттар  мен  хаттарды  безендіру  мен  өңдеудің 

негізгі  тəсілдері.  Бірмезгілде  бірнеше  құжаттармен  жұмыс  істеу. 

Терезе.  Колонкаларға  бөлінген  мəтіндер.  Терілген  мақалалардан 

компьютерлік газет құру. Қазақ тілінде мақалалар жазу. Мəтіндерге 

графикалық объектілерді кірістіру. Фирмалық бланкалар мен визит 

карточкалары.  Автоматтандырылған  орфографиялық  тексеру  жəне 

мəтіндерді аудару. Компьютерлік диктант. 



267

ЭЕМ-дағы дыбыс.

Дербес  компьютердегі  дыбыстың  генерациясы  жəне  оны 

сақтаудың  негізгі  принциптері.  Ақпарат  ретіндегі  əуен  ұғымы. 

Əуендік ақпараттың элементтері: жоғарылығы жəне ұзақтығы. Но-

талар.  Мультимедиа  құралы.  Музыкалық  редактор.  Музыкалық 

редакторда  ноталарды  жазу  ережесі.  Əуендерді  өңдеу.  Əуендерді 

дискіде сақтау. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет