Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет127/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   364
үйренуі керек;


297

 

– мəтіндегі ақпарат көлемін байтпен  өлшеу үшін (компьютерлік 



алфавитті  пайдалануда)  алынған  білім  жəне  біліктіліктерін 

күнделікті өмірдегі практикалық іс-əрекетінде пайдалана білуі 

керек.

10.3 Информатикадағы тіл ұғымының ролі мен орны

Ақпаратты  ұсыну  тақырыбы  информатика  курсында  толассыз 

болып табылады. Осы тақырыптың негiзгi ұғымдарының құрылымы 

2-ші қосымшада көрсетілген.

«Ақпаратты  ұсыну»  бөлiмінде  негiзгi  курс  бойынша  шама-

мен бағдарлама мазмұны келесiдей болады: «Тiл ақпаратты ұсыну 

əдiсі ретінде: табиғи жəне формальды тiлдер. Ақпаратты ұсынудың 

дискретті формасы. Мəтіндік ақпараттың компьютерлік ұсынылуы. 

Графикалық    ақпараттарды  кодтау  (пиксель,  растр,  түсті  кодтау, 

бейне  жады).  Дыбыстық  ақпараттарды  кодтау.  Əр  түрлi  есептеу 

жүйелерiндегi  санмен  көрсетiлген  (сандық)  ақпараттарды  ұсыну. 

Сандық ақпараттарды компьютерлік ұсыну».

Бұл тақырыптың маңызды ұғымдары «тiл» жəне  «ақпараттарды 

кодтау» түсініктері болып табылады.



Қарастырылатын сұрақтар:

1. Тiл ақпаратты ұсынудың символдық əдiсі ретінде.

2. Табиғи жəне формальды тiлдер.

3. Формальды тiл жəне пəндiк облыс.

4. Компьютердiң iшкi жəне сыртқы тiлдерi.

5. Ақпараттарды ұсыну тілдері.

6. Ақпараттарды ұсыну əрекеттерінің тілдері.

Бұл  тақырыпта  алдыңғы  тақырыптағыдай  тілдер  туралы 

əңгіменің  адамға  қарай  бағытталуын,  сонымен  қатар  компьютерде 

қолданылатын ақпараттарды ұсыну тiлдерi туралы əңгімелеуге бо-

лады.

Тiл – бұл ақпараттарды символдық ұсынудың нақты жүйесi. Оған 



А.П. Ершовтың мектеп информатикасы бойынша жинақтап жасаған 

энциклопедиялық  сөздiгінде  келесідей  анықтама  берілген: «Тiл – 

көптеген символдардың жəне осы символдардан құралған мағыналы 

қатынастарды  анықтайтын  əдістер  мен  ережелердің  жиынтығы» 




298

[12]. Мағыналы қатынастан ақпарат түсінігін ұғынатын болсақ, онда 

бұл анықтама мəні бойынша біріншісімен сəйкес келеді.

Тiлдердiң  жіктелуі 2-қосымшада  көрсетілген.  Тiлдер  екi  топқа 

жiктеледi: табиғи жəне формальды. Табиғи тiлдер – бұл ұлттық сөзден 

жинақталған тарихи тілдер. Ауызша жəне жазбаша тілдiң бар болуы 

қазiргi тiлдердiң көпшiлiктерi үшiн тəн. Табиғи тiлдердiң талдануы 

жеке  алғанда  лингвистикада,  жалпы  филологиялық  ғылымдардың 

мəні  үлкен  дəрежеде  болып  табылады.  Информатикада  табиғи 

тiлдерді  талдаумен  жасанды  интеллекттің  төңiрегiндегi  мамандар 

шұғылданады.  Бесінші  ұрпақтың  ЭЕМ-ді  жобалау  мақсаттарының 

бiрi – компьютерді табиғи тiлдердi түсiнуге үйрету. 

Формальды  тiлдер – бұл  кəсiби  түрде  қолдану  үшiн  жасан-

ды  жасалған  тiлдер.  Олар  əдеттегiдей  халықаралық  сипатты 

көрсетеді  жəне  жазбаша  формада  болады.  Мұндай  тiлдерге  химия 

формулаларының  тілі,  математиканың  тiлi,  нота  грамоталары-

музыканың тiлi жəне т.б. жатады.

Кез  келген  тiлмен  келесi  ұғымдар  байланысқан:  алфавит 

–  қолданылатын  символдардың  жиыны;  синтаксис – тiл 

конструкцияларының  жазылу  ережесi (тiлдегi мəтiн);  семантика – 

тiл конструкцияларының мағыналы тарабы; прагматика – осы тiлге 

мəтiнді қолданудың практикалық нəтижелері.

Формальды  тiлдер  үшiн  шектелген  пəндiк  аясы  құрамына 

жататындар (математика, химия, музыка жəне т.б.) тəн. Формальды 

тiлдiң белгіленуі – осы пəндiк облыс үшiн белгілі бір өзіндік қасиетке 

ие ұғымдар жəне қатынастардың сəйкес жүйелерінің сипаттамасы. 

Сондықтан жоғарыда аталған барлық тiлдiң компоненттерi (алфавит, 

синтаксис жəне т.б.) пəндiк аясының ерекшелiгiне бағытталған. Тiл 

өзінің  пəндiк  аясының  дамуымен  бiрге  толықтырылып,  өзгеріп, 

дамып отырады. Табиғи тiлдер олар өз қолдануында еш шектелмеген, 

яғни бұларды мағынасы жағынан əмбебап тілдер деп атауға болады. 

Дегенмен, кəсiби салаларға тек табиғи тiлді ғана қолдану əрдайым 

ыңғайлы  бола  бермейді.  Мұндай  жағдайда  адамдар  формальды 

тiлдердің көмегіне жүгінеді. 

Жоғарыда  келтiрiлген  тiлдер  туралы  əңгiме  (мəліметтер) 

информатиканың  негiзгi  курсының  орта  бiлiм  мазмұны  үшiн 

маңызды  орын  алады. «Тiл»  термині  оқушыларға  таныс,  олардың 

санасында  жаңа  мағынаны  қалыптастырады.  Бұл  терминнің  айна-

ласында  көптеген  ғылыми  ұғымдардың  жүйесi  құрылып  жатыр. 



299

Тiл  ұғымы  информатика  курсының  ең  маңызды  жүйе  жасаушы 

ұғымдарының бiрi болып табылады.

Бұдан əрi тақырыбымыз компьютерлік ақпараттық технология-

ларында,  ЭЕМ-мен  жұмыс  iстегенде  қолданылатын  тiлдер  туралы 

болмақ.


Компьютердегі  ақпараттарды  екі  түрге  бөлуімізге  болады: 

өңделетін  ақпараттар  (деректер,  мəліметтер)  жəне  компьютердiң 

жұмысын бағдарлаушы ақпараттар (командалар, программалар, опе-

раторлар). 

Компьютерде  өңделетін,  сақталатын,  тасымалданатын  пайдалы 

ақпараттарды  мəліметтер    деп  атау  қабылдалған.  Мəліметтердiң 

мысалдары:  математикалық  есептерді  шешу  жолындағы  сандар; 

мəтiнді  өңдеу  кезіндегі  символдық  (нышандық)  тiзбектер;  өңдеу 

үшiн  арналған  сканерлеу  жолымен  компьютерге  енгізілген  сурет. 

Компьютердегі ақпараттарды ұсыну əдiсi ақпараттарды ұсыну тiлi 

деп аталады.

Мəліметтердің  əр  түрлі  болуына  байланысты  мəліметтердің 

көрсетілімі  (ұсынылуы)  сыртқы  жəне  iшкi  болып  ерекшеленеді. 

Мəліметтердің 



сыртқы 

көрсетілімі 

адамға 


бағытталған, 

экранда,  қағазға  басып  шығаруда  ақпараттың  түрлерін  нəтижелі 

ұйымдастыруды  анықтайды.  Мəліметтердің  iшкi  көрсетілімі – 

бұл  компьютердегi  ақпарат  көздерiнде,  яғни  ақпараттарды  беру 

жолдарында,  жадыда  ұсынылады.  Компьютерде  iшкi  ақпараттық 

ұсыныстар  ақпараттармен  тiкелей  əрекет  жасауда  қолданылса, 

ал  сыртқы  ақпараттық  ұсыныстар  адаммен  байланыс  жасау  үшiн 

қолданылады.  Жалпы  айтқанда,  ЭЕМ-гі  ақпараттарды  ұсыну  тілі 

екілік кодтардың тілі болып табылады. Дегенмен, кез келген тілге, 

яғни  алфавит,  синтаксис,  семантика,  прагматикаға  ие  болатын 

қасиеттерге қарап, екiлiк кодтардың жалпы тiлi туралы айтуға бол-

майды.  Бірақ  əр  түрлі  типтегі  мəліметтер  үшін  ішкі  ақпараттық 

ұсыныстардың ережесі синтаксис жəне семантика тілдеріне өзгеше 

болады. 


Əр  түрлі  типтегі  мəліметтер  үшін  екілік  сандардың  бірізділігі 

(тізбектері)  мүлдем  əр  түрлі  мағынада  болады.  Мысалы, 

“0100000100101011”  екілік  коды  бүтін  сандарды  ұсыну  тілінде 

16683  ондық  санын  білдірсе,  ал  символдық  ақпараттарды  ұсыну 

тілінде  “А+”  деген  екі  символды  білдіреді.  Осылайша,  əр  түрлі 

типтегі мəліметтер үшін əр түрлі ішкі ақпараттарды ұсыну тілдері 




300

қолданылады. Олардың барлығы екілік алфавитке ие болады, бірақ 

символдық тізбектердің интерпретациялануымен ерекшеленеді.

Сыртқы  ақпараттарды  ұсыну  тілдері  əдетте  адамдар  үшін 

үйреншікті  формаға,  яғни  сандарды  ондық  жүйеде  көрсетуге, 

мəліметтерді  жазғанда  табиғи  тілдерінің  алфавитін  қолдануға, 

дəстүрлі  математикалық  символикаларға  жəне  т.б.  жақын  келеді. 

Мəліметтер  құрылымдарын  ұсынуда  ыңғайлы  кестелік  форма 

(реляциялық мəліметтер қоры) қолданылады. Бірақ бұл жағдайда да 

синтаксис жəне семантика тілдерінің нақты ережелері мен шектелген 

символдардың жиыны қолданылады.

Ішкі  ақпараттарды  ұсыну  əрекеттерінің  тілі  (компьютердің 

жұмысын  басқару  тілі)  ЭЕМ  процессорының  командалық  тілі 

болып  табылады.  Сыртқы  ақпараттарды  ұсыну  əрекеттерінің 

тілдеріне  жоғары  деңгейдегі  программалау  тілдері,  қолданбалы 

программалар  пакетінің  құрамына  кіретін  тілдер,  операциялық 

жүйенің  командалық  тілдері,  МҚБЖ  мəліметтеріне  манипуляция 

жасайтын  тілдер  жəне  т.б.  жатады.  Кез  келген  жоғары  деңгейдегі 

программалау  тілі  ақпараттарды  ұсыну  тəсілдерін  (ақпараттың 

бөлімі)  жəне  ақпараттарды  ұсыну  əрекеттерінің  тəсілдерін 

(операторлардың  бөлімі)  қамтиды.  Сол  тəрiздi  жоғарыда  аталған 

басқа да компьютерлік тiлдердің түрлерiн қамтиды.

Оқыту нəтижесінде оқушылар:

 

– тiл  ұғымының  функциялары  бұл  ақпараттарды  ұсыну  əдiсi 



екенін, табиғи жəне формальды тiлдердің белгіленуін, «мəлiметтер» 

жəне «кодтау» ұғымдарын білуі керек;

 

– табиғи жəне формальды тiлдеріне мысалдар келтіруге үйренуі 



керек;

 

– ақпараттармен 



алмасудың 

əмбебап 


əдісі-ақпараттарды 

ұсыну  тілдері  туралы  білімдерін  кеңейту  үшін  алынған  білім 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет