Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Тəжірибелік жұмыстарды ұйымдастыруға нұсқаулар



Pdf көрінісі
бет206/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   364
Тəжірибелік жұмыстарды ұйымдастыруға нұсқаулар

Бұл  тақырыпты  ең  төменгі  деңгейде  оқып-үйренудің  басты 

міндеті – электрондық  кестелердің  көмегімен  есептеулерді 

ұйымдастырудың  негізгі  əдістерін  үйрену.  Ол  үшін  оқушылар 

электрондық  кесте  ортасындағы  жұмыстың  мынандай  тəжірибелік 

тəсілдерін меңгеруі керек:

 

– кестелік курсорды жылжытуды жүзеге асыру, курсорды қажет 



ұяшыққа орналастыру;


382

 

– мəліметтерді енгізу: сандар, мəтіндер, формулалар.



 

– ұяшықтардағы мəліметтерді редакторлау;

 

– ұяшықтардағы ақпараттарды көшіру;



 

– жолдар мен бағандарды қою жəне жою.

Бірінші  кезеңде  неғұрлым  қиындықтар  тудыратын  теориялық 

сұрақтар – формулаларды  жазу  ережелері  жəне  салыстырмалы 

адрестеу  принципін  түсіну.  Оларды  тапсырмалар  мен  жаттығулар 

арқылы бекітуге болады.

Салыстырмалы  адрестеу  принципі – электрондық  кестенің 

қызметінің  негізгі  принциптерінің  бірі.  Формулаларда  қолданы-

латын  ұяшықтар  адрестері  формуланың  орналасу  орнына  қатысты 

анықталады.  Бұл  принциптің  мағынасын  мысалдар  арқылы 

түсіндіруге  болады. 14.1-кестесінде  С1  ұяшығындағы  формуланы 

кестелік  процессор  былайша  қабылдайды: 2 тор  көз  солға  қарай 

орналасқан  ұяшықтың  мəніне  берілген  формуладан 1 тор  көз  сол 

жақта орналасқан ұяшықтың мəнін қосу.



14.1-кесте

А

В



С

1

5



3

=A1+B1


Кестелерде формулалар MS Excel ережелеріне сəйкес жазылады. 

14.2-кесте

A

B



C

D

E



F

1

5



3

=A1+B1


=B1+C1

=C1+D1


=D1+E1

A

B



C

D

E



F

1

5



3

8

11



19

30

Формуланы басқа ұяшықтарға орналастыру барысында (көшіру, 



үзінділерді  қою  жəне  жою  барысында)  формуланың  алдындағы 

мағынасы сақталып қалады. Мысалы: С1 ұяшығынан формуланы С2 

ұяшығына көшіруде формула А2+В2 түріне ие болады. F6 ұяшығына 

көшірген кезде F4+ F5 түріне ауысады.

Салыстырмалы адрестеу принципін түсінуді бекіту мақсатында 

бірнеше  тапсырмаларды  орындауға  болады.  Ұсынылатын  тапсыр-

малардың шарттары мынандай болуы мүмкін: электрондық кестенің 

үзіндісі берілген.




383

С2 ұяшығынан формуланы D1:F1 ұяшықтар блогына көшіретін 

болса,  онда  осы  ұяшықтарда    қандай  формулалар  болады?  Бұл 

тапсырманың  орындалу  нəтижесі  формулаларды  бейнелеу  режимі 

жəне  мəндердің  бейнелену  режимі 14.3-кестеде  көрсетілген. 

Оқушылардың  электрондық  кестелерде  шешіп  үйрену  керек 

есептеулердің негізгі типтері:

1) күрделі емес есептеулер тізімдемелерін алу;

2) сандық кестелерді статистикалық өңдеу;

3) кестелік мəліметтер бойынша диаграммаларды тұрғызу;

4) параметр (баған) мəні кестені сұрыптау;

5) функцияны табуляциялау.

 

 

14.3-кесте  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет