Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Информатика орта мектептегi оқу пəні



Pdf көрінісі
бет24/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   364
2.2 Информатика орта мектептегi оқу пəні  

Мектепте оқытылатын информатика пəні қарқынды дамып келе 

жатқан  информатика  ғылымының  мазмұнын  құрайтын  сан  алуан 

мəліметтердің бəрін қамти алмайды. Дегенмен, мектеп пəнi ретiнде 

жалпы білім беру қызметін атқара отырып ғылымның мəнін ашатын, 

өте елеулі іргелі ұғымдар мен мəліметтерді, ұғымдарды қамтып, мек-

тепте оқушыларды басқа ғылымдардың негiзiн оқып үйрену үшiн, 

сонымен қатар жастарды заманауи ақпараттық қоғамдағы болашақ 

қызмет  пен  өмірге  дайындауға  қажет  бiлiм,  біліктіліктермен,  

дағдылармен қаруландыруы тиіс.

Осы  заманғы  дидактика  жалпы  бiлiм  беру  мазмұнын 

қалыптастыру  принциптерiнен  ғылым  логикасы  мен  оқу  пəнiнің 



бiрлiгi жəне қарама-қайшылығы принципiн ерекше атайды. Осыған 

байланысты Б. Т. Лихачев айтқандай, «ғылым логикасы мен оқу пəнін 

құрастырудың  бірлігі  мен  қарама-қайшылық  идеясы  ғылымның 

қайшылықтармен  дамитындығына  негізделген.  Ол  ескішілдіктер 

қат-қабатын бұза өзіне жол ашып, алға қарай секіріс жасайды, ор-

нында табандап, тіпті, артқа да шегiнедi.

Оқу пəні мазмұнының педагогикалық логикасы осы ғылымның 

негізгі категорияларының, ұғымдарының даму логикасын ескередi. 

Сонымен бiрге педагогтар мен психологтар материалды меңгеруде 

оқушылардың  жас  ерекшелiктерiнiң  ескерiлуiнiң  қажеттiлiгiн 

жетекшілікке  алып,  оны  абстракциядан  нақтыға  өршіту  сияқты, 

нақтыдан абстракцияға өршіту негiзінде ұйымдастырады» [17, 378-

б.].  Осы  жағдайға  байланысты  мектеп  оқу  пəні  информатиканың 

қалыптасу  үдерісіне  информатиканың  жеке  ғылым  саласы  ретiнде 

пайда болуы мен жаппай жалпы бiлiм беретiн орта мектепте жаңа пəн 

ретiнде енуінің арасы шамамен 10-15 жыл мейлінше өте аз мерзiм 

екендігінің əсері болатындығын атап өтуге тура келеді. Сол себептен 

мектеп информатика курсының мазмұнын анықтау жəй қарапайым 

мəселе  болмай  шығып,  тіпті  оны    жеке  пəн  ретiнде  енгiзудiң  өзi 

дау тудырды. Бұл пəннiң мектепке енгiзiлуiне бiрқатар шетел жəне 




48

отандық ғалымдар қарсы пiкiр айтып, бұл жолдың жалғыз жəне дау-

сыз еместігіне назар аударды [18, 19]. Мəселе қорытындылай келген-

де мынада: жалпы білім беретін жаңа білімде жалпы білім беретін 

мектеп үшiн жеке оқу пəнiн құрайтындар көп пе немесе барлық мек-

теп пəндерiнiң мазмұны мен оқыту технологиясымен үздіксіз байла-

ныста болатындар көп пе? 

Бұл сұраққа жауап беру үшін В. С. Леднев жасаған [20, 14] жалпы 

орта білім беру мазмұнын дамыту мəселесiнің жалпыдидактикалық 

талдауына  жүгінейік.  Өткен  ғасырдың,  тіпті, 60-жылдардың  ба-

сында  басталған  ұзақ  теориялық  жəне  эксперименттік  зерттеулер 

нəтижесінде кибернетикалық білімнің iргелi негізі жалпы мектептiк 

білім  беру  мазмұнының  құрамдас  бөлігі  болуы  тиіс  екендігі 

анықталып, бұл мəселенi шешу үшін мектеп пəндері жүйесіне жеке 

оқу курсын енгізу қажет  болды. Жаңа бiлiмнiң жалпы кибернетика-

лық табиғатына сүйене отырып, В. С. Леднев өз зерттеуінің басынан-

ақ жаңа мектеп пəнін атау үшiн «кибернетика» терминін пайдалан-

ды, бірақ бұл жағдай аталмыш қарастырылым үшін маңызды емес 

деп  санауға  болады.  Осы  мəселенiң  мəнін  толығырақ  ашайық [21-

23].


Кибернетиканың  басқарудың  ақпараттық  үдерістерінің  ортақ 

заңдылықтарын  қарастыратын  ғылым  ретінде  пайда  болуы 

қоршаған ортаны тануда маңызды  қадам болып табылды. А. П. Ер-

шов айтқандай, «зат пен энергия бірлігінің табиғаты анықталғаннан 

кейін ақпараттың бірыңғай табиғатын түсіну əлемнің материалдық 

бірлігін ұғынуға деген маңызды қадам болды» [24, 30-б.]. Осы сияқты 

материалдық  жүйелерді  ұйымдастырудың – физикалық  (заттық-

энергетикалық) жəне кибернетикалық (антиэнтропиялық) екi түрi 

туралы  жалпы  ғылыми  түсініктерге  сүйене  отырып,  В.  С.  Леднев 

ғылымның екi қатарын талдайды [14, 85-б.]:  

 

– материяның заттық-энергиялық ұйымдастырылуын (құрылы-



мын) зерттейтін ғылымдар (химия, космология, физика);

 

– материяның кибернетикалық (антиэнтропиялық) ұйымдасты-



рылуын (құрылымын) зерттейтін ғылымдар (кибернетика, биология, 

антропологиялық ғылымдар кешенi, қоғамтану, техникатану).

Бұл  ретте,  физика  мен  кибернетика  (əрқайсысы  өз  тобында) 

ақиқатты зерттеудiң мейлiнше жалпы заңдылықтарын, сəйкесiнше, 

заттық-энергетикалық  жəне  кибернетикалық  тəсілдерін  зерттейтiн 

аспектiлi  ғылым  саласына  жатады.  Осы  негiзде  жалпы  орта  бiлiм 




49

беру  мазмұны  құрылымының  тұжырымдамасы  да  қалыптасады. 

Осы  тұжырымдама  бойынша,  дербес  жағдайда,  қоршаған  əлемді 

ұйымдастыратын  екi  негізгі  аспектіні  зерттейтiн  жалпы  бiлiм 

беретiн оқу пəндерiнiң заттық-энергетикалық жəне кибернетикалық-

ақпараттық  екi тобы ерекшеленеді. Бұл пəндер тобының əрқайсысы 

өз  жүйе  құрушы  элементтерiмен  тұтас  бір  жүйе  болып  табылады. 

Заттық-энергетикалық  аспекті  жағдайында  жүйе  құраушы  пəн  фи-

зика,  ал  кибернетикалық-ақпараттық  аспекті  жағдайында  жүйе 

құраушы пəн кибернетика (информатика) болып табылады. Əлемнiң 

кибернетика-ақпараттық суреттемесі, іс жүзінде, мектептегi барлық 

пəндермен қалыптастырылады, бірақ тек кибернетика (информати-

ка) курсы ғана оқушылардың алған бiлiмдерiн қорытындылап жал-

пылай алады, яғни жүйе құраушы фактор ретiнде көріне алады [21].

Сонымен, 

жоғарыда 

сипатталған 

əлемнiң 


ғылыми 

суреттемесінiң  тұжырымдамасына  сүйене  отырып  жəне  мiндеттi 

оқу  пəндерiнiң  жиынтығы  екi  фактормен – iс-əрекеттiң  жалпыла-

ма  құрылымы мен зерттеу объектiсiнiң құрылымы арқылы болжа-

на  анықталатындығынан [14, 108-109 б.].  В.  С.  Леднев  құрамына 

кибернетикада енетiн жалпы білім беретін оқу пəндерінің мiндеттi 

тiзiмi туралы негізделген қорытынды жасайды. Бұл кезде жоғарыда 

көрсетілген  екi  фактор  жалпы  орта  бiлiм  беру  құрылымының 

тұрақтылығын  түсiндiретiн  объективті  сипатқа  ие  болады.  Бұл 

құрылымда жаңа орнықты пəндердiң пайда болуы əлемнiң ғылыми 

суреттемесіндегі елеулі өзгерiстер мен iс-əрекеттiң үстем (басыңқы) 

түрінің ауысуы салдарынан болуы мүмкін. Ең есте каларлығы,  ки-

бернетика (информатика) курсы – XX ғ. туған жалғыз ғана жалпы 

білім беретін жаңа оқу пəні, ал қалған оқу пəндері жалпы білім беру 

саласы үшiн XIX ғасырдың жемiсi болып табылады.

Қарастырылып  отырған  проблемадағы  маңызды  мəселе –  ин-

форматиканы жалпы білім беретiн мектепте қалай оқыту мəселесі: 

бұрыннан  бар  курстардың  құрамына  пəн  ретiнде  енгiзiп,  жеке 

курс  ретiнде  ме,  əлде  информатиканың  оқу  материалын  бiрқатар 

оқу  пəндерiнде  тарата  бөлiп  оқытқан  жөн  бе?  Осы  мəселенi 

кибернетиканың  жалпы  бiлiм  беретiн  курсына  қарастыра  келе, 

В.С.Леднев    жеке  пəн  пайдасына  келесі  дəйектерді  келтіреді [14, 

213-б.].

«Егер  кибернетика  бойынша  оқу  материалдарын  əртүрлі  оқу 

курстарына  бөлiп  беретiн  болсақ,  онда  пəнi  басқа  ғылымдардың 



50

құрамды  бөлiгiне  енбейтiн  кибернетиканың  зерттеу  аймағы  тура-

лы  мəліметтер  ғылымда  жүйеленетіндей  негізгі  белгілер  бойын-

ша  жүйеленбей,  басқа  оқу  курсының  логикасында  мазмұндалатын 

болғандықтан қосалқы түрде беріледі. Бұл оқушыларда кибернетика 

зерттейтін ақиқаттық облысы туралы толық емес, тіпті, бұрмаланған 

жаңсақ түсініктердің қалыптасуына сөзсіз əкеп тірейді. Оның үстіне, 

мұндай  жол  ұғымдарды  қалыптастырудың  ұтымды  дидактикалық 

құралы болып табылатын, осы ғылыммен анықталған негiзгi ұғымдық 

жəне əдiстемелiк аппарат шеңбері мен логикасында кибернетиканың 

негізгі,  іргелі  ұғымдарын  қалыптастыру  мүмкіндігін  жоққа 

шығарады.  Басқа  оқу  пəндерi  логикасында  оқылатын  кибернетика 

ұғымдары, өздерінің ұғымдық жүйесiнде бөгде бола, оқушылармен 

елеулі  мəні  шамалы,  қосалқы  нəрсе  ретiнде  қабылданатын  бола-

ды.  Сол  себептен,  орта  мектепте  кибернетиканы  оқытудың 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет