Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-ТАРАУ  ƏЛЕУМЕТТІК ИНФОРМАТИКА МАЗМҰНДЫҚ



Pdf көрінісі
бет254/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   364
17-ТАРАУ

 ƏЛЕУМЕТТІК ИНФОРМАТИКА МАЗМҰНДЫҚ 

ЖЕЛІСІН ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ

17.1 Информатика тарихы

Оқу  пəнінің  қазіргі  кезеңдегі  маңызды  сипаттамаларының 

бірі  информатиканың  əлеуметтік  мəселелеріне  баса  назар  аудару. 

Бұл  алдыңғы  кезекте,  қазіргі  уақыттағы  қоғамды  ақпараттандыру 

үдерістерімен  байланысты.  Бұл  үдеріс  адамзат  өмірінің  көптеген 

қырларына  əсер  етеді:  өндірістік  жəне  оқу  іс-əрекеті,  тұрмыс,  де-

малыс,  ойын-сауық  жəне  т.б.  қазіргі  уақытта  Интернеттің,  ұялы 

телефонның кеңінен таралуы адамзат өміріне əсер ететін маңызды 

жағдайлардың біріне айналды.

1990  жылдары  информатиканың  жаңа  тарауы – əлеуметтік  ин-

форматика  қалыптасты.  Əлеуметтік  информатика  –  əлеуеттегі 

ақпараттық  үдерістердің  өтуімен  байланысты  мəселелердің 

жиынтығын  оқып-үйрететін  ғылым  болып  табылады.  Əлеуметтік 

информатика  мəселелері  ғылыми  жəне  жоғары  мектептегі  оқу 

əдебиеттерінде кездеседі.

Əлеуметтік информатика тақырыбы мектеп информатикасының 

нормативтік  құжаттарында  да  бар.  Жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандартында жəне информатика оқу бағдарламасында «Əлеуметтік 

информатика»  тарауы  қарастырылған [1]. Бұл  тарауда  ақпараттық 

технологиялардың  қоғамдағы  рөлі,  атап  айтқанда  қоғамның 

ақпараттық  ресурстары,  ақпараттық  ресурстар  нарқы,  ақпараттық 

қызметтер,  ақпараттық  қоғамның  негізгі  белгілері,  ақпараттық 

дағдарыс себептері мен оны жеңу жолдары жəне ақпараттық қоғамды 

қалыптастырумен байланысты өзгерістер мəселелері талқыланады.

Жалпы  əлеуметтік  информатика  тарауын  үш  тақырыптық 

бағытта бөліп қарастыруға болады:

1.  Информатика тарихы.

2.  Қазіргі əлеуметтік аспектілер.

3.  Ұйымдастырушылық-технологиялық аспектілер.

А. П. Ершовтың «Информатика жəне есептеуіш техника негіздері» 

атты алғашқы оқулығынан бастап мектеп оқулықтары үшін тарихи 



441

тақырыптар дəстүрлі қарастырылып келеді. Авторлар компьютерлік 

техниканың тарихын ЭЕМ-ның дамуына байланысты түсіндірумен 

шектеледі. Ақпараттандырудың қазіргі əлеуметтік аспектілері бүгінгі 

күнде бірқатар оқулықтарында қарастырылған. Əзірше ақпараттық 

ресурстарды 

ұжымдық 

пайдаланудың 

ұйымдастырушылық-

технологиялық  аспектілері    оқулықтарда  қарастырылмай  келеді. 

12-қосымшада тақырыптың негізгі ұғымдары қарастырылған.

Кез  келген  білім  беретін  мектеп  пəнінде  тарихи  сипаттамалар 

бар. Пəннің тарихын білу оқушылар санасында оның мазмұны ту-

ралы  біртұтас  түсінік  қалыптастыруға  көмектеседі.  Мысалы,  фи-

зиканы  оқып-үйрене  отырып,  Ньютон,  Фарадей,  Резерфорд,  Бор, 

Эйнштейннің  жаңалықтарын,  Эдисон,  Попов,  Вильсонның  ойлап 

тапқан жаңалықтарын жəне т.б. білмеу мүмкін емес. Пəн тарихы – 

бұл «идеялар драмасы» жəне оның даму логикасы.

Мектеп информатикасы жалпы білім беретін пəн ретінде əлі де 

болса қалыптаспады. Ол əлі де болса өзінің іргелі мазмұнын іздеуде. 

Осы мазмұнда тарих орын алуы міндетті.

Н.  Ермеков,  Н.  Стифутинаның  оқулығында  «Есептеуіш 

техникасының  даму  тарихы»  деген  тарау  бар.  Тарау  мазмұнында 

есептеуіш  құралдар  мен  ЭЕМ-нің  пайда  болуына  дейінгі  тарих 

сипатталады:  абак,  есептеуіштер,  Паскаль  мен  Лейбниц  машина-

лары,  арифмометр,  Беббидждің  аналитикалық  машинасы,  Холле-

рит  есепші-перфорациялық  машинасы.  Содан  соң  ЭЕМ-нің  даму 

буындары  қарастырылады.  Əрі  қарай  машинаның  техникалық 

сипаттамасының  эволюциясына  назар  аударылады.  Тараудың 

соңында  қазіргі  ЭЕМ  жіктемесі,  мүмкіндіктері  жəне  əртүрлі 

сыныптағы компьютерлердің қызметі келтіріледі [1].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет