Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет40/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   364
гия,  ақпарат  туралы  түсiнiктi  қалыптастыру  туралы;  табиғаты 

əртүрлi  өзiн-өзi  басқару  жүйелерiнiң  құрылысы  жəне  жұмыс 

iстеуiнiң ақпараттық принциптерiнiң бiрлiгi туралы.

2.  Ақпаратпен  жұмыс  iстеудiң  жалпы  оқулық  жəне  жалпы 

мəдени дағдыларын қалыптастыру. 

Мұнда ақпарат көздерiн сауатты қолдану икемдiлiгi, ақпараттың 

дұрыстығын  бағалау,  ақпарат  пен  бiлiмнiң  байланысы,  ақпараттық 

үдерістердi дұрыс ұйымдастыру икемдiлiгi, ақпараттық қауiпсiздiктi 

бағалау туралы.

3. Оқушыларды мамандыққа дайындау.

Мамандыққа  көзқарастың  өзгеруiне  жəне  экономикадағы 

ақпараттық  сектор  үлесiнiң  өсуiне  байланысты  оқушыларды 

ақпаратты  өңдеумен  шұғылданатын  iс-əрекеттiң  əртүрлi  саласына 

дайындау қажет болып отыр. Бұл ақпараттандыру жəне ақпараттық 

технологиялар  құралдарын  меңгерудi  өзiне  қосып  алады.  Басқару 

саласында  алғашқы  дайындықтың  қажеттiгiн  ерекше  атап 

көрсеткенiмiз  жөн.  Көптеген  технологияға  байланысты  дамыған 

елдер  мұнда  мемлекеттiк  жəне  экономикалық  дамудың  табысты 

кепiлiн көретiнi белгiлi.



4.  Ақпараттық  жəне  коммуникациялық  технологияларды 

меңгеру  үздiксiз  бiлiм  беру  жүйесiне  өтудiң  қажеттi  шарты 

ретiнде.

Мұндай  дайындықтардың  қажеттiлiгi  үздіксiз  бiлiм  беру 

ерекшелiктерiнен:  жекелей  бiлiм  беру  бағыттарының  жүзеге  асуы-

нан,  бiлiм  беру  үдерістерiнiң  саралануынан,  оқыту  құралдары 

рөлiнiң  күшеюiнен  шығады.  Оқушыларға  информатикалық  бiлiм 

беру мақсатына неғұрлым толық түрдегi қазiргi көзқарастар ғасырлар 

тоғысында  қаралған 12-жылдық  мектеп  тұжырымдамасының [38, 

39]  негiзделуiмен  байланысты  жарыққа  шықты.  РБА  академигi                          

А.  А.  Кузнецовтың [40] осы  жағдайларға  байланысты  келтiрген 

жəне  оған  сiлтеме  жасаған  аргументтерi  информатикадан  жалпы 

бiлiм  берудiң  негiздерiн  дамытуға  бағытталған,  яғни  ол  информа-

тикадан бiлiм беру мазмұнындағы технологиялық компоненттердiң 

орнын жеткiншек ұрпақты мамандыққа дайындаудағы құрал ретiнде 

қарастырады. Ол В. Г. Кинелевтiң [41] пiкiрiне сiлтеме жасай отырып, 

яғни “… бiлiм берудiң жаңа парадигмасын логикалық байланысқан 



77

үштiк  ретiнде  тұжырымдайды:  əлемнiң  бiртұтас  бейнесiнен – 

бiртұтас,  толық  бiлiмге  жəне  ол  арқылы – толық,  бүтiн  тұлғаға”, 

А.  А.  Кузнецов  өз  тұжырымын  ұсынады, “… бiлiм  берудiң  басты 

мақсаты, адамның iс-əрекетi мен ойлауының жаңа тəсiлдерiн беретiн 

бiртұтас, толық дүниетаным қалыптастыру”-деп атап көрсетедi [40]. 

12  жылдық  білім  беру  жағдайында  оқытудың  мақсаты – «...

қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, 

жеке  басының,  сондай-ақ  қоғам  пайдасына  қарай  өзін-өзі  толық 

жүзеге  асыруға  дайын  білімді,  шығармашылыққа  бейім,  құзыретті 

жəне  бəсекеге  қабілетті  тұлғаны  қалыптастыру  мен  дамыту»  бо-

лып  табылады [32]. Осындай  тұлғаны  қалыптастыруда  информа-

тиканы  оқып-үйренудiң  маңыздылығын  бағалау  қиынға  түседi. 

Сондықтан  да  əлемнiң  ғылыми  бейнесiн  қалыптастыру,  мектепте 

информатиканы  оқып-үйрену  мəселелерiнiң  iшiндегi  ауқымдысы 

болып отыр. Мұндай тұжырымдардан информатиканың білім беру 

мақсаты – мазмұнның ақпараттық бөлігі (түрлі ақпарат көздерінде 

ақпараттарды  іздеу,  сынау,  түрлендіру,  жеткізу);  техника  бөлігі 

(компьютер  құрылымы,  жұмыс  істеу  механизмі,  есептер  шығару), 

операциялық  жүйе  бөлігі  (операциялық  жүйені  баптау,  файл-

дар  құру,  операциялық  жүйенің  стандарттары  программаларын 

қолдану),  қолданбалы  программалар  бөлігі: (Word, Ехсеl, Access), 

программалар бөлігі (Паскаль, объектіге бағдарланған программалау 

тілдері туралы алғашқы түсінік) негізін меңгертіп, оқушылардың іс-

əрекетінің əмбебап тəсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нəтижесі 

ақпараттық құзырлылығын қалыптастыруды көздейді.

Ақпараттық  құзырлылық  дегеніміз  алға  қойылған  мақсаттарға 

жету  үшін  ақпараттық  технологиялардың  көмегімен  ішкі  жəне 

сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық, оқушының білім 

беру  жүйесіне  деген  əлеуметтік  тапсырысты  құрайтын  жеке  жəне 

қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатында табысты іс-əрекетке 

дайындығы [42].

Ақпараттық құзырлылықты екі құраушының жиынтығы ретінде 

қарастырады:  компьютерлік  сауаттылық  пен  ақпараттық  мəдениет 

[43].  Бұдан  информатика  саласынан  оқушыларға  білім  беру 

мақсатының даму эволюциясын схема түрінде былай белгілеуге бо-

лады (3.3-сурет):



78



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет