Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Информатика жəне есептеуіш техника негіздері



Pdf көрінісі
бет46/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   364
4.2 Информатика жəне есептеуіш техника негіздері 

оқу пəнінің алғашқы жоспарының құрылымы мен 

мазмұны

«Информатика  жəне  есептеуіш  техника  негіздері»  курсының 

бірінші  оқу  жоспары  негізіне (1985) үш  базалық  ұғым  алынды: 

ақпарат – алгоритм – ЭЕМ [7]. Осы ұғымдар мектептегі информати-

ка мəнінің мазмұнына концептуальды негіз болды, осы жүйе арқылы 

оқушылардың  міндетті  меңгеруіне  тиiстi  ұғымдардың  теориялық 

даярлық көлемi анықталды.

Оқыту 


мазмұнының 

мақсаты 


алгоритмдік 

тəсілдердің 

іргелі  компоненттеріне,  онан  əрі  оқушылардың  компьютерлік 

сауаттылығына негізделді. Информатиканың жаңа мектеп курсының 

міндеттері төмендегідей анықталды [7, 5-6 б.]:

 

– сегіз  жылдық  мектептің  алгебра  курсын  жүйелеу  жəне 



алгоритмдік бағытын аяқтау;

 

– алгоритмдеудің негізгі біліктіліктерін меңгеру;



 

– алгоритмді іске асыруды автоматтандыру мүмкіндіктері жай-

лы ұғымды қалыптастыру;

 

– алгоритмнің  қолданбалы  жəне  политехникалық  бағытын 



күшейту, ЭЕМ көмегімен алгоритмдерді нақты іске асыру жолдарын 

қарастыру;

 

– микрокомпьютер  жұмысының  жалпы  принциптерін  үлгi 



ретiнде ала отырып қазіргі заманғы есептеуіш техниканың негізімен 

таныстыру;

 

– ЭЕМ  арқылы  есептерді  шешу  кезеңдері  жайлы  түсінік 



қалыптастыру;

 

– есептеуіш техниканың қолданылатын негізгі салалармен жəне 



оның қоғамның дамуындағы рөлімен таныстыру.

 

– ИЕТН  курсы  сол  кезеңдегi  оқу  жоспарына  сəйкес  орта 



мектептің жоғарғы екі сыныбында оқытылды. 9 сыныпта 34 сағат (ап-

тасына 1 сағаттан) бөлінді. 10 сыныпта оқушылардың практикалық 

жұмысының  мүмкіндігіне  байланысты  курс  мазмұны  екі  нұсқада 

берілді – толық жəне қысқа:

 

– толық  курсы (68 сағат) – оқушылардың  сабағын  есептеу 



орталықтарында жүргізуге мүмкіндігі бар немесе есептеуіш маши-

налары бар мектептерге арналған;

 

– қысқа  курс (34 сағат) – ондай  мүмкіндіктері  жоқ  мектептер 



үшін.


86

10-сыныпқа  арналған  курстың  теориялық  бөлімі  екі  нұсқада 

да  бірдей,  айырмашылығы  тек  практикалық  бөлімінің  көлемі  мен 

мазмұнында болды. ЭЕМ бар мектептерде қарастырылған қосымша 

34 сағат əртүрлі есептерді шешуге ЭЕМ қолдануға, компьютерді пай-

далану  дағдыларын  үйренуге  жəне  оны  бағдарламамен  жасақтауға 

арналды.  Курс  мазмұнын  анықтағанда,  ондағы  тақырыптардың 

ретімен оқытылуына басты назар аудару керек. Осы екі мақсат (оқыту 

мазмұнын анықтау жəне оқыту реттілігін тиімді құру) өзара тығыз 

байланысты  болып  табылады.  ИЕТН  курсының  негізгі  мазмұны 

бағдарламаға [7] сəйкес төмендегідей тақырыптардан құралды:

9-сынып 


(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

1. Кіріспе – 2 сағат 

2. Алгоритмдер. Алгоритмдік тіл – 6 сағат 

3. Алгоритмдер. Шамалармен жұмыс – 10 сағат 

4. Есептер шығару үшін алгоритм құру – 16 сағат 

10-сынып


(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)

5. ЭЕМ жұмысы жəне құрылым принциптері – 12 сағат 

6. Программалаумен танысу – 16 сағат 

7.  Қазіргі  қоғамдағы  ЭЕМ  рөлі.  Есептеуіш  техниканың  даму 

болашағы – 2 сағат 

8. Есептеу орталығына экскурсия – 4 сағат 

ИЕТН  курсының  бірінші  нұсқасында  толық  логикалық-

дидактикалық  талдау  мұғалімдер  үшін  арнайы  кітаптарда [9, 10] 

берілген,  онда  оқу  материалдарының  жаңа  бөлімдері  жəне  оларды 

оқытудың əдістемелік ерекшеліктері егжей-тегжейлі түсіндірілген.

Біріншіден, бөлімді оқу нəтижесінде оқушылар информатиканы 

ЭЕМ-де есептер шығару жəне оның тəсілдер туралы ғылым ретінде, 

информатиканың  есептегіш  техникалармен  өзара  байланысын  та-

нып  білуі  тиіс.  Бірінші  бөлімдегі  маңызды  ұғымдар – алгоритмді 

түсіну,  ең  маңызды  білік – есептің  шығарылуын  алгоритм  түрінде 

көрсете білу жəне оны алгоритм тілінде жаза білу. Соған байланысты 

оқушылар алгоритмнің мəнін түсініп, оның қасиеттерін білуі керек. 



87

Сонымен қатар, алгоритм тілінің негізгі құрылымдарының жазылу 

ережесін,  шамалардың  түрлерін,  алгоритм  қадамдарын  есепке  алу 

əдісі ретінде кестелік мағыналарды пайдаланып, алгоритмдердің ма-

шинасыз атқару принциптерін бақылай білуі керек. Бірінші бөлімнің 

соңғы  тақырыбын  оқығаннан  кейін  оқушылар  ЭЕМ-де  есептеу 

кезеңдерімен танысады, сөйтіп, практикалық есептерді компьютер-

де орындау туралы алғашқы түсінікке ие болады. 

Курстың  екінші  бөлімінің  мазмұны  информатиканы  бірінші 

жылда  оқытуға  енгізілген  түсініктерді  толықтырады  жəне  байыта-

ды,  оқушылардың  компьютерлік  сауаттылығын  қалыптастыруға 

ғылыми негіз қалайды. ЭЕМ құрылымы туралы алған мағлұматтарын 

одан  ары  қарай  дамытып,  ЭЕМ  жұмысын  программалық  басқару 

принциптері ашылады, программалардың автоматты орындалуымен 

танысады.

Сонымен  қатар  программалау  бөліміне  де  маңыз  беріледі, 

бұрынғы  алған  білімдеріне  қосымша  алгоритмдік  тілдің  жаңа 

құрылымдары, таңдау командасы, параметрлік цикл, функциялардың 

мəнін  есептейтін  алгоритмдер,  мəтінмен  жұмыс  iстеу  амалдары 

енгізіледі.

Программалау  тілі  жайлы  алғашқы  мəліметтер  беріледі,  сол 

арқылы  ЭЕМ-да  оқушылар  программаларды  орындау  үдерісімен 

танысады. Курстың соңында оқушылар ЭЕМ қолданылатын негізгі 

салалармен  танысып,  аз  да  болса  адам  іс-əрекетінің  тиімділігін 

арттырудағы компьютердің маңызы туралы түсініктер алады.

Мектептерде  ЕТ  кабинеті  болмаған  жағдайда  бұл  тақырыпты 

оқытқанда ЭЕМ пайдаланатын мекемелерге экскурсияның маңызы 

зор.


ИЕТН курсының [7] жоспарында қарастырылған алгоритмдерді 

сипаттайтын оқу құралына қосымша əдебиет ретінде А. П. Ершовтың 

жетекшілігімен  басылып  шыққан  алгоритмдiк  тіл  туралы  оқу 

құралы, енді біршама уақыт өткеннен кейін бiз бұл тіл алгоритмдеу 

негіздерін  «машинасыз  нұсқада»  оқытудың  ең  жақсы  тиімді  тəсілi 

екендігін нақты айта аламыз. Жазудың белгілі бір еркіндігін меңгере 

отырып, алгоритмдік тіл алгоритмдеудің барлық негізгі ұғымдармен 

жəне  əдістерімен  таныстыруға  мүмкіндік  береді.  Сондай-ақ,  оның 

өзіне еліктіргіш қасиеттері бар, сондықтан да алгоритмдерді жазуға 

арналған дидактикалық құралдарды таңдағанда, осы алгоритм тіліне 

ден қойылады.



88



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет