– ақпаратты өңдеу.
информатикадан мектеп оқулықтарындағы пікірлерді талдайық.
мəселелерінің негізгі өзегі шығады.
287
адам жасаған техникалық жүйелердің барлық деңгейінде жүзеге
асырылатын ақпараттық үдерістер болғандықтан, ол метағылым
болып табылады.
Пəннің атауына байланысты «информатиканың» негізгі ұғымы
«ақпарат» болып есептелінеді. Сонымен бірге информатика саласы
мамандары үшін ең күрделісі «Ақпарат дегеніміз не?» деген сұрақ
болып саналады. Бұл сұрақтың бірыңғай дұрыс жауабы жоқ!
Ақпарат ұғымы тақырыбына пікірталас бірқатар ғылыми еңбектерде
кездеседі. Информатиканың парадоксы, «Ақпарат дегеніміз
не?» іргелі сұрағына бірыңғай жауаптың болмауына қарамастан,
информатиканың қосымшасы – ақпараттық технологиялар – табысты
дамуда жəне қоғамдағы адамдарға маңызды түрде ықпал етуде.
Информатика – əлі де болса жас ғылым. Біздің пікірімізше,
адамның технологиялық жетістіктеріне қарамастан, ежелгі адамдар
еңбек құралдарын (дөңгелек, рычаг жəне т.б.) физика заңдарын
пайдаланбай-ақ, өзінің практикалық тəжірибесіне сүйеніп, ойлап
тауып жəне жетілдіргеніне ұқсас, адамзат «интуитивті информатика»
деңгейінде қалуда. Ақпарат табиғатына қол жеткізуге ұмтылу – бұл
зат табиғатын білуге ұмтылдыратын физикалық ғылыммен қатар,
адамзат үшін маңызды өнімдерді беруге мүмкіндігі бар ғылымның
қозғаушы күші.
Мектеп курсында ақпарат ұғымын талқылаудың қажеттілігінің
əдіснамалық себептері де бар. Дидактиканың іргелі принциптеріне
– оқу курсының жүйелілігі принципіне сəйкес – информатика
курсының оны бір бүтінге байланыстыратын жүйе құраушы негізі
болуы керек. Информатика пəнінің анықтамасы бойынша мұндай
негізге ақпарат жəне ақпараттық үдерістер жатады. Қазіргі ғылымда
«Ақпарат» ұғымы аясында талқыланатын мəселені негіздей отырып
түсіндіруге тырысқан мұғалім, ақпарат туралы бірнеше сілтеме
берілген арнайы əдебиеттен қарауына болады [1].
«Ақпарат» ұғымының мəнін ашуға байланысты жеке ғылым
тұрғысынан, сонымен қатар философиялық тұрғыдан бірнеше
пікірлер қалыптасқан. Философияда ақпаратқа екі түрлі көзқарастар
танымал. Оларды атрибутивтік жəне қызметтік деп атайды.
Атирибутивтік көзқарас тұрғысынан ақпарат материалдық
əлемнің барлық нысандарының қасиеті бар, сондай-ақ материя
атрибуты. Бұл мағынада ақпарат – кез келген материалдық жүйенің
реттелгендігінің, құрылымдылығының өлшемі [2].
288
Қызметтік көзқарас тұрғысынан ақпаратты жинақтауға
қабілеттілікті, ақпараттық іс-əрекетті тірі табиғаттың нысанда-
рына жататын өзіндік ұйымдастырушы жүйе ғана игереді. Соны-
мен қатар ақпарат адамның ойлау іс-əрекетінің мазмұны ретінде
қарастырылатын антропоорталықтандырылған көзқарас та бар.
Бұл тұрғыдан «ақпарат – бұл адамның ойлау аппаратында
мəліметтерді алғаннан кейінгі пайда болатын түсінік (мағына,
түсінік, интерпретация)» [1]. Адамның санасында жинақталатын
ақпарат оның білім жүйесін бейнелейді.
Жалпы білім беретін информатика курсын құрастыруда
терминологиялық қарама-қайшылықтарды шешуге тура келеді.
Бір жағынан, ұғымдар жүйесі жəне оған сəйкесінше оқу курсы
аясындағы терминология бірыңғай болуы тиіс. Басқа жағынан,
ғылымда, өндіріс саласында қалыптасқан, кеңінен пайдаланылып
жатқан терминология, тұрмыста оқу пəнінің тізбектелген термино-
логиясымен қарама-қайшылықта болуы мүмкін. Мұндай қарама-
қайшылық адам іс-əрекетінің жаңа саласында информатика пəнін
оқытуда да туындайды. Жалпы білім беру жүйесіне «Информатика»
пəнін енгізу, пəн аясындағы жалпы тілді қалыптастыруға əсер етуі
тиіс. Сондықтан оқулық авторлары, информатика пəні мұғалімдері
терминологияны пайдалануға ерекше мəн беруі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: