Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет161/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

Теориялық мəліметтер

Информатика  пəні  бойынша  жаңа  білім,  біліктіліктер 

мен  дағдыларды  меңгеру  сабағы  келесідей  құрылымға  ие: 

1)  ұйымдастыру  кезеңі; 2) жаңа  білімді  беру-меңгеру; 3) бекіту – 

білім,  біліктілік  жəне  дағдыларды  болжау; 4) тақырып  бойынша 

əрі қарай жұмысқа нұсқау жəне үйде, кітапханада өзіндік жұмысқа 

арналған нақты тапсырмалар.

«Информатика»  курсының  жеке  тақырыбын  оқып-үйренуді 

аяқтау  білімді  бекіту,  біліктілік  пен  дағдыларды  қалыптастыру 

сабағын  өткізуді  талап  етеді.  Ол  келесі  құрылымды  қамтиды: 

1) ұйымдастыру кезеңі; 2) өткен материал бойынша күрделілігі əртүрлі 

жаттығулар; 3) оқушылардың жасалынған жұмыстарының нəтижесін  

демонстрациялау; 4) мұғаліммен  жұмыс  қорытындысын  шығару. 

Бұл  мағынада  жаттығуларды  жоспарланған  ұйымдастырылған 

қайталанған əрекетті орындау арқылы білімді меңгеру мен оның са-

пасын арттыру мақсатындағы оқыту əдісі ретінде қарастыру керек.

Жаттығулар келесідей талаптарға жауап беруі тиіс: оқушылардың 

іс-əрекет сапасын арттыру мақсатындағы саналы бағытталғандығы; 

саналы  есеп  жəне  орындалуы  қажет  шарттарының    бақылануы; 

алынған нəтижелерге есеп; қайталауға уақыт бөлінуі. Оқушыларға 

берілетін  жаттығулардың  дидактикалық  тізбектілігі: 1) білімді 

меңгеруге  арналған,  оқу  материалын  есте  сақтауға  бағытталған 

жаттығу; 2) білім сапасын тексеруге арналған жаттығу – меңгерілген 




332

материалды көрсетуді ұсынады; 3) практикалық іс-əрекетінде білімді 

қолдану арқылы біліктілікті қалыптастыруға  арналған жаттығу; 4) 

іздеу іс-əрекетінде бұрыннан бар білімді өз бетімен қолдануды талап 

ететін шығармашылық типтегі жаттығу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет