Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет176/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   364
Қолданбалы  ПЖ  дегеніміз  не?  Оқушыларға  қолданбалы 

программалар  қызметін  түсіну  жеңілірек.  Бұл  пайдаланушының 

ақпараттық 

қажеттілігін 

қанағаттандыратын 

программалар: 

компьютерлік ойынды ойнау; əңгімені баспаға шығару; экранда су-

рет  салу  жəне  оны  қағазға  басып  шығару;  компьютерлік  сөздікте 

ағылшын  сөзінің  аудармасын  табу;  есептеуді  экранда  бейнеленген 

калькулятор  көмегімен  орындау,  компьютер  көмегімен  жол  жүру 

ережесін оқып-үйрену жəне т.б.

7-сыныпқа  арналған  оқулықта  қолданбалы  программалық 

жабдық  мəліметтерді  өңдеудің  нақты  есептерін  шешуге  арналған. 

Олардың көмегімен құжаттар мен графикалық объектілерді құруға, 

есептеулер  жүргізуге,  бос  уақытты  дұрыс  ұйымдастыруға  болады 

делінген [2]. Сонымен қатар қолданбалы программалық жабдықтың 

түрлері қарастырылып, оларға мысалдар келтірілген.

Мұғалім  міндеті – оқушыларға  қазіргі  компьютерлердің 

қолданбалы  мүмкіндіктерін  айту  жəне  көрсету.  Қазіргі  ақпараттық 

технологиялар-  бірнеше  қолданбалы  программалар  жиынтығынан 

тұрады.  Бірінші  сабақта  аталған  тақырып  бойынша  мектеп 

компьютерінде  қамтылған  бірқатар  қолданбалы  программаларға 

мысалдар келтіріңіз.



347

Мысалы,  егер  біздің  сыныбымыздағы  дербес  компьютерлерде 

Windows  операциялық  жүйесі  орнатылған  болса, «Стандартные» 

тобындағы  «Калькулятор», «Блокнот», «Paint» программаларды, 

олардың қызметін түсіндіре отырып көрсетіңіз.

Аталған  қолданбалы  программалық  жабдық  құралдарын  оқып-

үйрену «Ақпараттық технологиялар» мазмұнындағы тақырыптарды 

оқып-үйрену барысында жүзеге асырылады.



Программалау жүйесінің қызметі. Программалау жүйелері ту-

ралы алғашқы түсінік жалпы түрде берілуі тиіс. Оқушыларға мына-

дай түсініктер берілуі тиіс:

 

– компьютерлерге  арналған  программаны  программистер 



құрастырады;

 

– программистер программаларды программалау тілдерінде жа-



зады;

 

– көптеген  программалау  тілдері  (Паскаль,  Бейсик,  Фортрон 



жəне т.б) бар;

 

– программалау жүйелері программистке компьютерге програм-



маны енгізуге, өңдеуге, тестілеуге, орындауға мүмкіндік береді.

 

– оқушыларға  программалау  тілдерінің  қайсысымен  мектепте 



танысу қажет екенін хабарлау пайдалы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет