Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет225/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   364
15.1-суретМатематикалық модельдің жалпыланған құрылымы

Осындай құралдармен жүзеге асатын математикалық модельдерді 

компьютерлік математикалық модельдер деп атайды.

Компьютерлік  математикалық  модельдерді  жасау  мақсаты – 

модельденетін  жүйені  зерттеуге,  оның  тəртібін  болжауға,  тиімді 

параметрлерді таңдап алуға жəне т.б. мүмкіндік беретін есептеуіш 

тəжірибені жүргізу.

Компьютерлік  математикалық  модельдің  сипаттама  белгілеріне 

мыналар жатады:

 

– модельдеудің нақты нысанының болуы;



 

– нысанның  сандық  сипаттамаларының  болуы – кіріс  жəне 

шығыс параметрлері;

 

– кіріс  жəне  шығыс  параметрлерінің  арасында  математикалық 



байланыстың болуы;

 

– модельдің нақты бір компьютерлік құралдың көмегімен жүзеге 



асырылуы.

Эволюциялық  типтегі  математикалық  модельдің  электрондық 

кестеде жүзеге асырылуы көрсетілген [3].

Компьютерде жүзеге асырылатын модельдердің ерекше класы – 

имитациялық модельдер.

Имитациялық модельдеуге мынандай анықтама берілген [3]:

Имитациялық  модель  элементтері  кездейсоқ  болатын  күрделі 

жүйенің тəртібін көрсетеді, яғни басқаша айтқанда олардың тəртібін 

алдын ала болжау мүмкін емес.

Осындай жүйеде болатын үдерістерді болжау тек компьютерлік 

модельде тəжірибе жасау арқылы жүзеге асады.

Имитациялық модельге броундық бөлшектердің – сұйықтықтың 




412

бетінде жеңіл бөлшектердің молекулалармен соқтығыстары əсерінен 

орын ауысатын  хаостық қозғалыстарын компьютерде көрсету мыса-

лы жатады. Броундық бөлшектердің траекториясын алдын ала есеп-

теу  мүмкін  емес,  бірақ  бөлшектердің  молекулалармен  кездейсоқ 

соқтығыстарын  модельдей  отырып,  графикалық  анимацияның 

қолданып, бөлшектердің хаостық қозғалыстарын көрсетуге болады.

Имитациялық  модельдерге  бұқаралық  қызмет  көрсету 

жүйелерінің  модельдері  жатады:  сауда,  автосервис,  жедел  жəрдем 

жəне  т.б.,  яғни  қызмет  көрсетуге  түскен  сұраныстар  жəне  бір 

сұранысқа  көрсетілетін  қызмет – кездейсоқ  оқиғалар.  Тағы  да 

имитациялық  модельге  қала  көшелеріндегі  көлік  ағындары 

қозғалысы  жатады.  Осындай  модельдердің  көмегімен  жүйелердің 

қызметінің  тиімді  режимдерін  табуға  болады:  қызмет  көрсету 

жұмыстарының кестесі, көше қиылыстарындағы бағдаршамдардың 

жұмысының режимі жəне т.б.

Электрондық кестеде имитациялық модельдің жүзеге асырылуы 

көрсетілген [6]. Бұл «Өмір» ойынының типі бойынша эволоюциялық 

модель. «Өмір» ойынында кеңістік екі өлшемді екендігі белгілі. Ал 

[6]  оқулықта  ықшамдалған  нұсқасы  келтірілген,  яғни  бір  өлшемді 

өмірлік кеңістік қарастырылған.

Оқыту нəтижесінде оқушылар:

 

– «математикалық  модельдеу», «компьютерлік  математикалық 



модель», «компьютерлік тəжірибе», «имитациялық модельдеу», ком-

пьютерде математикалық модельдеудің негізгі кезеңдері ұғымдарын 



білуі керек;

 

– қарапайым  математикалық  модельмен  есептеуіш  тəжірибе 



жүргізуді,  электрондық  кестеде  күрделі  емес  математикалық 

модельдерді жасай алуы керек;

 

– нысандар  мен  үдерістердің  дайын  моделін  қолданып 



компьютерлік  тəжірибені  жүргізу  үшін  күнделікті  өмірдегі 

тəжірибелік қызметтен алған білім жəне біліктіліктерін күнделікті 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет