Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-ТАРАУ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ МАЗМҰНДЫҚ  ЖЕЛІСІН



Pdf көрінісі
бет234/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   364
16-ТАРАУ

ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ МАЗМҰНДЫҚ  ЖЕЛІСІН 

ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ

Оқу əдебиеттеріндегі тақырыпты ашу тəсілдері

Компьютерлік  телекоммуникациялар – ақпараттық  технология-

лардың динамикалық түрде дамып отырған бір саласы. Бұл мектеп-

тегі информатика курсында аталған тақырыпты оқытудың мазмұны 

мен  нəтижесінің  нормативті  талаптарының  өзгерістерінен  де 

байқалады. 1999 жылдың міндетті минимумында оқыту нəтижелеріне 

қойылатын  талаптарда  “....электрондық  пошта  жұмысы  туралы, 

Интернеттің негізгі ақпараттық қызметтері туралы түсініктер болу 

керек”  делінген. 2004 жылдың  үлгі  бағдарламасында  оқушылар 

“компьютерлік  желілерде  іздеу  (сұраныстарды  құру)  ережелерін 

қолданып  ақпаратты  іздеуді”  білуі  керек,  жəне  алған  білімі  мен 

біліктілктерін «оқу жəне жеке хат алмасуларда телекоммуникациялық 

арналар  бойынша  ақпаратты  беруде»  қолдана  білулері  керек. 

Талаптардағы осындай өзгерістер жалпы білім беретін мектептерде 

компьютерлік  желілердің,  телекоммуникацялық  қызметтердің  қол 

жетімділігінің өсуіне байланысты мүмкін болып отыр. Осы саладағы 

қарқындылық өте жоғары дəрежеде болуда (11-қосымша).

Мектеп оқушылары алғаш рет телекоммуникация сұрақтарымен 

7-сыныпта  танысады.  Бағдарламаға  сəйкес  олар  интернет  жəне 

оның пайда болу тарихы туралы мағлұмат алып, интернеттің негізгі 

ұғымдарымен (хаттама, интернеттегі адрес, гипермəтін, электрондық 

пошта жəне т.б.) танысады [1].

Ал 9-сыныпта  «Компьютерлік  желілер»  тарауы  компьютерлік 

желінің  негізгі  түрлерін,  жергілікті  желілер,  байланыс  хаттамала-

ры,  желіде  жұмыс  істеуге  арналған  жаңа  ақпараттық  технология-

лар,  ауқымды  компьютерлік  желі,  электрондық  пошта  сұрақтарын 

қамтиды [2].

Информатиканың  негізгі  курсы  бойынша  оқулықтарда 

компьютерлік  телекоммуникациясының  төртінші  буыны  тақы-

рыбы  алдыңғыларына  қарағанда  толығырақ  берілген.  Н.  В.  Мака-

рованың [3] оқулығында  «компьютерлік  желілердің  аппараттық 



421

қамтамасыздандырылуы»  тақырыбы  бар,  мұнда  жергілікті  желі, 

аймақтық  жəне  корпоративтік  желі,  ауқымды  желі  сияқты  негізгі 

ұғымдары  қарастырылған.  Желінің  негізгі  техникалық  құралдары 

туралы  айтылған:  байланыс  арналары,  желілік  адаптерлері  жəне 

моделдер,  ТСР/IP  желілік  хаттамасы  ұғымы  енгізілген.  Мате-

риал  түсінікті  деңгейде,  технологиялық  детальдарсыз  берілген. 

Компьютерлік желілердің ақпараттық қызметтері туралы оқулықта 

айтылмаған.

Ақпараттық  технологиялары  бойынша  тəжірибеде [3] «Ин-

тернет  ауқымды  желісінің  коммуникациялары»  тарауы  бар. 

Тəжірибиелік  жұмыстар  барысында 3 мəселе  шешіледі: Internet 

Explorer браузерімен жұмысты меңгеру, HTML – құжаттарды жасау 

негіздерін меңгеру, электрондық поштамен жұмыс істеу дағдыларын 

меңгеру.

Н.  Д.  Угриновичтің [6] оқулығында  коммуникациялық 

технологияларға 5-тарау  арналған.  Мұнда  интернет  туралы:  желі 

құрылысы, интернетке қосылу тəсілдері, техникалық құралдар, ин-

тернет  адресінің  жүйесі,  желі  бойынша  мəліметтерді  маршруттау 

жəне  тасымалдау  жеткілікті  толық  қарастырылған.  Интернеттің 

іздеу  серверлерімен  жұмыстың  негізгі  тəсілдері  сипатталған, 

коммерциялық сипаттағы қызметтер туралы айтылған.

Веб  сайттарды  жасауға  арналған  тарауда HTML тілінің  негізгі 

ұғымдары енгізіледі, веб-беттерді құрастырудың тəсілдері берілген. 

Барлық материал компьютер жəне программалық жабдықтау сайтын 

əзірлеудегі оқу мысалымен берілген. Беттерді форматтау, кескіндер 

мен гиперсілтемелерді қою тəсілдері көрсетілген. Тереңдетіп оқып-

үйрену материалы ретінде веб-беттерде мəтіндік өрістер мен мəтіндік 

аймақтары,  жасаушыларды,  ауыстыру  қосқыштарды,  командалық 

батырмаларды қамтитын сауалнаманы əзірлеу (интерактивті форма-

ны) тəсілдері сипатталған.

И. Г. Семакин жəне т.б. [5] оқулықта компьютерлік телекоммуника-

ция тақырыбы «компьютерлік желілерде ақпаратты беру» тарауында 

ашылады. Нақты ақпараттық жəне программалық құралдарға тəуелсіз 

желілік  технологиялардың  негізгі  ұғымдары  енгізіледі.  Жергілікті 

желілер сипаттамасында оларды ұйымдастыру тəсілдері (бір белгілі 

жəне  ерекшеленген  сервермен)  жəне  қызметтері  (файлдармен  ал-

масу,  ресурстарды  бөлісу)  туралы  айтылған.  Ауқымды  желілердің 

сипаттамасында  негізгі  ақпараттық  құралдар  жəне  ақпараттық 



422

қызметтер 

сипатталады. «Клиент-сервер» 

технологиясының 

мағынасы,  хаттамалардың  міндеттері  түсіндіріледі.  Ақпараттық 

қызметтердің  түрлерінен  элктрондық  пошта  мен World Wide Web-

бүкіл дүниежүзілік өрмек толық сипатталған. Интренетте ақпаратты 

іздеу тəсілдері, іздеу жүйелерінің сұраныстар тілі туралы айтылған. 

Компьютерлік коммуникация тақырыбына арналған тəжрибелік ма-

териал [4] есептер тəжірибеде берілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет