Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-ТАРАУ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет264/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   364
18-ТАРАУ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ 

БАҒЫТТАҒЫ ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА 

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ МƏСЕЛЕЛЕРІ

18.1 Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 

жоғары сыныптарда информатиканы оқыту 

ерекшеліктері

Жаратылыстану-математикалық  бағыт  үшін  «Информатика» 

пəнін  игеруде  информатиканың  алгоритмдер  мен  программалау, 

ақпараттық  технологиялар,  ақпараттандыру  құралдары  бөлімдері 

техникалық  жəне  жаратылыстану-ғылыми  қызмет  саласында 

қолдану мүмкіндіктерін ашуға бағытталып қарастырылады.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптарда  

«Информатика»  пəні  мазмұнының  негізі  ретінде  келесі  аспектілер 

алынады:

1)  іргелі  ғылым  ретінде  информатиканың  қазіргі  жағдайының 

мектеп курсына сəйкес бейнеленуі;

2) «ақпараттық үдеріс» ұғымы арқылы оқыту мазмұнын сабақ-

тастыру  негізінде  информатиканың  ғылыми  пəн  ретіндегі  мəнін 

көрсету;


3)  оқу  материалын  адамгершілік,  ізгіліктілік,  патриоттық  жəне 

т.б. тəрбиелік құндылықтармен байыту;

4)  оқушылардың  ойлауын  қалыптастыру  жəне  дамыту,  оларға 

шектен тыс ақпараттар ағымымен қаруландыруға мүмкіндік бермеу;

5) ақпаратпен тиімді жұмыс істеу əдістеріне үйрету;

6) информатика курсының пəнішілік жəне пəнаралық байланыс-

тарын белсенді түрде қолдану;

7) тəжірибеде қалыптастырылған білім мен біліктіліктерді жал-

пылай қолдану тəсілдеріне үйрету.

Жаратылыстану-математикалық  бағыт  үшін  «Информатика» 

пəнінің  теориялық  жəне  тəжірибелік  мазмұны 1:1 қатынасы  бо-

йынша  құрылған.  Информатика  сабағын  өткізу  барысында 20 ми-

нут  теориялық  бөлімге,  ал 25 минут  тəжірибелік  бөлімге  арналып 

оқытылады.




455

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сынып-

тар оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

10-сынып оқушылары:



Нені білу керек:

 

– қолданушылық интерфейс мəнін;



 

– жоғарғы деңгейдегі программалау тілдері орталар түсінігін;

 

– программалау жүйелерiнiң ерекшелiктерiн;



 

– құрылымдық,  модульдық,  объектiлi-бағдарлы  программалау 

ұғымдарын;

 

– макрос ұғымын;



 

– анимацияны жəне мультипликацияны ұйымдастыру негiздерiн;

 

– үйретуші,  бақылаушы,  ойын  программаларын  жасау 



принциптерiн;

 

– компьютердi  программамен  қамтамасыз  ету  ретi  мен 



ережелерiн;

 

– растрлық жəне векторлық графиканы өңдеу құралдарын;



 

– компьютерлiк презентация ұғымын;

 

– ақпараттық-логикалық модельдердi жасау технологиясын;



 

– пошталық программалармен жұмыс жасау принциптерін.



Нені меңгеру керек:

 

– компьютерге қолданбалы программалық жабдықты орнатуды;



 

– жоғарғы  деңгейдегі  программалаудың  кез  келген  ортасында 

символдық айнымалыларды өңдеуді программалау;

 

– офистік программалар ортасында түрлі ақпараттарды өңдеуді;



 

– макростармен жұмыс істеуді;

 

– арнайы программалық құралдар көмегiмен презентация жасай 



алуы;

 

– пошталық программалармен жұмыс жасауды.



11-сынып оқушылары:

Нені білу керек:

 

– компьютерге қолданбалы программалық жабдықтарды орнату 



реті мен ережесін;

 

– жоба ұғымын;



 

– кіріктірілген тілдер ортасының ұғымын;

 

– web-беттерін құру тұжырымдамасын;



 

– презентацияны құру ережесін;

 

– үлкен көлемдегі ақпараттарды өңдеуді ұйымдастыруды;



 

– жүйе ұғымын;




456

 

– эксперттік жүйелер ұғымын;



 

– жасанды интеллект жүйесінің ұғымын;

 

– ақпараттық-іздеу жүйесі ұғымын;



 

– Интернетте іздеу жүйесі ұғымын.



Нені меңгеру керек:

 

– есептің дұрыс қойылуын тануды;



 

– машиналық  графиктер  мен  дыбыстық  файлдар  объектiлерiн 

құра алуы;

 

– графикалық объектiлер мен олардың қозғалысын программа-



лай алуы;

 

– үйретуші, бақылаушы, ойын программаларын құра алуы;



 

– ақпараттарға  түзету  енгiзе  алуы,  шаблон  бойынша 

ақпараттарды iздестiре алуы, мəлiметтер базасындағы ақпараттарды 

iрiктей алуы;

 

– берiлген пəндiк облыста мəлiметтер базасын құру;



 

– ақпараттық-іздеу жүйелерімен жұмыс iстей алуы.

Жаратылыстану-математикалық  бағыттағы  жоғары  сыныптар 

оқушыларының  дайындық  деңгейіне  қойылатын  аталған  талаптар 

негізінде бұл пəннің мазмұны анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет