Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет28/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   364
2.1-суретИнформатика мұғалімінің əдістемелік құзырлылығы

Қазіргі  жағдайда  информатика  мұғалімінің  жалпымəдени 

құзырлылығы  мен  тұлғалық  əлеуетін  (əлеуметтік  мəдениетті 

əдіс)  дамыту  өзекті  мəселе  болып  отыр,  бұл  жағдайда  оның  іс-

əрекеті  тұлғаға-бағытталған  білім  беру  парадигмасын  (тұлғаға-

бағытталған əдіс) түсінуге негізделуі қажет. Кəсіптік қызметте АКТ-

ны  практикалық  қолдану  информатика  мұғалімінің  əдістемелік 

құзырлылығының  интегративті  құраушысы  ретінде  ақпараттық-

коммуникациялық құзырлылыққа бағытталған [27].

Əдістемелік құзырлылықтың қалыптасуы мен даму нəтижесі ин-

форматика  мұғалімінің  кəсіптік  қызметке  дайындығынан  көрінеді, 

оның  мазмұнын  жобалау,  ұйымдастыру  жəне  коммуникативтік  

біліктіліктерінің үш тобы арқылы анықтауға болады [2].

Информатика  мұғалімінің  жобалау  біліктілігі  білім  беру 

үдерісін  жобалауда  көрінеді  (білім  беру  алаңдарын  бөлу,  олардың 

кезеңмен  іске  асыру  тəсілдерін  негіздеу,  білім  беру  үдерісінің 

қатысушыларының іс-əрекеттері мазмұны мен түрлерін жоспарлау).

Информатика мұғалімінің ұйымдастыру біліктілігі тобына:

 

– мотивациялық біліктілік – оқушылардың информатикаға деген 




55

тұрақты қызығушылықтарын дамыту, оқу дағдыларын қалыптастыру 

жəне проблемалық жағдайларды туызып жəне оларды шешу арқылы 

жеке ақпараттық ортаны ұйымдастыру тəсілдеріне оқыту;

 

– ақпараттық-дидактикалық – білім  ақпараттық  ресурстар-



мен жұмыс істей білу, ақпарат алу жəне оны білім беру үдерісінің 

мақсаты мен міндеттеріне сəйкес қайта өңдеу; қазіргі заманғы оқыту 

əдістерін, түрлерін жəне құралдарын қолдану;

 

– дамытушы – əр түрлі оқу пəндерін оқытуда информатиканың 



əдістерін  жəне  АКТ  құралдарын  меңгеру  мен  қолдану  арқылы 

танымдық  тəуелсіздікке,  интеллектуальдық  жəне  шығармашылық 

қабілеттілікке ынталандыру; алгоритмдік жəне жүйелі ойлауды да-

мыту;


 

– кəсіпке  бейімдеушілік – еңбек  нарығында  талап  етілетін 

əртүрлі салада ақпараттық іс-əрекет тəжірибелерін жинақтау;

 

– рефлексивтік – мұғалімнің өзіне бағытталған, бақылау-бағалау 



іс-əрекетіне байланысты.

Информатика  мұғалімінің  коммуникативтік  біліктілігі  ақпа-

раттың  əр  түрлі  көздерін  пайдалану  арқылы  танымдық  жəне 

коммуникативтік есептерді шешу үдерісінде, информатика мен АКТ 

құралдарымен бірге іс-əрекет ету біліктіліктерінде көрінеді. 

Əдістемелік құзырлылықтың жоғарыда аталған құраушыларына 

ие  болу  информатика  мұғалімдерінің  информатиканы  оқытудың  

қазіргі заманғы түрлері мен əдістерін меңгерулеріне қажетті алдын 

ала жағдай туғызады.             



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет