Дидактикалық материалдар
1-тапсырма. Хабарлау жəне жүйелеу сабағының конспектісін
əзірлеңіз. Хабарлау жəне жүйелеу сабағының ерекшелігін ескеріңіз
жəне конспектіде сабақтың негізгі дидактикалық міндетін жүзеге
асырудың əдістемелік ерекшеліктерін көрсетіңіз: қоғамдық-
гуманитарлық бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы оқып
үйренуде мəні зор сұрақтарға қатысты оқушылардың теориялық
білімін, білігі мен дағдысын, танымдық əдістерді меңгеру деңгейін
анықтау жəне бағалау ерекшеліктерін талдаңыз.
Хабарлау жəне жүйелеу сабақтарының тақырыптары
а) семинар сабақ
№1. Информатика ғылым мен технология синтезі ретінде.
№2. Ақпараттық қоғам.
№3. «Ақпарат» ұғымының мəні.
№4. Геоақпараттық жүйелер.
ə) Мəселелік дискуссия сабақтары
№5. Информатиканың ғылымдар жүйесіндегі алатын орны мен
ғылымдардың əртүрлі жіктеулері.
№6. Информатиканың əлеуметтік аспектілері.
№7. Информатиканың тілдік аспектілері.
№8. Бизнесті қайта жоспарлау жəне ақпараттық технологиялар.
б) Шығармашылық тапсырмалар сабақтары
№9. Эксперттік жүйелер.
№10. Интернеттегі телеконференциялар.
№11. Əлеуметтік зерттеулерде мəліметтерді математикалық
өңдеудің ақпараттық технологиялары.
№12. Жоспарлау мен басқару салаларында мəліметтерді
математикалық өңдеудің ақпараттық технологиялары.
2-тапсырма. Бақылау жəне білім, біліктілік пен дағдыны түзету
сабағының конспектісін əзірлеңіз. Бақылау жəне білімді түзету
сабағының ерекшелігін ескеріңіз, яғни конспектіде келесі негізгі
кезеңдер сипатталуы керек: мұғалімнің тапсырманы түсіндіруі,
оқушылардың сұраққа жауап беруі, оқушылардың тапсырмаларды
орындауы жəне есеп тапсыруы.
484
Бақылау жəне түзету сабақтарының тақырыптары:
№1. Ақпаратты жүйелеу жəне құрылымдау.
№2. Паскаль программалау тілінің метасипаттамасы.
№3. Реляциялық мəліметтер қорын жобалау.
№4. МҚ-да мəліметтерді өңдеу үшін макростарды құру.
№5. «Есептер генераторы» режимінде МҚБЖ-мен жұмыс.
№6. Интернетте алшақтағы мəліметтер қорымен жұмыс.
№7. Электрондық пошта.
№8. Интернетте ақпаратты іздеу.
№9. Кестелік процессорлар көмегімен шамалар арасындағы
корреляциялық тəуелділікті зерттеу.
№10. Экстраполяция əдістерімен болжамдау есептерін шешу.
№11. ЖОО-АБЖ жүйесімен немесе оның элементтерімен жұмыс.
№12. Қарапайым геоақпараттық жүйемен жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |