4. Жасөспірімдік кезеңдегі «мен – тұжырымдамасының» даму ерекшелігі
«Мен – тұжырымдамасы» түсінігін XIX ғасыр соңында американдық философ жəне психолог У. Джеймс енгізген. «Мен
тұжырымдамасын» көрнекті психолог, гуманистік бағыттың өкілдері А. Маслоу, К. Роджерс жəне жаңа психоаналистикалық дəуірдің гуманисі Э. Эриксонның еңбектері арқылы «Мен – тұжырымдамасы» теория түрінде жəне қолданбалы дамыды.
Кеңестік психологияда «Мен – тұжырымдамасының» мəселесімен Б. Г. Ананьев, И. С. Кон, Д. А. Леонтьев, В. В. Сто- лин, А. А. Реан айналысты.
«Мен – тұжырымдамасы» Р. Бернстің «Мен – тұжырымдамасының дамуы жəне тəрбие» атты кітабында толық баяндалған (1986).
«Мен – тұжырымдамасы» ұғымы Қазіргі заман психологиясында «Мен – тұжырымдамасын» жеке тұлғаның өз-өзіне деген қарым-қатынасы жəне тұлға компентерінің бірі ретінде қарастырады. «Мен – тұжырымдамасы» ұғымы тұлғаның субъективті ішкі жағымен бірге, оның бірлігі мен тұтастығын көрсетеді, яғни жеке тұлғаның өзін қалай көретіндігін, сезінетіндігін, елестететіндігін жəне өзі туралы белгілі нəрселерді көрсете алады.
«Мен – тұжырымдамасы» өз-өзіне бағдарлардың жиынтығы. Көп жағдайда бағдар анықтамасында оның басты үш элементтері, жəне психологиялық құрауышы баса айтылады:
Мен бейнесі – жеке тұлғаның өз-өзі туралы түсінігі.
Өзін-өзі бағалау – сол түсінікке аффекті баға беру. Сол бағада неше түрлі қарқындылық бар, өйткені Мен – бейнесінен нақты қасиеттері азды-көпті күшті эмоция тудырады.
Потенциалдық тəртіп əсері, яғни белгілі бір іс-əрекеттер, Мен-бейнесі жəне өзін-өзі бағалау іс-əрекетін тудырады.
4 Тұлғаның өзін-өзі тану жəне өз-өзін бағалау затына соның ішінде, оның денесі, оның қабілеті, оның əлеуметтік қарым- қатынасы жəне де көптеген тұлғалық қасиеттері жатады.
«Мен – тұжырымдамасының» үш негізгі құрамына толығырақ тоқталайық.
«Мен – тұжырымдамасының» когнитивтік құрылымы Жалған əлде шын пікірге, əділ білімге сүйенгеніне қарамастан тұлғаның өзін-өзі суреттеуі өзіне сендірерлік. Мен – бейнесін қалыптастыруға апаратын өзін-өзі қабылдаудың айқын тəсілдері əртүрлі болуы мүмкін. Бір адамды суреттеу үшін қолданылатын абстракты мінездемелердің белгілі бір оқиға немесе жағдаймен байланысы жоқ. Тұлғаның жалпылама қорытылған бейнесінің элементтері ретінде олар, бір жағынан, оның қылықтарындағы тұрақты, қалыптасқан беталысты көрсетеді, ал, екінші жағынан, біздің қабылдауымызды таңдай білуіміз. Өз-өзімізді бейнелеу, суреттеу кезінде де осындай жағдай болып жатады: сөз арқылы біз өзіміздің əдеттегі өз-өзімізді қабылдауымыздың негізгі мінездемелерін айтуға тырысып жатамыз. Бұған неше түрлі рөлдік, мəртебелік тұлғаның психологиялық мінездемелері, мүлік суреттеу, өмірлік мақсаты жəне т.б. жатады. Осының барлығы «Мен» бейнесіне кіреді – кейбірі тұлға үшін маңыздылау болса, кейбіреуі үшін маңызы төменірек. Өз-өзін суреттеу элементтерінің мəнділігі жəне олардың лауазым сатысы өзгеріп тұрады. Бұл өзгерістер контекстке, тұлғаның өмірлік тəжірибесіне немесе жай бір сəт əсерлігіне байланысты болып тұрады. Өз-өзін суреттеудің бұл түрі – ол əр тұлғаның ерекшелігін суреттеу тəсілі.
«Мен – тұжырымдамасының» бағалау,жүйелілікқұрылымы Нұсқаның əсерлілік құрылымы адамда бағалау жəне эмо- ция тудырады, өйткені когнитивтік құрылым адамға парықсыз қабылданбайды. Бағалау жəне эмоцияның қарқындылығы кон-
текстке жəне де когнитивтік мазмұнына байланысты.
Өзін-өзі бағалауы тұрақсыз, өйткені ол əртүрлі жағдайға байланысты өзгеріп тұрады. Тұлғаның өзі туралы жан-жақты суреттеуін бағалаушы көзі оны қоршаған қоғамдық, мəдениетті орта болып табылады. Бұл ортада бағалық білімдері тіл мағынасында есепке алынады. Тұлғаның бағалау көзқарасын қалыптастыратын көзі, іс-əрекеттерге деген реакция жəне өздік бақылау болып табылады. Өз-өзін бағалау тəсілі тұлғаның өз-өзін сыйлау сезімінің даму деңгейін көрсетеді, жалпы құндылығын жəне «Мен» деген салаға жататын жағымды көзқарасының байла- нысын білдіреді. Өзінің құндылығын қалыптастыруға ұмтылатын тұлғаның өзін-өзі бағалауы оның саналы ой толғауынан байқалады. Бірақ ол жасырын əлде ашық түрінде кез келген өз-өзін
суреттеуінде кездеседі. Өз-өзіне баға беруді толық түсіндіретін маңызды үш фактор бар.
Біріншіден, оны қалыптастыруда нақты «Мен» – бейнесімен мінсіз «Мен» – бейнесін салыстыру маңызды рөл атқарады, яғни адамның қандай болғысы келетінін елестете отырып са- лыстыру. Шынайы мінездемелері адамның идеалды «Мен» – бейнесіне жақындаса түссе, онда оның өзін-өзі бағалауы жоғары болмақ. Егер берілген мінездемелермен өмірдегі шынайы жеткен жетістіктерін салыстыру кезінде үлкен арақашықтық сезімі, онда адамның өзін-өзі бағалау өлшемі төмен болмақ .
Өзін-өзі бағалаудың қалыптасуында екінші маңызды фактор – қоғамның осы адамға деген көзқарасы, реакциясы, басқа сөзбен айқанда, адам өзін-өзі бағалауда, басқалардың бағалауымен са- насады. Өзін-өзі бағалауды қалыптастырудың тағы да бір фак- торы, бұл факторда жеке тұлға өзінің іс-əрекетінің табысты бо- луын, табысқа, жетістікке қол жеткізуін сəйкестік призма арқылы бағалайды. Тұлға бір нəрсені жақсы істеп жатырмын деген ойдан емес, керісінше өзімнің белгілі бір ісімді таптым, таңдадым жəне де менен басқа ешкім оны мен сияқты істей алмайды деген ой қалыптасады.
Жағымды «Мен–тұжырымдамасы» өзіне деген көзқарас,өзін- өзі сыйлай білуге, өзін-өзі қабылдауды, өзінің жалқы құндылығын сезуге теңеледі; жағымсыз «Мен – тұжырымдамасының» синонимі ол – өзіне деген жағымсыз көзқарасы, өзін-өзі қабылдамауы, өзін- өзі кем (төмен) санауы.
«Мен – тұжырымдамасының» іс-əрекеттік компоненті Адамдар барлық жағдайда өз ықтиқатымен санасып, іс- əрекет жасамайтыны баршамызға белгілі ақиқат. Кез келген бағыттаушылық бір белгілі нысанамен байланысты болады.
«Мен – тұжырымдамасының» ерекшелігі мынада: объекті бо- лып сол бағыт иеленушісі саналады. Мен бейнесіне қатысты бағалаумен эмоциялар өте күшті əрі тұрақталған болып келеді. Басқа адамның сен туралы көзқарасына мəн бермеу оңай, өйткені неше түрлі психологиялық қорғаныс құралдары бар. Ал өз-өзіңе деген көзқарасыңа келсек, бұл жерде ешнəрсе көмектесе алмай- ды. Өйткені өзіңе деген көзқарасыңды ешкім өзгерте алмайды.
Міне, «Мен – тұжырымдамасының» түсінігі беріліп, оның құрылымдық компоненттері анықталды. «Мен
тұжырымдамасының» қалыптасуы тұлғаның жеке ерекшеліктерінің негізінде қаланады жəне де бір-бірімен үйірлік механизмінің əсерінен де болады.
Адамның психологиялық-əлеуметтік даму үдері, тұлғаның «Мен – тұжырымдамасының» қалыптасу кезеңдері Э. Эриксонның шығармашылық жұмыстарында толық ашылған.