Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24



бет69/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   146
Байланысты:
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ кітап (1)

Екіншіден, кейбір түсінілген мəліметтердің өзі бірден ұмытылады. Өйткені оқушының бұрыннан белгілі білім қоры
ешбір затпен байланыспай ассоциация жасамайды. Мұндай жағдайда оқушылар: «Бəрі де түсінікті болып еді, бірақ ұмытып қалдым», – дейді. Іс жүзінде қажетті мағлұматтарды есте сақтай алмайды.
Үшіншіден, оқушы сабақ барысында мұғалімнің айтқандарын тыңдап, қажетті əдебиетті оқып, бəрін түсініп, есіне сақтап, біраз уақыт өткенде əлі де есінде сақтағанымен, уақыт өте келе ол білімнің кейбір бөлігін ұмытады, бұл табиғи құбылыс (өте қажетті болған мəліметті іс жүзінде пайдаланбаған соң есте сақтау мүмкін емес). Сонымен ұмыту шығынның тағы бір каналы.
Төртіншіден, оқу əрекетіндегі ниет пен мақсат – алынған ғылыми білімдерді іс жүзінде пайдалана білуге үйрену бол- са («істегі білгірлік»), онда нəтижесі де солай болуға тиіс. Бұл білімді іс жүзінде пайдаланудағы нақты іскерлік. Ондай əрекет басталғанға дейін субъектінің қиялында жасалғандай көмескі болмай, қол жеткен нақты материалдық жағынан көрсететіндей болуы қажет. Дегенмен іс жүзінде мұндай жəйттер дəл солай бола бермейді: пайдалы болатын мəліметтердің шығыны осындай көріністен байқалады, яғни оқушы білімі бола тұра оны қолдана алмай қиналады. Ғылыми білімді іс жүзінде пайдалана білмеу де мақсатқа жетер жолда мəліметті жоғалту болып саналады.
Егер бұл шығын, тақырыптың, проблеманың негізгі мазмұнына емес, кейбір жеке бөліктеріне ғана тиісті болса, онда оқу мақсаты, негізінен, орындалады. Бірақ мақсатқа жетпеу де бо- луы мүмкін: білімдер есте қалады (оқылған, жатталған), ал олар- ды қолдану мүмкін емес, егер біреулерге қажет болса, тек қайта жаңғыртуға болады.
Сонымен, оқу əрекетінде мақсаттан нəтижеге қарай жылжығанда, оларды білумен бірге өмірде тəжірибе жүзінде пайдаланып, олардың қажеттігін үнемі есте сақтаған жөн. Сонда ғана оқу мақсаты жүзеге асып, тиісті нəтижеге айналды деп есеп- теуге болады.
Бастауыш сынып оқушылары 7-11 немесе 6-10 жас аралығындағы балалар. Осы жаста олардың жеке психологиялық, əлеуметтік адами қасиеттері қалыптасады жəне оларға тəн өзгешеліктер пайда болады. Біріншіден, олардың материалдық, қарым-қатынастық, эмоционалдық қажеттіліктерін отбасы қамтамасыз етеді. Олар ата-анасының қамқорлығында бола-
ды. Екіншіден, олардың əлеуметтік-танымдық қызығушылық, құмарлықтарын мектеп қалыптастырады, дамытады. Үшіншіден, ата-ана мектепке арқа сүйей отырып, сыртқы жағымсыз нəрселерден бастауыш сынып оқушыларын қорғай алады.
Кешегі мектеп жасына дейінгі бала бүгін мектепке келген- нен кейін бұрынғы еркіндіктен айырылады. Оларды мектеп тəртібіне шақырады. Сондықтан бостандықта болып, қалған бала тəртіпке бірден көндіге алмайды. Осыдан барып ересектер- мен түсініспеушілік пайда болады. Бастауыш мектеп жасындағы бала өз іс-əрекетін психологиялық тұрғыдан қайта құра бастай- ды. Бастауыш мектеп жасындағы бала бұрын ойынмен айналыс- са, енді оқумен айналысуына тура келеді. Оқу – ойынға қарағанда өте күрделі үдеріс. Оқуда танымдық, адами қасиеттер күрделене түседі. Сондықтан да іс-əрекетті психологиялық тұрғыдан қайта құру мына төмендегідей кезеңдерден өтеді:

  1. мектеп өміріне кіру;

  2. мектеп, сынып ұжымдары арқылы қарым-қатынастарды реттеу, ересектермен (ұстаздармен) қарым-қатынасты орнату;

  3. мектептің ішкі тəртіп ережесіне бағыну, оны қабылдау, орындау.

Осы үш кезеңнен сүрінбей өту, ішкі тəртіпті дұрыс қабылдау бастауыш мектеп оқушыларының ұжымға мүше болып кіріп кетуіне мүмкіндік береді.
Дегенмен, мектеп өміріне үйренудің өзіндік қиындықтары да бар. Бірінші қиындық – баланың уақытында ұйқыдан ояна алма- уы, мектепке керекті оқу құралдарын мезгілінде жинай алмауы, сабақта тəртіп сақтап тыныш отыру, мұғалімнің айтқандарын бұлжытпай орындау, үй тапсырмасын, қоғамдық тапсырмаларды орындау тағы басқалар бастауыш сынып оқушыларына қиынға соғады. Бастауыш сынып оқушылары алғашқы кездері осыған көндіге алмайды. Себебі, бала оған психологиялық тұрғыдан дайын емес. Күн тəртібін реттеп, оған біртіндеп бейімделгенше, баланың оқу іс-əрекетіне деген мотивациясы туралы айтудың өзі ертерек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет