Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24


Жеткіншектердің құрдастарымен достық қарым- қатынасы жəне оған қойылатын талаптары



бет80/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   146
Байланысты:
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ кітап (1)

6. Жеткіншектердің құрдастарымен достық қарым- қатынасы жəне оған қойылатын талаптары


Адам əлеуметтің ажырамас бөлігі болғандықтан, оның өмірін жəне дамуын адамдардың қарым-қатынасынсыз елестету мүмкін емес. Адамның қоғамның мүшесі ретінде басқа адамдармен өзара қатынасында, қарым-қатынастың ерекше түрі адамның əлеуметтік қатынастары жүзеге асады.


Жеткіншектердің үлкендердің қамқорлығынан бас тар- туы, оларды өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауына итермелейді. Əркімнің өзінің алға қойған мақсат, тілегі, ішкі сыры болады, сол жөнінде тек ең жақын досымен бөліскенді ұнатады. Туысқандарынан гөрі жеткіншектің мұңын, уайымын өз құрдастары ғана түсіне алады, себебі бұлар да туғандарымен келіспеушілікті басынан өткізген.
Жеткіншектің өз құрдастарымен қарым-қатынасы əртүрлі дəрежеде болды. Сыныптағы бір баламен тек достық қатынаста
болса, өзгесімен жолдастық қатынаста болады. Бір-екі бала достық қатынаста бола алады. Мұндай топты əлеумет психология- сында микротоп деп атайды. Микротопты анықтау үшін мысалы, екі бала əңгімелесіп тұрғанда қасына үшінші бала келсе, əңгімесін үзіп өзге əңгімеге көшеді. Себебі келген үшінші балаға айтылмай- тын сырлары бар. Достық қатынас дегеннің өзі екіжақты үдеріс; жеткіншек кім болса сонымен дос бола алмайды. Достық қарым- қатынас екінші адамның қабылдауынан болады. Ал егер құрбысы дос болуға даяр болмаса, онда дос болғысы келетін жеткіншек сол мақсатқа жету үшін барлық əрекетті жасайды.
Жеткіншек өзіне дос таңдау үшін өзіне əртүрлі талаптар қояды. Мысалы, өзінің досыныңмынандайсапаларына ерекшемəн береді; шынымен досболуға деген ниеті қандай, қиыншылықжағдайдаоны тастап кетпейді ме? Сонымен бірге жеткіншектер арасында бедел- дісі болады, яғни екі бала арасындағы ренішті шешуші орбитр рөлін атқарушы. Əлеумет психологиясында мұндай баланы лидер деп атайды. Ұйымдастырушылық қабілеті бар жасөспірімдерді көбіне сынып жетекшілері староста етіп тағайындайды. Бірақ жақсы оқитын жеткіншектердің бəрі бірдей беделді бола бермейді. Осының нəтижесінде бір сыныпта формальдық жəне формальдық түрде бекітілген лидерлер кездеседі. Кей жағдайда формалдық түрде бекітілмеген көсемдерді тыңдайды. Сынып басшыларын беделі төмен жеткіншектен сайлау, коллективтік қасиеттерінің қалыптасуына кедергі жасайды. Сондықтан мұндай жағдайды да ескеру керек. Жеткіншектер, сонымен қатар моральдық кодекс дегенді ересек адамдарға қарағанда басқаша түсінеді. Олардың түсінігінше егер дос болып жүрген баласы сатып кетсе немесе жақсы баға алу үшін мұғалімдерге жағынатын əдеттерді де жек көреді. Жасөспірім өзінің досының көпшілікке ұнамды болғанын, адамгершілігінің мол жəне айтқан сөзіне тұрып, өзгелерге қиянат жасамауын қалайды. Көбіне жеткіншек өзіне осындай талаптар- ды басшылыққа алады. Олар өздерінің көздеген мақсатын доста- рымен бірлесе отырып шешіп, игілігін бірге көргенді ұнатады. Мұндай достық қатынас олардың қарым-қатынасының тым жақын екендігін көрсетеді. Т. В. Драгунова жеткіншектің құрбыларымен достық қасиетін зерттеп, өз құрдастарымен достық қарым- қатынаста болуы, оның тəрбиеленуіне əсер ететтін фактор.
Жеткіншектің өзін бағалай алуы қаншалықты дұрыс деп
қарайтын болсақ, ол əртүрлі. Өзінің мүмкіншілігін объективті түрде бағалай алатындар мақтаншақ келеді. Бірақ бұл қасиет бірте-бірте жойылып, жеткіншек өзін объективті түрде бағалауға үйренеді. Құрбыларымен əңгімелескенде қандай мінез-құлықтың жағымды, не жағымсыз екені туралы пікір негізгі түрткі бо- лады. Сөйтіп өзінің мүмкіншілігін дұрыс бағалауға үйренеді. Жеткіншек өзінің есею мақсатында есейген адамның мінез- құлқы қандай болуы керек осы мəселе көп ойландырады. Со- нымен қатар, жасөспірім келешектегі қиыншылықты жеңуге өзін даярлайды жəне есеюді мынандай екі мағында түсінеді. Біріншіден, ірі қайраткер болсам дейді. Есейіп азамат қатарына жету дегенде физикалық күшінің толысқанын, яғни шыдамды болуын айтады. Екіншіден, тобы есею деген сөздің мағынасын фантастикалық шығарамаларды оқып, сондағы ғылым мен техни- ка ғажайыптарына ие болсам деп армандайды. Яғни бұлар есеюді техниканың жетістігімен танысу деп түсінеді.
Жеткіншек жасындағы қыз балалардың есеюге деген көзқарасы өзгеше болып келеді. Олардың көпшілігі өнерге көңіл бөліп, яғни биге, музыка аспаптарында ойнап, өздерін көпшілік алдында көрсете алса, осыны есеюдің белгісі деп ойлайды. Эстетикалық талғамын дамытып, өнер саласында қабілетін ұлғайтуға ұмтылады. Ұлдарға қарағанда қыз балалардың есеюді былайша түсінуі екі жыныс арасындағы ерекшелікті білдіреді. Ересектердің ісіне еліктеп, азаматтық əрекеттерге ұмтылуы жасөспірімнің психикалық дамуына əсер етіп, өмірге дайындығына өз ықпалын тигізеді. Бір жағынан қоғамдық өмірге энтузиазммен кірісіп кетсе, бір жағынан жалғыздыққа ұмтылады. Олардың жандары өте нəзік болып келетініне қарамай, өздерін қоршаған адамдармен дөрекі ұстауы мүмкін. Олардың көңіл-күйі жарқын оптимизммен түнерген пессимизмнің ортасында тербеліп
жүреді. (Фрейд А., 1993).
Көңілдерінің əркелкі болуы жасөспірімдерді жиі депрессияға ұшыратып отырады. Жастардың өз күшіне сенуі олардың шамасы келмейтін жұмыстарды өз мойындарына алдырады. Ал кей кез- дерде өз-өзіне сенбеушілік олардың да жүректерін қинайды.
Өзгелерге сын көзбен қарау. Бұл жаста жасөспірімдер үлкендердің жіберген қателіктерін көрсетіп, олардың əділетсіздіктерін теріп отырады. Олар мұғалімдерге, қоршаған
адамдарға үлкен сынмен қарайды. Сонымен қатар, мұғалімдердің, адамдардың оларға қандай көзбен қарауы жасөспірімдерді өте қобалжытады. Сол үшін олар өздері туралы кімнің не ойлайтынын білу үшін дөрекі мінездер көрсетіп, өздері туралы мінездемелерді адамдардан жинайды. (Поливанова К.Н., 2000).
Сана сезімнің өсуі жасөспірімді өзінің сыртқы пішініне, ішкі дүниесіне сын көзбен қарауды тудырады. Жасөспірім өзінің жігерін дамытуға көп көңіл бөледі. Ол үлкендердің оның ақылын, талабын бағалағанына өте сезімталдықпен қарайды. Бұл өсу кезінде əсіресе, қыздар көріксіз болып кетеді. Сол себепті осы жастағы жасөспірімдер өздеріне айтылған сындарды көтере ал- мауы мүмкін. Айтылған сынға олар ожарлануы, қатты сөз ай- туы немесе жылауы мүмкін, не қайғырып өзін өзгелерден кем санап «ашылмай» ұялшақ болып қалуы мүмкін. Жасөспірімнің эмоционалдық депрессияда болуының бір себебі олардың эротикалық ойларының болуы. Ол өзінің ойларынан ұялып, қысылса да еріксіз сол ойларға беріледі. Осы ойлардан көңілін алып кете алмаған ол өзін дəрменсіз сезінеді. Жасөспірім өзінің қайғыларын туған-туыстарынан мүлдем жасырады. Егер білдіріп қойсам туғандарым қайғыруымның себебін сұрап мазамды алады деп ойлайды. (Ермолаева М. В., 2000)
Жеткіншектермен жұмыс жасағанда олардың сезімін оңай білдіруіне, батыл контакт жасауына бағдар жасау өте маңызды, кейбір психологтар мұны «өзін-өзі еркін сезіну» деп атайды. Өзін- өзі еркін сезінуіне қарама-қарсылық жасау оның əрқашан ішкі күйзелісіне, өз эмоцияларын білдірмеуге, қымсыну, сəтсіздіктерді күтуіне ықпалын тигізеді.
Өзін еркін сезіну өзінің психологиялық сəттіліктері тура- лы ойлауын, құрдастарының іс-əрекеті мен сөздеріне көңіл бөлмеуіне адекватты шеберлігін, олардың мінез-құлқындағы кейбір тұстарын айту, партнеріне өз сезімін жеткізе білу жəне оған өзіңіздің уайымыңызды түсінуіне шанс беру туралы болжам жасайды. Басқа адамның іс-əрекетін білгіңіз келсе, оның жанын түсініп, қайғысын сезінуіңіз керек жəне сол жағдаятқа өзіңізді қоя білуіңіз керек. Басқаша айтқанда, өзге адамның мінез-құлқын ал- дын ала болжау, мүмкін оның рөлін түсіну жолымен ғана жетуге болады.
Батыл мінез-құлық мəселесі жасөспірім үшін өте маңызды
жəне жеткіншектік жастың жетекшісі, құрдастарымен қарым- қатынас жасау қажеттілігі. Батыл мінез-құлық дағдылары бар жас- тар, күрделі коммуникациялық жағдаяттарға тез бейімделе алады, арандатушы жəне жанына тиетін сөздерді дұрыс қабылдайды. Адамдарды өзіне тарта біледі жəне басқа адамдарға қолдау жа- сайтын қабілеті бар.
Құрдастарымен принциптері тең дəрежеде болатындықтан, қарым-қатынастың бұл саласы жеткіншек үшін ерекше; мұндай жағдай жеткіншекте ересекпін деп сезінудің этикалық мазмұнына сай келеді. Жеткіншектік жастың бастапқы кезінде болатын дамудағы өзіндік ілгері басушылықтар нəтижесінде жеткіншектерде жаңа қажетсінулер, ұмтылыстар, күйініш- сүйініштер, ересектермен жəне жолдастарымен қарым- қатынастарда қойылатын талаптар барынша ұқсас болады. Жеткіншекте ересектерге қарағанда, құрдастарына неғұрлым түсінікті əрі жақын құндылықтар қалыптасады.
Жолдастарымен қарым-қатынас жеткіншек үшін ерекше құнды. Бұл қарым-қатынастың маңыздылығы соншалық ата-ана- сы, туған-туыстарымен қатынасының арасы алшақтай бастайды. Жеткіншек үшін құрдастарымен қарым-қатынасы оның жеке басының қарым-қатынастар сферасы болып сараланып, мұнда ол дербес іс-əрекет етеді. Ол бұған құқылы екенін біліп, өзінің құқығын қорғайды. Сол себептен де ересектердің бұл салаға ара- ласуын жəбір санап, қарсы шығады.
Жеткіншекте бір жағынан, құрдастарымен қарым-қатынас, бірлесіп іс-əрекет жасауға ұмтылу, коллективте өмір сүргісі келіп, жақын жолдас, дос табуға ұмтылу өте айқын көрінеді. Ал екінші жағынан, құрдастарының арасында қабылданып, танылуға олардың өзін сыйлауына ұмтылу одан кем түспейді. Бұл аса маңызды қажеттілік болып табылады. Сыныптастарымен қарым- қатынастағы қолайсыздықтар, досының болмауы, достарының бұдан бас тартуы барынша күйзелтіп, баланың жеке басының драмасы деп қабылданады. Жеткіншек үшін ең қолайсыз жағдай

  • коллективтің, жолдастарының оны шындап кінəлауы, онымен қарым-қатынас жасағысы келмеуі болады. Өзінің жалғыздығын сезіну ауыр жағдай. Сыныптастарымен қарым-қатынасының қолайсыздығы оны өз мектебінен басқа жерден дос іздеуге итермелейді. Əдетте, өздеріне дос тапқанымен, бұлар жақсы бо-

лып шыға бермейді. Мұндай фактілердің күйінішті зардаптары болатын жағдайлары көп кездеседі.
Кішкентай жеткіншек – жеке басының қасиеттері жағынан қоғамшыл. Балаларға өмір мен іс-əрекеттің коллективтік əдістері ұнайды, олар қоғамдық жұмыстарға ұмтылып, жақсы көреді. Бұл жұмыстар жеткіншектердің қарым-қатынасы үшін мазмұнды негіз жасап, инициатива, белсенділік, дербестік білдіруге мүмкіндік береді.
Жеткіншектердің өзара жəне топтасқан қарым-қатынастары көбіне, ересектермен қарым-қатынастарына тəуелсіз, ықпалда- рына қарсы қалыптасады. Бұл қарым-қатынастардың өз мазмұны мен даму логикасы болады. Жеткіншектердің коллективтегі ала- тын орны мынадай қасиеттерге бөлінеді: досы мен жолдасының қасиеттері, зеректігі мен білімділігі, батылдығы, өзін-өзі ұстай білуі неғұрлым маңызды. Жеткіншектер тек танымал болып қана қоймай, олардың ризашылығы мен құрметіне бөлену үшін ең алды- мен жақсы жолдасы болу керек. Осыған байланысты жеткеншіктер тобында бұрын танымал болған балалар арасында өзгерістер бо- лады. Біріншіден, бұрынғы беделділері кетіп, олардың орнына жаңалары шығады. Екіншіден, класс активінің неғұрлым сыйлы əрі беделді жеткіншектер тобы болмауы жиі байқалады. Өйткені, көптеген мұғалімдердің активті құрғанда олардың жолдастық қасиеттерін ескермей, үлгерімі жақсы жəне тəртіпті балаларды алатыны жиі кездеседі. Тағы бір себебі, мұғалімде басқарудың авторитарлық деп аталатын стилінің сақталуы жəне актив- те де кластастарымен қарым-қатынастың осындай əдістерінің тəрбиеленуі. Жеткіншектер мұны қабылдамайды, өйткені ере- сектер мен құрдастарының қатынастарынан адамшылық қадір- қасиет пен жеке басты құрметтеуді талап етеді. Бұл олар үшін негізгі талаптардың бірі, жолдастық кодексінің өзегі болып табы- лады. Оның нормалары əртүрлі негіздерін; ересектерден, кітаптар мен кинофильмдерден қабылданады.
Жеткіншектердің жолдастық кодексінің ең маңызды нор- малары – қадір-қасиетті сыйлау, теңдік, шын берілгендік, жол- дасына көмектесу, адалдық. Жеткіншектердің ортасында өз жолдасына, тобына қатысты іс-əрекеттері нормаға сай келетін болса бағаланады. Сондықтан жеткіншектер жолдасына, тобы- на «опасыздықты», уəде бұзуды, өзімшілдік пен сараңдықты,
бірінші болсам, басқарсам деген ниеттерді, менменсіп, өзін- өзі дəріптеуді, сөзімен күш көрсетіп, айламен, көзінше немесе сыртынан, тікелей не жанамалап болсын жолдасының қадірін түсіруді бірауыздан айыптайды. Мұндай қылықтар қақтығыстар, жанжалдар туғызады. Жолдасының өзін-өзі сыйлауы, өз пікірі болмауы, өзінің айтқанынан қайтпай жəбірлеушіге қарсыласа алмауы да айыпталады. «Жағымпаздарды» мүлде жек көреді. Жеткіншекте қалыптасатын этикалық мұраттың негізгі болатын, осы айтылғандарға қарама-қарсы қасиеттер. Жолдастарының қарым-қатынастағы қасиеттеріне осы тұрғыдан талап қояды.
Жеткіншектердің жолдастық кодексінің моральдық-этикалық мазмұнының, ересектердің осындай қарым-қатынасының қағидаларымен үйлесуінің арқасында, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас, жеткіншектің əлеуметтік-моральдық ересектігінің айрықша мектебі болады. Бұл қарым-қатынас коллективтегі ересектер моралының қағидаларына негізделген əлеуметтік қарым-қатынастың жаңа əдістерін меңгеру практикасы. Осы жолдастарымен қарым-қатынас практикасында бұл мораль ең алдымен игеріледі. Құрдастарының ескертулері, наразылықтары мен өкпелері, оны бұлардың себептері жайлы ойлантады, өзіне назарын аудартады, өз кемшіліктерін көріп, білуіне көмектеседі. Жеткіншек жаста қатынас үшін өте маңызды ерекшелік- құрдастарының талаптарын бағдарлай, оларды есепке ала білу дамиды. Бұл қарым-қатынас үшін қажет. Мұндай қасиеттің бол- мауын есейген жеткіншектер инфантілдік деп бағалайды.
Қарым-қатынастың жақсы болмауына өзін-өзі асыра бағалау себеп болады. Сол себептен жеткіншек құрдастарының айтқан сыны мен талаптарына мəн береді. Қарым-қатынастың жақсы болуына жолдастары бағалайтын қасиеттер жөнінен өзін-өзі лайықты немесе өзін төмен бағалау қолайлы жағдай жасайды.
Оқшау жүретін жеткіншектердің бойында жағымсыз ерекшеліктер болуы мүмкін жəне оларға тəн кемшілік, жақсы дос болу қасиетінің жоқтығы.
Жеткіншектер риза болып сыйлайтын басшы құрдастар, іскерлік қарым-қатынаста ұқсас қасиеттері бар екенін көрсетеді: олар екінші басшы құрдасына командирге бағына біледі, өз міндеттерін үлгілі атқарады, ортақ табысқа жетуге жанын сала- ды, басқалар үшін қиын не жағымсыз жұмысқа бірінші болып
кіріседі, жолдастарына құрметпен, сабырлылықпен қарайды. Жол- дасын сыйлай білу – жеткіншектермен іскерлік қарым-қатынас үшін қажетті қасиет. Жеткіншектерді іскерлік қатынастарда мінез-құлықтың дұрыс формаларына баулу мұғалім жұмысының маңызды міндеті болуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет